Сабақ 3 сабақ Сабақтың тақырыбы Зат есімнің түрленуі Сілтеме


- сынып. Мұғалім: Балқыбекова Ш.Ж



бет3/5
Дата24.07.2017
өлшемі0,6 Mb.
#21917
түріСабақ
1   2   3   4   5

7- сынып. Мұғалім: Балқыбекова Ш.Ж.




Күні

Сабақ сабақ

Сабақтың тақырыбы


Етістіктің шақтары туралы түсінік

Сілтеме

7-сынып Қазақ тілі

Жалпы мақсаты

Етістік,оның шақтары туралы білімдерін кеңейту,жақтық мағынаны білдіретінетістіктердің морфологиялық құрылымын меңгерту

Күтілетін нәтижелер

Етістіктің шақтарын біледі, талдай алады.

Сабақ түрі

Аралас сабақ


Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Топтастыру стратегиясы (кластер қорғату) Блум таксономиясы

АКТ пайдалану. Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс;




Керекті жабдықтар

Интербелсенді тақта, суреттер, , постер, маркер, стикер т.б.




Сабақ барысы: Блум таксономиясына сәйкес тапсырманың деңгейі

Блум таксономиясына сәйкес тапсырманың деңгейі







Оқу тапсырмалары

Білу (Кім? Не? Қашан? Қайда? Не істеді?)

5 минут

Етістіктің шақтары дегенді қалай түсінесің?

Етістіктің шақтары қалай жасалады?

Шақтың қандай түрлері бар?

Осы шақ дегеніміз не?Оның қандай түрлері бар?

Келер шақ дегеніміз не? Оның қандай түрлері бар?

Өткен шақ дегеніміз не?Өткен шақ мағынасы мен жасалу жолдарына қарай нешеге бөлінеді.



Түсіну (Неге? Неліктен? Не үшін?)


6 минут

Кестедегі берілген ереже мен мысал етістіктің қай шақтарына сәйкес екенін айт.


Шақ

категориясы



Үнемі қайталанатын дағдыға айналған іс-қимыл,сөйлеп тұрған кезде болып жатқан қимыл іс-әрекет

Жас ұлан кітап оқып отыр.

Сөйлеп турған сәттен бұрын болып кеткен қимыл іс-әрекет.

Азамат домбыра тартты.

Сөйлеп тұрған кезде әлі болмаған,бірақ кейін болуға тиіс іс-әрекет.

Ол мектепке ерте бармақ.

Қолдану

(Оқулықта берілген жаттығу бойынша жұмыс жасау)



6 минут

Оқулықпен жұмыс.

1 топ: Нақ осы шақтың жалаң түрі отыр,тұр,жатыр,жүр деген етістіктерді жікте.III жақтың жіктелу ерекшелігін айт.

2 топ:Етістіктің болымды:болымсыз түрінен жасалған болжалды келер шақта жікте.

3 топ:Жедел өткен шақ етістіктің түбіріне –ды,-ді,-ты,-ті жұрнағын қосу арқылы жікте.Үшінші жақтың ерекшелігін айт.



Талдау (Салыстыр айырмашылығы неде?)


  1. минут

Морфологиялық сатылай кешенді талдау.

1.Тілін білмеген,түбін білмейді(Ғ.Мүсірепов).

Білмейді. Етістік.Қайтеді?Дара.Болымсыз.

Сабақты.Ауыспалы келер шақ.Сөйлемдегі қызметі-баяндауыш.

2.Желтоқсан құрбандарының есімі мәңгі жадымызда сақталады.

Сақталады.Етістік.Қайтеді?Дара.Болымды.Салт.Ауыспалы келер шақ.








Етістіктің шақтары бойынша алған біліміңді жинақта.

Жинақтау (Алынған ақпарат негізінде қорытынды жасау, жүйелеу)

10 минут

Төмендегі берілген етістіктен етістіктің үш шақ түрін жаса.

Етістік шақтарының жасалуы.

Шақтық мағынаны білдіретін етістіктер үш жақтың бірінде жіктеліп келеді.

Жіктік жалғау күрделі етістіктердің құрамында көмекші етістікке жалғанады.

Етістіктің шақтары есімше,көсемше тұлғалары мен етістік түбіріне –ды,-ді,-ты,-ті,-мақ,-бақ,-пақ,-мек,-бек,-пек жұрнақтары арқылы жасалады.

Бағалау (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? Өз ойыңыз?)

Кері байланыс

Үй тапсырмасы


10 минут

Етістіктің шақ түрлеріне байланысты етістіктерді қатыстырып шағын мәтін жазу.

Смайликтер арқылы

Сабақты жақсы түсіндің бе ?

Топта неше рет жауап бердің ?

Сабақта қандай қиыншылықтар болды ?

Сабақтағы көңіл күйім?




7- сынып. Мұғалім: Балқыбекова Ш.Ж.




Күні

Сабақ сабақ

Сабақтың тақырыбы


Етістіктің райлары

Сілтеме

7-сынып Қазақ тілі

Жалпы мақсаты

Етістіктің рай категориясының түрленуін меңгерту.Рай категориясының түрлерін орнымен қолдана алу,ажырата білу.

Күтілетін нәтижелер

Етістіктің райларын біледі, талдай алады.

Сабақ түрі

Аралас сабақ


Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Топтастыру стратегиясы (кластер қорғату) Блум таксономиясы

АКТ пайдалану. Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс;




Керекті жабдықтар

Интербелсенді тақта, суреттер, , постер, маркер, стикер т.б.


Сабақ барысы: Блум таксономиясына сәйкес тапсырманың деңгейі

Блум таксономиясына сәйкес тапсырманың деңгейі







Оқу тапсырмалары

Білу (Кім? Не? Қашан? Қайда? Не істеді?)

5 минут

Етістіктің райлары дегеніміз не?

Етістіктің райларының қандай түрлері бар?

Ашық рай нені білдіреді және қалай жасалады?

Бұйрық райдың жіктелу ерекшеліктері қандай?

Шартты райдың мағыналары,қандай және қалай жасалады?

Қалау рай дегеніміз не?

Қалау рай қандай жолдармен жасалады.


Түсіну (Неге? Неліктен? Не үшін?)


6 минут

Берілген кестеге етістіктің райлары туралы түсінігіңді жаз.



Рай категориясы

Сөйлеушінің сөзі арқылы қимылдың шындыққа қатысын,айтушының пікірін,көзқарасын білдіріп,белгілі бір грамматикалық тұлғалар арқылы жасалатын етістік түрі рай категориясы деп аталады. «Рай» деген сөз беталыс,бағыт,,жөні деген сөздерге мәні жуықтайды.

Ашық рай

Үш шақтың бірінде қолданылып,сөйлеушінің шындыққа қатысын баяндайтын етістік түрі.

Бұйрық рай

Бір жаққа (көбінесе II жаққа) қаратылып қимылдың,іс-әректтің орындалуын талап ету мағынасын білдіретін етістіктің рай түрі.

Шартты рай

Қимылдың,іс-әрекеттің болу-болмау мүмкіндігінің шартын білдіріп,-са,-се жұрнақтары арқылы етістіктің рай түрі.

Қалау рай

Іс иесінің қимылды,іс-әрекетті қалауын,соған ынтасын,ниетін білдіреді де,-ғы,-гі,-қы,-кі+кел;-са,-се+игі еді;-ғай,-гей,-қай,-кей жұрнақтары арқылы жасалады.

Қолдану

(Оқулықта берілген жаттығу бойынша жұмыс жасау)



6 минут

1.Ашық райлы етістіктерді қатыстырып сөйлем құра.Айтты,оқытты,тыңдар,жазып отырмыз,барған,жазған.

Үлгі:Атасы өсиет айтты.Ол ертегіні қызыға оқыпты.Барлық әңгімеге құлақ сала тыңдар еді.Біз қызықты әңгіме жазып отырмыз.Ол атасының ауылына ерте барған.Абай көп өлеңдер жазған.

2.Ашық райлы етістіктер қай шақта тұр?

Отанын сүйетін азамат.Әркім өз ойымен отыр.Түнделетіп келе жатты.

ҮлгіОтанын сүйетін-ауыспалы өткен шақ.Ойымен отыр-нақ осы шақ.Келе жатты-ауыспалы осы шақ.

3.Шартты райға байланысты мысал келтір.

Үлгі:Өлең айтса керек.Оның оқуы ертерек бітсе керек.



Талдау (Салыстыр айырмашылығы неде?)


  1. минут

Венн диаграммасы арқылы қалау рай мен ашық райды,бұйрық рай мен шартты райды салыстыру.

Қалау рай

Ортақ белгісі

Ашық рай

1.Негізгі не туынды,болымсыз етістік тұлғасына-ға,-гі, шартты рай тұлғасы –са,-се,игі еді,-ғай,-гей жұрнақтары арқылы жасалады.

Екеуі де етістікке тән,етістік райлары.


1.Үш шақтың бірінде қолданып,сөйлеушінің шындыққа қатысты баяндауы














Бұйрық рай

Ортақ белгісі

Шартты рай

1.Іс-әрекеттің орындалуын талап ету мағынасын білдіреді.

2.Көбінесе II жаққа қаратып айтылады.



Екеуі де етістікке тән,етістік райлары.

1.Қимылдың іс-әрекеттің болу-болмау мүмкіндігінің шартын білдіреді.

2. –са,-се жұрнақтары арқылы жасалады.








Етістіктің райлары бойынша алған біліміңді жинақта.




10


Жинақтау (Алынған ақпарат негізінде қорытынды жасау, жүйелеу)

10 минут

Мақал-мәтелдер мен жұмбақтардан етістіктің рай түрлерін тап.

I


Мақал-мәтел

Жұмбақ

1.Түстік өмірің болса,

Кештік мал жина.

2.Хан уәзірі білгіш болса,

Қара жерден кеме жүргізер.

3.Адамды түсіне қарап таныма,

Ісіне қарап таны.

4.Ат арыса-тулақ,

Ер арыса-әруақ.

5.Балапан ұяда не көрсе,

Ұшқанда соны іледі.

6.уайым түбі теңіз,

Батасың да кетесің,

Тәуекел түбі жел қайық,

Мінесін де өтесің.

7.Не ексең,соны орасын.

8.Мезгілі жетсе,мұз ерір.



1.Ти десе тимейді,

Тиме десе тиеді. (Ерін)

2.Қарап тұрсаң өзіне

Сурет түсер көзіңе

Ол суретің ұқсайды

Дәл қазіргі өзіңе. (Айна)

3.Белі бүкір,алысқа түкір(.Мылтық)

4.Қызыл түлкі шық десе, Інінен шықпайды.(тіл)



Бағалау (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? Өз ойыңыз?)


Кері байланыс

Үй тапсырмасы


10 минут

«Топтастыру» стратегиясы бойынша етістіктің райларын сызба арқылы көрсет.
Ашық рай




Етістіктің райлары.




Қалау рай

Бұйрық рай



Шартты рай

Кері байланыс орнату . Кесте толтырту

Не білдім?,не білгім келеді ?, мұғалімге ұсыныстар.






10

7- сынып. Мұғалім: Балқыбекова Ш.Ж.




Күні

Сабақ сабақ

Сабақтың тақырыбы

Сөздердің байланысу тәсілдері

Сілтеме

7-сынып Қазақ тілі

Жалпы мақсаты

Сөз тіркесіне байланысты оқушылардың білімдерін тиянақтап нығайту.Теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру.Сөздердің байланысу тәсілдерін сызба арқылы түсіндіру.

Күтілетін нәтижелер

Етістіктің байланысу тәсілдерін біледі, ажырата алады.

Сабақ түрі

Аралас сабақ


Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Топтастыру стратегиясы (кластер қорғату) Блум таксономиясы

АКТ пайдалану. Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс;




Керекті жабдықтар

Интербелсенді тақта, суреттер, , постер, маркер, стикер т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет