Сабақ 3 сабақ Сабақтың тақырыбы Зат есімнің түрленуі Сілтеме



бет1/5
Дата24.07.2017
өлшемі0,6 Mb.
#21917
түріСабақ
  1   2   3   4   5
7- сынып. Мұғалім: Балқыбекова Ш.Ж.




Күні

Сабақ 3 сабақ

Сабақтың тақырыбы

Зат есімнің түрленуі



Сілтеме

7-сынып Қазақ тілі

Жалпы мақсаты

Зат есімнің түрлену жолдарын меңгерту, грамматикалық мағыналарды қызметіне сәйкес айыры білу.

Күтілетін нәтижелер

Зат есімнің түрлену жолдарын меңгеріп, грамматикалық мағыналарды қызметіне сәйкес айыра біледі.

Сабақ түрі

Аралас сабақ


Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары: «Даналық ағашы», «Ойлаудың алты қалпағы»

−Жеке, жұппен, топпен жұмыс;

−Ой қозғау;

−Диалогтік оқыту;




Керекті жабдықтар

Интербелсенді тақта, суреттер, , постер, маркер, стикер т.б.




Сабақ барысы: Блум таксономиясына сәйкес тапсырманың деңгейі

Сабақ кезеңдері

Уақыт

Мұғалім әрекеті

 Оқушы әрекеті

Модульдер көрінісі

Топқа бөліну


3минут

Амандасу.Сыныпты түгендеу.Жеребе тастау арқылы топқа бөлу.

.Таңдап алынған қағаздары бойынша

оқушылар «достық», «шаттық», «бақыт» топтарына бөлінеді



Оқытудағы жаңа-әдіс тәсілдер.



2 минут

Оқушыларға смайликтер таратылады

Оқушылар көңіл-күй борометрін смайликтер жапсыру арқылы толтырады .Сабақ алдындағы көңілдерін білдіреді.




Білу (Кім? Не? Қашан? Қайда? Не істеді?)

3 минут

Зат есімнің түрленуі дегенді қалай түсенесіңдер? Зат есімнің көптелу ерекшеліктері.




АКТ,Сын тұрғысынан ойлау.

Түсіну (Неге? Неліктен? Не үшін?)

Сергіту сәті




10 минут

1 топ. Зат есімнің көптік мағынасын білдіретін – лар,-лер,-дар,-дер,- тар, -тер қосымшалары қандай дыбыстардан кейін жалғанатынын түсіндір. Олардың әрбіріне мысал тауып жаз.

2 топ. Атау тұлғада тұрып, көптік мағынны білдіретін қандай сөздерді білесіңдер?Мысал келтір. Үлгі: Көз, аяқ, шөп, қазақ, су, шаш, халық т.б
«Қаңқалар ».биін қою


«Даналық ағашы»ойыны арқылы мәтінді түсініп оқып, талдайды.Әр топ өз мәтіндерін әңгімелеп береді.

Оқушылар экрандағы іс-қимылдарды қайталау арқылы билейді.



Окытудағы жаңа әдіс –тәсілдер, сын тұрғысынан ойлау, дарынды және талантты балалармен жұмыс. АКТ

Қолдану

(Оқулықта берілген жаттығу бойынша жұмыс жасау)



4 минут

Топтарға жазбаша тапсырмалар беру.

Көптік жалғауы қандай сөз таптарына жалғана алатынын және қандай мағына беретінін түсіндіріп, оларға бір-бір мысал келтіріп жаз.

Үлгі: Өзендер ( зат есім) жаңашылдар (сын есім) отыздарда (сан есім) әркімдер(есімдік) кеткендер (есімше) ертеңдер (үстеу) т.б.




Диалогтык оқыту,топпен жұмыс ,көшбасшылық.

Талдау (Салыстыр айырмашылығы неде?)


  1. минут

Топтарға тапсырма беріледі

Түбір сөзге ешбір көптік жалғауы жалғанбай- ақ көптік мағынаны білдіретін мына сөздерді мағынасына қарай төмендегі кестенің тиісті тармағына көшіріп жазыңдар.

Қосымшасыз көптік мағынаны білдіретін атаулар

Жемістер

Алма

Бақша өсімдіктері Табиғи заттар

Өсімдіктер

Кендер


Сәбіз

Құм


Шөп

Көмір





Топтар сурет, сызба ,тірек сызба т.б.

қалаулары бойынша өз ойларын қағаз бетіне түсіріп қорғайды






Жинақтау (Алынған ақпарат негізінде қорытынды жасау, жүйелеу)

13минут

1.Зат есімнің көптік жалғауларын ата. Зат есімге жалғану заңдылығын төмендегі кестеге толтырыңдыр.

Дыбыстар

Көптік жалғаулар

Р,ү, й немесе дауысты дыбыстарға аяқталғанда

-лар, -лер

Қатаң дауыссыз дыбыстарға аяқталғанда

-тар, -тер

Ж, з немесе л,м,н,ң

-дар,-дер

2.Заттың көптігін білдіретін, тек көптік жалғауын жалғау жолымен ғана емес жеке тұрып, заттын көптігін білдіретін зат есімдерді топтап жазыңдар.

Әр қалпақ иесі жұптаса отырып ,жұмыс жасап өз ойларын айтады.

Сын тұрғысынан ойлау,АКТ

Бағалау (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? Өз ойыңыз?)
Кері байланыс

Үй тапсырмасы


3 минут

«Біздің сынып» атты тақырыпта мәтін құрастырып жазыңдар.Көптік жалғауы қандай сөз таптарына жалғана алатынын және өандай мағына беретінін түсіндіріңдер.

Оқушыларға блоб ағашын ұсыну оның мәнін түсіндіру.Бағалау кестесін оқушыларға толтырту



Оқушылар өз –өздерін бағалау кестесін толтыру арқыы бағалайды. Блоб ағашын бояу арқылы өзінің қалай жұмыс істегенін білдіреді.





7- сынып. Мұғалім: Балқыбекова Ш.Ж.




Күні

Сабақ сабақ

Сабақтың тақырыбы

Зат есімнің септелуі



Сілтеме

7-сынып Қазақ тілі

Жалпы мақсаты

Септік жалғауы туралы теориялық білім беру. Зат есімнің септелуіне мысалдар келтіре отырып түсіндіру.

Күтілетін нәтижелер

Септік жалғауларын меңгереді, сөздерді септей алады.

Сабақ түрі

Аралас сабақ


Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары:

−Жеке, жұппен, топпен жұмыс;

−Ой қозғау;

−Диалогтік оқыту;




Керекті жабдықтар

Интербелсенді тақта, суреттер, , постер, маркер, стикер т.б.




Сабақ барысы: Блум таксономиясына сәйкес тапсырманың деңгейі

Білу (Кім? Не? Қашан? Қайда? Не істеді?)

5 минут

Септік жалғауларының ерекшелігі неде? Зат есімнің сөйлемдегі қызметі. Септік жалғауымен тікелей байланыстығын қалай дәлелдейміз? Септік жалғау зат есімге жалғанғанда құандай мағына үстейді? Атау септік тұлғасы зат есімнің қанадай тұлғасымен сәйкес келеді? Септік жалғаулары буын үндестігіне бағына ма? Зат есім көптік , тәуелдік жалғауы тұлғада тұрып септеле ме?

Түсіну (Неге? Неліктен? Не үшін?)


6 минут

Төменде берілген мақал-мәтелдерден зат есімнің қандай септікте тұрғанын түсіндір.

1.Оқу-білім бұлағы,



Білім өмір шырағы.( А.с)

2.Білімдінің алды –жарық,

Білімсіздің күні –ғаріп.(І.с)

3. Өнерліге өлім жоқ,



Жалқауға жарық жоқ. (Б.с)


Қолдану

(Оқулықта берілген жаттығу бойынша жұмыс жасау)



6 минут

Берілген сөзді жеті септікте септе.

Атау с. Оқушы, мектеп.

... .... ...


Талдау (Салыстыр айырмашылығы неде?)


  1. минут

Тәуелденген зат есімнің септелуін жай септеумен салыстырғанда барыс, табыс, жатыс, септікрінің жалғауында қандай айырмашылық бар екенін септеу арқылы көрсет. Үлгі:

Жай септеу Тәуелді септеу

Б.с. гүлге Б.с. гүліме

Т.с. гүлімді Т.с. гүлін

Ж.с. гүлде ж.с. гүлінде



Жинақтау (Алынған ақпарат негізінде қорытынды жасау, жүйелеу)

10 минут

Септік жалғауларының мағыналары мен қызметтері туралы өз ойларынды жинақта.

Септіктер

Септік жалғау зат есімге жалғанып, әр түрлі грамматикалық мағына үстеп, сөйлемде оны басқа сөздермен байланысқа түсіреді

Атау септік

Арнайы жалғауы жоқ, зат есімнің негізгі және туынды түбір тұлғасымен сәйкес келеді. Кейцде көптік және тәуелдік жалғау тұлғаларында да тұрады. Атау тұлғада зат есім сөйлемде бастауыш қызметін атқарады.

Ілік септік

Меншіктілікті ,бір затқа тән екендігін көрсетеді. Ілік септіктегі сөз тәуелдік жалғаулы сөзбен тіркесіп қолданады. Ілік септегі сөз иеленуші зат( я адам) болады. Тәуелдік жалғауы соның меншігі.

Барыс септік

Жанам а объектіні және қимылдың іс-әрекеттің кімге? Неге? бағытталғанын кейде мақсатын білдіреді. Барыс септіктегі сөз кімге? неге? деген сұраққа жауап берсе толықтауыш болады. Қайда? Неге? деген сұраққа жауап берсе пысықтауыш болады.

Табыс септік

Тура объектіні білдіреді де, сабақты етістіктермен тіркесіп, сөйлемде тура толықтауыш болады. Табыс септік жасрын, ашық түрде де қолдана береді.(Кітапты алды, кітап алды)

Жатыс септік

Қимылдың іс-әрекеттің болу орнын , мекенін кейде мезгілін, көлемін білдіреді. Сөйлемде пысықтауыш қызметін атқарады. Жатыс септігі сөйлемнің баяндауышы да бола алады.(Қызым үйде, қылығы түзде)

Шығыс септік

Қимылдың, іс-әрекеттің неден, қайдан, шыққанын, басталғанын білдіріп, сөйлемде толықтауыш қызметін атқарады.

Көмектес септік

Іс-әрекеттің, қимылдың немен,қандай құралмен , амалын ,қалай істелгенін және қимылғы ортақтықты білдіріп , сөйлемде пысықтауыш және толықтауыш қызметін атқарады. Көмектес септік жалғауының өзіндік ерекшелігі үндестік заңына бағынбайды. Себебі,(-мен,-бен,-пен) жалғауларының жуан қатары жоқ





Бағалау (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? Өз ойыңыз?)

Кері байланыс


Үй тапсырмасы


10 минут

«Табиғат- сенің өз үйің» атты тақырыпта ойтолғау жазыңдар.
«Бүгінгі сабақтан не үйрендім?»

Қорытындылау Топтағы оқушылардың өзін-өзі бағалауы. «Бағдаршам» түсі

Топты бағалау кестесін толтыру.


7- сынып. Мұғалім: Балқыбекова Ш.Ж.




Күні

Сабақ сабақ

Сабақтың тақырыбы

Зат есімнің жіктелуі



Сілтеме

7-сынып Қазақ тілі

Жалпы мақсаты

Зат есімнен алған білімдерін еске түсіру арқылы жіктелу ерекшеліктерін түсіндіру

Күтілетін нәтижелер

Септік жалғауларын меңгереді, сөздерді септей алады.

Сабақ түрі

Аралас сабақ


Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары:

−Жеке, жұппен, топпен жұмыс;

−Ой қозғау;

−Диалогтік оқыту;




Керекті жабдықтар

Интербелсенді тақта, суреттер, , постер, маркер, стикер т.б.




Сабақ барысы: Блум таксономиясына сәйкес тапсырманың деңгейі

Білу (Кім? Не? Қашан? Қайда? Не істеді?)

5 минут

Зат есімнің жіктелуінде қандай ерекшелік бар?Зат есімдердің бәрі жіктеле ме?

Түсіну (Неге? Неліктен? Не үшін?)


6 минут

Зат есімнің түрлерін «топтпастыру» стратегиясы арқылы көрсет.

Көптелді Жіктелді


Зат есім

Септелді Тәуелденді


Қолдану

(Оқулықта берілген жаттығу бойынша жұмыс жасау)



6 минут

Төмендегі зат есімдердің қайсысы жіктеліп,қайсысы жіктелмейді? Жіктелетіндерін үш жақта жекеше,көпше түрде жіктеңдер.

Өзен,кітап,оқушы,бала,көл,ғарышкер,дала,мұғалім,ел,арман,бүркіт,

заң,заңгер,талап,намыс,дәрігер,қала,ауыл,Астана,сатушы т.б.


Талдау (Салыстыр айырмашылығы неде?)


  1. минут

Досың,досыңыз,досы деген сөздердің қандай тұлғада тұрғанын анықтып,оларды жекеше,көпше түрде жіктеңдер.Зат есімнің жіктелуі мен тәуелденуін салыстырып,айырмашылығына талдау жасаңдар.Үлгі:

Жекеше:


I.Мен досыңмен,досыңызбын,досымын

II.


III.

Көпше:


I.Біз досыңбыз,досыңызбыз,досымыз

II

III



Жинақтау (Алынған ақпарат негізінде қорытынды жасау, жүйелеу)

10 минут

Зат есімнің жіктелуінде қандай ерекшелік бар екенін сызба арқылы көрсет.

Лексикалық мағынасы тек адамды білдіретін зат есімдер

Жіктелмейтін зат есімдер










Бағалау (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? Өз ойыңыз?)

Кері байланыс


Үй тапсырмасы


10 минут

«Туған жер-тұғырың,туған тіл-қыдырың» тақырыбында ойтолғау жазыңдар.

«Екі жұлдыз, бір тілек»

  • Сабақтан қандай әсер алдың?

  • Топ ішінде қалай жұмыс жасадыңдар?

  • Тақырып бойынша тағы не білгілерің келеді?





7- сынып. Мұғалім: Балқыбекова Ш.Ж.




Күні

Сабақ сабақ

Сабақтың тақырыбы

Есімдіктердің түрленуі



Сілтеме

7-сынып Қазақ тілі

Жалпы мақсаты

Есімдіктердің түрленуі туралы кең көлемде мағұлматтар беріп, кейбір ернекшеліктерін түсіндіру. Әр түрлі жаттығулар арқылы оқушылардың тілдік білімін дамыту.

Күтілетін нәтижелер

Есімдіктердің түрленуінен мағұлмат алып, талдай алады.

Сабақ түрі

Аралас сабақ


Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары (кластер қорғату) Блум таксономиясы

АКТ пайдалану. Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс;




Керекті жабдықтар

Интербелсенді тақта, суреттер, , постер, маркер, стикер т.б.




Сабақ барысы: Блум таксономиясына сәйкес тапсырманың деңгейі

Білу (Кім? Не? Қашан? Қайда? Не істеді?)

5 минут

Есімдік дегеніміз не?

Неге «Орынбасар сөз табы» деп атайды?

Құрамына қарай қалай бөлінеді?

Мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

Есімдіктің түрлерін атаңдар?


Түсіну (Неге? Неліктен? Не үшін?)


6 минут

Есімдіктің түрленуіне топтық тапсырма.

1 топ. Жіктеу және белгісіздік есімдігі.

Жауабы: Жіктеу есімдігі септеледі, тәуелденеді, көптеледі, жіктелмейді. Белгісіздік есімдігіне ешбір жалғау жалғанбайды.



2 топ. Сілтеу және болымсыздық есімдігі.

Жауабы: Сілтеу есімдігі септеледі, тәуелденеді,көптеледі, жіктелмейді. Болымсыздық есімдігіне ешбір жалғау жалғанбайды

3 топ. Сұрау және жалпылау есімдігі.

Жауабы: Сұрау есімдігі септеледі, жіктеледі, тәуелденеді, көптеледі. Жалпылау есімдігіне есімдігіне ешбір жалғау жалғанбайды.




Қолдану

(Оқулықта берілген жаттығу бойынша жұмыс жасау)



6 минут

1.Өздік есімдігін «өз» сөзін септеп, жіктеп, тәуелдеп, қалай көптелетіндігіне талдау жасаңдар.

Өз есімдігі тәуелденіп барып септеледі.

2.Төмендегі берілген сұрау есімдігін қатыстырып, сөйлем құраңдар.

Кімнің, қайсымыз, нешеуі, кімдермен, нешеуден, кімсіздер, қандаймыз. Үлгі: Сен кімнің баласысың?


Талдау (Салыстыр айырмашылығы неде?)


  1. минут

1.Өздік есімдігін тауып, олардың қалай түрлнеіп тұрғанын анықта

Өзім –түбірі өз, -ім тәуелдік жалғауыж. І жағы

Өзіме-түбірі өз -, -ім тәуелдік ж. жағы –е барыс септігі

Өзіммін –түбірі өз, -ім тәуелдік жалғауы І жағы , мін жіктік жалғау. І жағы

2.Сұрау есімдігі қалай түрленеді?

3.Қайсы сұрау есімдігін септе және ондағы өзгешелікті түсіндір.




Жинақтау (Алынған ақпарат негізінде қорытынды жасау, жүйелеу)

10 минут

1.Есімдік түрлерін топтастыр.

Мен,сол,осынау,нешеу.Біз,сіздер,қанша.Сіз,ол,барлық,өз,қайсы.



Сендер,қайдан,кім,не,сен,бұл,анау,нешеумін,кіміміз,олар т.б.

Жіктеу

Сұрау

Сілтеу










2.Есімдіктердің түрленуін кесте бойынша «жоқ» «ия» сөздері арқылы белгіле.

Есімдіктер

Септеледі

жіктеледі

тәуелденеді

Көптеледі

жіктеу

иә

иә

жоқ

Иә

Сілтеу

иә

жоқ

иә

иә

сұрау

иә

иә

иә

иә

Өздік

иә

иә

иә

иә

Белгісіздік

жоқ

жоқ

жоқ

жоқ

Болымсыздық

жоқ

жоқ

жоқ

жоқ

Жалпылау

жоқ

жоқ

жоқ

жоқ





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет