|
Күні
|
Сабақ сабақ
|
Сабақтың тақырыбы
|
Етістіктің шақтарын қайталау
|
Сілтеме
|
7-сынып Қазақ тілі
|
Жалпы мақсаты
|
Етістіктің шақтары бойынша алған білімдерін пысықтап қайталау, іс жүзінде қолдана білу.
|
Күтілетін нәтижелер
|
Етістіктің шақтарын біледі, талдай алады.
|
Сабақ түрі
|
Аралас сабақ
|
Қолданылатын әдіс-тәсілдер
|
Топтастыру стратегиясы (кластер қорғату) Блум таксономиясы
АКТ пайдалану. Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс;
|
Керекті жабдықтар
|
Интербелсенді тақта, суреттер, , постер, маркер, стикер т.б.
|
Сабақ барысы: Блум таксономиясына сәйкес тапсырманың деңгейі
|
Білу (Кім? Не? Қашан? Қайда? Не істеді?)
|
5 минут
|
1 топ. Етістіктің швақтары дегенді қалай түсінесіңдер?
Осы шақ деген не?
Келер шақтың қандай түрлері бар?
Бұрынғы қткен шақ қалай жасалады?
2 топ. Шақтың қандай түрлері бар?
Нақ осы шақ қалай жасалады?
Келер шақ деген не?
Мақсатты келер шақ қалай жасалады?
Өткен шақтың қандай түрлері бар?
|
Түсіну (Неге? Неліктен? Не үшін?)
|
6 минут
|
«Топтастыру» стратегиясы арқылы етістіктің шақтарына талдау жасау.
Етістіктің шақтары
Осы шақ
|
Келер шақ
|
Өткен шақ
|
1.Нақ осы шақ
2Ауыспалы осы шақ
|
1Мақсатты келер шақ
2Болжалды келер
шақ
3Ауыспалы келер шақ
|
1Жедел өткен шақ
2Бұрынғы өткен шақ
3Ауыспалы өткен шақ
|
Венн диаграммасы арқылы осы шақ пен келер шақты,өткен шақ пен келер шақты салылтыра отырып,ортақ ерекшеліктерін табу.
1топ:Үлгі:
|
Қолдану
(Оқулықта берілген жаттығу бойынша жұмыс жасау)
|
6 минут
|
1Берілген етістіктерден мақсатты келер шақ жаса:
Оқы,шаш,қайт.
2Ауыспалы өткен шақтың жіктелу үлгісін көрсет:
Көретін.
3.Күрделі осы шақтың жіктелу үлгісін көрсет:
Ойнап жүр.
4.Берілген етістікті көпше түрде жіктеп, сөйлем құра:
Жазар.
5.Етістікті келер шақ жасап,сөйлем құра:Бар
|
Талдау (Салыстыр айырмашылығы неде?)
|
минут
|
.1топ:Үлгі:
Венн диаграммасы арқылы осы шақ пен келер шақты,өткен шақ пен келер шақты салылтыра отырып,ортақ ерекшеліктерін табу.
|
Осы шақ
|
Ортақ белгісі
|
Келер шақ
|
1.Іс-әрекеттің сөйлеп тұрған уақытта болуын білдіреді.
2.Екі түрі бар:Нақ осы шақ,ауыспалы осы шақ.
|
1.Екеуі де етістіктің шақтары.
2.Екеуінің де ауыспалы келер шақ та,осы шақ та көсемшенің –а,-е,-й жұрнақтарының жіктелуі арқылы жасалады.
|
1.Іс-әрекеттің алдағы уақытта болатындығын білдіреді.
2.Үш түрі бар:Болжалды,мақсатты,ауыспалы келер шақ.
|
|
|
2 топ:
|
|
|
|
|
Өткен шақ
|
Ортақ белгісі
|
Келер шақ
|
|
Жинақтау (Алынған ақпарат негізінде қорытынды жасау, жүйелеу)
|
10 минут
|
Төмендегі берілген етістіктен етістіктің үш шақ түрін жаса.
|
|
Бер
|
Бер
|
Бер
|
Беріп тұр
|
Берді
Берген
Беріпті
Беретін еді
|
Бермек
Берер
Бермес
Береді
|
Бағалау (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? Өз ойыңыз?)
Кері байланыс
Үй тапсырмасы
|
10 минут
|
«Аққу-құстың төресі» деген тақырыпта ойтолғау жаз.
- Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай? Біз не білдік?
- Сабақтан қандай әсер алдым?
- Маған не ұнады? Менің өзіме ұнаған әрекетім қандай?
- Қандай ұсыныс айтар едің?
- Қандай кемшілік болды? Бізге не қиындық тудырды? Мен нені істей алмадым?
- Біз неге қол жеткіздік? Әрі қарай не істеуге болады?
-Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өздеріне ұнаған екі әрекеттері туралы ойларын және бір ұсыныс, тілектерін стикерге жазады.
|
|
|