Сабақ барысы: Блум таксономиясына сәйкес тапсырманың деңгейі
Блум таксономиясына сәйкес тапсырманың деңгейі
Оқу тапсырмалары
Білу (Кім? Не? Қашан? Қайда? Не істеді?)
5 минут
Синтаксис дегеніміз не?
Сөз тіркесі дегеніміз не?
Басыңқы сөз қай сөз табынан болуына байланысты сөз тіркесі қаншаға бөлінеді.
Сөз тіркесі неше сыңардан тұрады?
Сөз тіркесіндегі сөздердің байланысуының неше тәсілі бар?
Түсіну (Неге? Неліктен? Не үшін?)
6 минут
Сөздердің байланысу тәсілдерін мысалдар келтіре отырып,кестеге толтыр.
Байланысу тәсілдері
Мысалдар
1.Жалғаулар арқылы.
Терезеден айдың сәулесі түсті.
2Шылаулар арқылы.
Біз бейбітшілік үшін күресеміз.
3.Орын тәртібі арқылы.
Омар бүгін келді.
Бүгін Омар келді.
4.Интонация арқылы.
Бұл-жігіт.
Қолдану
(Оқулықта берілген жаттығу бойынша жұмыс жасау)
6 минут
Берілген мақал-мәтелдерді жалғау арқылы байланыстыр.
Мақал-сөз...ата....
Білекті бір... жығар,
Білімді мың... жығар.
Қына тас...бітеді,
Білім бас... бітеді.
Жақсы... үйрен,жаман... жирен.
Тілсіз ой... толмай...(II жақ)
Ойсыз білім болмй...(III жақ)
Талдау (Салыстыр айырмашылығы неде?)
минут
Сөздердің байланысу тәсілдерін есіңе түсіріп,мысалдармен жазыңдар.Әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін салыстырыңдар.
Жалғау арқылы
Шылау арқылы
Орын тәртібі арқылы
Интонация арқылы
Жинақтау (Алынған ақпарат негізінде қорытынды жасау, жүйелеу)
10 минут
Сөздердің байланысу тәсілдерінен алған біліміңді сызба арқылы жинақта.
Сөздердің байланысу тәсілдері
Ереже
Мысал
Түсініктемесі
Жалғаулар арқылы.
Сөйлеммдегі сөздер жіктік,септік және тәуелдік жалғаулары мен байланысады.
Мен оқушымын Бала-ға берді.
Үйдің есіг-і
Мен сөзі оқушы сөзі-мын жіктік жалғауымен байланысқан.Бала мен бер сөздері- ға септік жалғауымен байланысқан.
Шылау арқылы
Сөйлемдегі сөздер жалғаулық,септеулік шылаулар арқылы байланысады.
Біз сабақ туралы сөйлестік.Отан үшін отқа түс.
Сабақ және сөйлеу сөздері туралы септеулік шылаумен байланысқан
Орын тәртібі арқылы
Сөйлемдегі сөздер ешбір жалғаусыз қатар тұрып орын тәртібі арқылы байланысады.
Алыс жер,атақты адам.
Алыс сөзі мен жер сөзі ешбір жалғаусыз тек орын тәртібі арқылы байланысқан.
Дауыс ырғағы арқылы
Сөйлемдегі сөздер дауыс ырғаағы(интонация)арқылы байланысады.
Бұл-біздің ауылдың шамдары.
Асан- белгілі ақын.
Бұл деген сілтеу есімдігінен кейін сәл кідіріс жасалып,өзінен кейінгі сөзден дауыс ырғағы арқылы бөлініп айтылады.
Бағалау (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? Өз ойыңыз?)
Кері байланыс
Үй тапсырмасы
10 минут
«Менің сүйікті кейіпкерім» атты тақырыпта ойтолғау жаз.
Мұғалім оқушыларға смайлик, кері байланыс парағын таратып береді.
Сабақ жоспары. Мұғалім: Балқыбекова Ш.Ж.
Күні
Сабақ
Сабақтың тақырыбы
Сөздердің байланысу түрлері
Сілтеме
7-сынып Қазақ тілі
Жалпы мақсаты
Сөйлемдегі сөздердің байланысу түрлерінің жасалу жолдарына түсінік бере отырып,бір-бірінен ажырата білуге дағдыландыру,ерекшеліктерін меңгерту.Сызба,кесте арқылы сөздердің байланысу түрлерін түсіндіру.
Күтілетін нәтижелер
Етістіктің байланысу түрлерін біледі, талдай алады.
АКТ пайдалану. Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс;
Керектіжабдықтар
Интербелсенді тақта, суреттер, , постер, маркер, стикер т.б.
Сабақ барысы: Блум таксономиясына сәйкес тапсырманың деңгейі
Блум таксономиясына сәйкес тапсырманың деңгейі
Оқу тапсырмалары
Білу (Кім? Не? Қашан? Қайда? Не істеді?)
5 минут
Сөз тіркесі дегеніміз не?
Сөз тіркесінің айрықша белгілерін ата.
Сөз тіркестері неше сыңардан тұрады?
Сөз тіркесінің сыңарлары қалай аталады?
Сөз тіркестері құрамындағы сөздер бір-бірімен қалай байланысады?
Сөз тіркесі, тұрақты тіркес және күрделі сөздердің бір-бірінен айырмашылығы.
Сөз тіркесінің түрлері қалай жасалады?
Түсіну (Неге? Неліктен? Не үшін?)
6 минут
1 топ. Сөз тіркесінің ережесі мен айрықша белгілерін сызба арқылы көрсет.
Сөз тіркесі
Ережесі
Айрықша белгілері
Кемінде екі сөздің мағыналық әрі тұлғалық жақтан байланысуы.
Ең кемі толық мағыналы екі сөзден тұрады.
Өзара грамматикалық тәсілдер арқылы бірі екіншісіне бағынып сабақтаса байланысады.
Зат құбылыс жайында кеңірек, нақтылы түсінік береді.
2 топ. Сөз тіркесі құрамын сызба арқылы көрсет
Сөз тіркесі
Бағыныңқы сөз
Басыңқы сөз
Тірек сөздің мағынасын нақтылап, даралап сипат беретін бірінші сөз
Сөз тіркесін жасауға тірек екінші сөз.
Қолдану
(Оқулықта берілген жаттығу бойынша жұмыс жасау
6 минут
Төмендегі берілген сөздерді кестеге топтастырып жазыңдар.
Қара торы,кетіп қалды, үйде қалды, жұмған аузын ашпау, он сегіз, мөлдір су,көпір арқылы, зыр жүгіру, жолдан өту, селт етпеу, күзге қарай, ит өлген жерден келді, тізе бүкті, көз салды, сурет салды, кешке қарай, ала қой, кіші балам, қола табақ, жиырма екі , селк етті.
Сөз тіркесі
Тұрақты тіркес
Күрделі сөздер
2.Сөз тіркестерінің ішінде әрі күрделі сөз , әрі тұрақты тіркес болатын сөздер кестесін жазыңдар.
Сөз тіркесіндегі күрделі сөз
Суық торғайдың үні
Алыстағыны жақсы көреді
Дүкеннен ойыншық көрді
Иіліп тізе бүкті
Ұйықтағанда тісін қайрайды
Сөз тіркесіндегі тұрақты тіркес
Суық сөз тарады
Оқуды жақсы көреді
Қызды ойыншық көреді
Жауы тізе бүкті
Оған тісін қайрады
Талдау (Салыстыр айырмашылығы неде?)
8 минут
Сөйлемдегі сөз тіркестерін теріп алып, сөз тіркестері түріне қарай талдау жасаңдар.
Жақсы бала жеткізеді мұратқа
Жаман бала қалдырады мұратқа (мақал)
2.Бала би қартайған шағында елінің игі жақсыларымен кеңесіп отырады.