Инструменталдық зерттеулер: ЭЭГ да диффузды өзгерістер, мидың диэнцефальдік құрылымының дифункция белгілері, РЭГ аздаған қантамырлық бұзылыстарды көрсетеді, ерекшеліксіз болуы мүмкін.
Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: невропатолог, ауыр жағдайларда психиатр, психотерапевт, қажет жағдайда – кардиолог, гастроэнтеролог.
Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Жалпы қан анализі.
2. Жалп зəр анализі.
3. Невролог консультациясы.
Госпитализациялауға көрсетімдер
Көптеген невроздарды амбулаторлы емдеуге болады, əрі қарай санаторлық-курорттық жағдайда реабилитациямен. Шұғыл госпитализациялауға көрсетім болып табылады: истерияның ауыр клиникалық көріністері, жоспарлы госпитализация – амбулаторлық емнің тиімсіздігі.
Профилактикалық шаралар: дəрі дəрмектік витаминотерапимен профилактикалық курстар, ұйқы жəне демалыс режимі, клиникалық көріністерсіз, ықпал ететін жағдайларда седативті шөптер. Қайталамалы стресс, қажу, шаршауды болдырмау.
Əрі қарай жүргізу, диспансерлеу принциптері: 12 ай бойы диспансерлеу, 3 ай сайын невропатолог тексеруі.
Достарыңызбен бөлісу: |