Сабақ «§30 Орта ғасырлардағы Түркия»
Дүние жүзі тарихынан 7 класс сабақ жоспары
Білімділік: оқушыларға Осман империясының құрылуы жайында және сұлтандардың билігі жөнінде толық мағлұмат беру. Түркияның мәдениетін, саяхатшыларын, ғылымы мен өнерінің ерекшілігін түсіндіру.
Тәрбиелік: оқушыларға етене жақын түрік халқы жайлы, олардың мәдениеті жайында түсіндіре отырып, оқушыларды бірлікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушылардың ой қабілетіне әсер ету арқылы өздіктерімен жұмыс жасауға дағдыландыру.
Дидактикалық құралдары: интерактивті тақта, кесте,тақырыптық карта.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақты өткізудің әдістері: түсіндіру, суреттеу- аналитикалық суреттеу, сюжеттік әңгімелеу.
Сабақтың құрылымы: Ұйымдастырукезеңі. ІІ. Жаңа білімді игерту.
ІІІ. Сабақта алған білімді бекіту және қолдану.
ІV. Сабақты қорытындылау
Үй тапсырмасын беру.
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
а) оқушының сабаққа қатысуын бақылау.
ә) сынып бөлмесінің тазалығын қадағалау.
ІІ. Жаңа білімді игеру:
Тақырыбы: Орта ғасырлардығы Түркия. Осман империясының құрылуы.
Құрылған жылы: 1299жыл.
Негізін қалаған: Ертоғрылдың (1220 ж.) баласы Осман сұлтан (1258- 1326) «Осман империясындағы жаулаушылық соғыстары» кестесі.
Жылы
|
|
Соғыстың жүру барысы
|
Нәтижесі
|
1352-1354жж.
|
|
Даннелл жағалауына, Галлиполь
|
қалаларын басып алады.
|
1363ж.
|
І Мұрад
|
Андринопольды алады
|
Өз астанасын осы қалаға көшіреді.
|
1389 ж.
|
І Мұрад
|
Сербияға шабуылдайды. Шайқас Серб королі Лазарь түрік сұлтаны І Мұрад арасында өтті. Серб сарбазы Милош Обилич І Мұрадты ту сыртынан қанжармен өлтіреді
|
Түріктер жеңді. Шешуші шайқас 15 маусымда Косово даласында болды. Лазарь тұтқындалып, өлтірілді.
|
|
Иылдырым Баязит (1360-1403)- І Мұрадтың баласы
|
Әкесінің Балқан түбегіне жасаған жорықтарын жалғастырады.
|
Балқан түбегін және болгардың Тырнова патшалығын бағындырды. Майдандағы ерлігі үшін Иылдырым ( Найзағай ) деген ат берген.
|
1453ж.
|
ІІ Мехмед сұлтан
|
200 мың әскермен Константинаполь қаласын қоршайды.
|
1453ж. 29мамыр түрік әскерлері қаланы жаулап, Византия мемлекетінің соңғы императоры Константин ХІ Палеолог (1444-1453) қаза табады.
|
Түркия Осман империясы болып жарияланды.
Астанасы – Стамбұл (бұрыңғы Константинаполь қаласы).
Империяның өмір сүру уақыты – ХІV- XVII ғасырдың бірінші жартысы.
Діні – ислам діні. Серб, болгар жеріндегі христиан шіркеуіне тыйым салынды. Балқан түбегінде мұсылмандандыру саясаты жүргізілді.
Салық түрлері:
Харадж – жер салығы. Кәпірлерге салынған. Шаруалар- спахилік жер иесінің меншігі. 2.Үшір – өнімнің түсімінен алынатын салық. 3. Испандже – барлық халыққа салынатын салық. 4. Жизия – христиан ер адамдарға салынатын салық.
ә)Осман империясының құрылымы.
– Империя уәлаяттарға ( облыстарға ) санжақтарға бөлінді.
– Сот жұмысын мұсылман қазы (кадилар) жүргізді. Жоғарғы сотты – уәзір, діни бағыттағы сот ісін – шейх- уль- ислам жүргізді.
– 4 әлеуметтік топ: 1) Рухани феодалдар; 2) Әскери феодалдар; ; 3) көпестер мен қала тұрғындары; 4) шаруалар.
Серб, болгар көтерілістерінің хронологиялық даталары:
1389ж. Косово даласындағы шайқас.
1444ж. Варна қаласында шайқас.
1593- 1598 ж. Орыс- түрік соғысы болды.
1598ж. Тырново қаласында көтеріліс болды.
1594ж. Серб халқы түріктерге қарсы шабуылдады.
б) Түрік мәдениеті.
Жазба әдебиет ХІІІ ғасырда пайда болды. Алғашқы шығарма – сопылық сарында жазылды.
ІІІ. Сабақта алған білімдерін бекіту және қолдану.
1)Кестеге түрік авторларын және олардың шығармаларын жаз.
Авторлары
Ахмед Факих
|
Шығармалары
«Тағдыр кітабы»
|
Шейад Хамза
|
«Жүсіп пен Зылиха»
|
Ашик паша
|
«Қуғындалушының кітабы»
|
Низами Гәнжауи
|
Бес дастан («Құпия қазына», «Хұсрау мен Шырын», «Ләйлі мен Мәжнүн», «Жеті ару», «Ескендірнама»)
|
Лютфи Такади
|
Философия, математика, астрономияны дамытқан
|
Пири Реис географ
|
1513ж. Дж. картасын, 1523ж. «Бахрийе» теңіз атласын жасаған.
|
??????????????????
|
«Оғызнама», «Китаб Дәдәм Коркуд», «Көрұғлы» шығармалары.
|
2) «Кім жылдам?» Сұрақтарға тез, әрі жылдам жауап бер.
-Осман империясы деп неге аталды?
-Түрік осман империясы қашан құрылды?
-Византия империясы қашан құлады?
-Осман империясында феодалдық қатынастар қандай болды?
-Түрік эпостарын атаңдар.
ІV. Сабақты қорытындылау.
Бағалау: оқушыларды сабақта көрсеткен білімдері мен біліктеріне баға беру және қойылған бағаға түсініктеме беремін.
№
|
Оқушылард. аты -жөні
|
Не білемін?
|
Не білдім?
|
Не білгім келеді?
|
|
|
|
|
|
Үй тапсырмасын беру.
Орта ғасырлардағы Түркия. 128- 132 беттер аралығын түсініп оқу.
Түрік мәдениетінің дамуы кестесін толтыру.
Түрік әдебиеті
|
Ғылым мен білімі
|
Архитектура мен өнер
|
Достарыңызбен бөлісу: |