Тарихи деректерден...
Ең ерте заманғы және бәрімізге белгілі есептеу құралы есепшот болып табылады. Деректерге қарағанда, есепшоттың жасы 2000-5000 жылдар шамасында, ал пайда болған жері ертедегі Қытай немесе Египет, тіпті ежелгі Грекия болуы да мүмкін. Бұл санау құралын гректер мен батысеуропалықтар «абак», қытайлықтар «суан-пан», жапондықтар «серобян» деп атаған.
Жаңа сабақты бекіту
Тас қақпаның ішіндегі барлық мәліметтерді қамтып, күміс қақпағада келіп жеттік. Күміс қақпада жасырылған тапсырмаларды орындау үшін. Төмендегі 2 сұраққа дұрыс жауап беруге тырысайық. Сұрақ жаңа тақырыпқа байланысты екен:
Калькулятор бағдарламасын қалай іске қосамыз?
Калькулятордың неше түрі бар?
Күміс қақпамызда ашылды. Күміс қақпаның ішінде сіздерге мынадай тапсырма жасырылған екен.
Калькулятордың функционалдық батырмалары
Оқушылар бос торкөздерге терезе элементтерінің атын және калькулятор батырмаларының атын жазып шығады.
Практикалық жұмыс
1-тапсырма
Сандық әткеншек.
Калькулятордың көмегімен келесі жазбалардағы амалдарды орындаймыз да, оларды WordPad мәтіндік редакторына жазамыз.
37 санының қызықты қасиеті
37*3=111
37*6=222
37*9=333
37*12=444
37*27=999
2-тапсырма
Математикалық есептер
Ботаның салмағы-35 кг, ал қаздың салмағы 7 есе кем. Қаздың салмағы нешеге тең?
Қоймаға 567 кг сиыр еті, сиыр етінен 127 кг артық қой еті және қой етінен 3 есе артық жылқы еті жеткізілді. Қоймаға қанша килограмм жылқы еті әкелінді?
Берілген тапсырманы компьютерде орындайды.
|
3. Қорытынды бөлім
|
1. Калькулятор қосымшасы не үшін қолданылады?
2. Калькулятор программасының бірнеше терезесін бір уақытта ашуға бола ма?
3. Есептеулер нәтижесін мәтіндік құжатқа қалай көшіреміз?
4.Жұмыс үстелінде Калькулятор программасының жарлығын қандай тәсілдермен құруға болады?
|
Қорытынды сұрақтарға жауап береді.
|
Рефлексия
|
Бүгінгі сабақтан қандай жаңа мағлұмат алдың?
Мен білдім ... Мен үйрендім ... Маған ұнады ...
|
Сабақтан алған әсері,
жөнінде пікір айтады.
|
Үйге тапсырма
|
Калькулятор. тақырыбын оқып, калькулятордың шығу тарихы туралы жазып келу
|
Тапсырманы күнделіктеріне белгілеп алады
|
Бағалау
|
Оқушыларды білімдеріне қарай бағалау.
|
Күнделіктеріне бағаларын қойдырады.
|