1. Компьютер жады нешеге бөлінеді?
a) 2
b) 3
c) 4
2. Ақпараттың ең үлкен өлшем бірлігі –
a) Кбайт
b) Мбайт
c) Гбайт
3. Ішкі жад компьютердің қай құрылғысының ішінде орналасқан?
a) Мониторда
b) Жүйелік блокта
c) Жеке орнатылған
4. Қай дискке қайталап жазуға болады?
a) CD-RW
b) CD-R
c) DVD -R
5. Ақпаратты қысқа уақытқа сақтайтын құрылғы қайсы?
a) Тұрақты жад
b) Жедел жад
c) DVD -R
6. Ақпаратты ұзақ уақытқа сақтайтын құрылғы қайсы?
a) Тұрақты жад
b) Жедел жад
c) Жүйелік блок
7. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі -
a) Байт
b) Кбайт
c) бит
8. Жеңіл қорабпен қапталған микросхема қалай аталады?
a) Флешка
b) Диск
c) Иілгіш диск
Тест жауаптары
1 2 3 4 5 6 7 8
а с б а б а с а
Қысқа мерзімді жоспар Күні:__________________ Қаралды:_____________
Мұғалім: Тлеубаева А.Т
Пән: Информатика
Сынып: 5 «а», «ә», «б»
Сабақ
|
№12
|
Сілтеме
|
Информатика әдістемелік құрал Арман ПВ 2013
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Объектілерді іздеу. Объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою.
|
Жалпы мақсаты
|
құжатты іздеу, көшіру, жылжыту
- Анықтама жүйесінен ақпарат алу тәсілдерін
- Windows қосымшасында ақпаратты іздеу ережелерімен таныстыру
|
Күтілетін нәтиже:
|
-қойылған талапқа байланысты ыңғайлы, оңай көшіруді, жылжытуды
-өшіріп қайта қалпына кетіруді меңгереді
|
Негізгі идеялар
Қолданылатын әдістер
|
іздену, мағлұмат жинау,
|
Құрал-жабдықтар:
|
Компьютер, интерактивті тақта, слайд
|
Сабақ кезеңдері
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
1. Ұйымдастыру кезеңі
|
Ұйымдастыру
Үй тапсырмасын тексеру.
|
Мұғаліммен сәлемдеседі.
Жұмыс істеуге қажетті құралдарын жұмыс үстеліне дайындау.
|
2. Негізгі бөлім
|
Балалар мына суретті білесіңдерме? Қалай аталады?
Оқушылардың зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.
Мынадай жағдайды елестетіңіз, сіз жақсы көретін кітәбіңізді жоғалтыңыз, еш жерден таба алмасаңыз кімдердің көмегіне жүгінесіз? Ал егер компьютерден жоғалтқан қызықты ойындар, маңызды документерді, киноларды жоғалтсақ қалай табамыз? Бұл жағдайда бізге поиск көмекке келеді.
Файл мен буманың атын бас мәзірдің іздеу терезесіне жазу керек.
Ал егер мәтін арасындағы сөзді іздеу керек болса онда Главная - Найти басу немесе Ctrl+F пернесін басу арқылы табуға болады.
1.Нысандарды қалай көшіреміз?
2. Нысандарды қалай жылжытамыз?
3. Бірнеше нысандарды бірден көшіре аламыз ба?
Кейбір оқушылар бумалар мен белгішелерде құру, атын өзгерту объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жоюды қай құрылғы көмегімен іске асыруға болатын білуі мүмкін. Бірақ біз бұл әрекеттерді тағы бір құрылғының көмегімен іске асыруға болатынын білемізбе? Ол компьютердің негізгі құрылғысы болып табылады. (Пернетақта)
Ол үшін пернетақтадағы Ctrl пернесін басып тұрып бұйрықтарды орындау керек.
Ctrl+c - көшіру Ctrl+x – қиып алу Ctrl+v – кірістіру
Обьектілерді жою үшін қандай пернелерді қолданамыз? Delete, del.
Компьютермен жұмыс: жұмыс үстеліне өз атыңда папка құр және оны басқа дискіге көшір. Құрған папка жұмыс үстінде қалмау керек. (тінтуірдің оң жақ батырмасын басу – создать- папку. Құрылған папканы көшіру үшін: обьектіні белгілеп пернетақта көмегімен Ctrl+c немесе тінтуірдің оң жақ батырмасын басып копировать басу керек.)
Компьютерде жұмыс істеу барысында нысандарға (файлдарға, бумаларға және жарлықтарға) көбіне мынадай амалдар қолданылады:
· көшіру (нысанның көшірмесі дискінің басқа жеріне орналастырылады ) ;
· орын алмастыру( нысанның өзі дискінің басқа жеріне орналастырылады );
· жою;
· атын алмастыру (нысанның атауы өзгереді).
Нысандарды жою және қайта қалпына келтіру
Жою амалы өте қауіпті. Нысанды дұрыс таңдамасаңдармаңызды ақпаратты жойып алуларың мүмкін. Міне, осындай себептермен байланысты нысандарды жою үшінWindows –те арнайы құрал – Қоржын қарастырылған.Қоржын – барлық жойылған нысандар орналасатын арнайы бума. Нысандарды Қоржынға жою тәсілдері :
Нысанды Қоржынның белгішесіне сүйреу.
Мәзірдің Реттеу Жою бұйрығымен.
Пернетақта көмегімен : нысанды тышқанмен шертіп ерекшелеп, Del пернесін басса жеткілікті.
Барлық жағдайда жою алдында экранға сұхбаттық терезе шығарылады, онда тұтынушыдан жою үшін сұраныс жасалады. Жойылған нысанды қайта қалпына келтіруге болады. Ол үшін Қоржын терезесін ашып, қажетті нысандарды ерекшелеп алып, Қайта қалпына келтіру бұйрығын орындау керек.
|
Оқушылар мұқият тыңдап керек жерлерін жазып отырады.
|
3.Қорытынды бөлім
|
1.Өшірілген обьекті карзинада қанша уақыт сақталынады?
2.Обьектілерді іздеу .........
3.Бума, файл, жарлық ....................болып табылады
Корзинады өшірілген ақпаратты қалай жоюға болады.
|
Қорытынды сұрақтарға жауап береді.
|
Рефлексия
|
Бүгінгі сабақтан қандай жаңа мағлұмат алдың?
Мен білдім ...
Мен үйрендім ...
Маған ұнады ...
Нені біліп, үйренуіміз керек
|
Сабақтан алған әсерлерін айтады. .
|
Үйге тапсырма
|
Тақырып бойынша оқу, тақырып бойынша өзіңді тексерді орындау
|
Тапсырманы күнделіктеріне белгілеп алады
|
Бағалау
|
Оқушыларды тапсырмаларды орындау деңгейіне қарап бағалау.
|
Күнделіктеріне бағаны қойдырады.
|
Тапсырмалар
Тапсырма №1
Сөздердің орнын тап
Нысан тышқанның........ батырмасын шерту арқылы ерекшеленеді.
2. Қатар орналасқан нысандар........ деп аталады.
3. Объектілерді........ үшін Пуск → Поиск батырмасын басамыз.
4. Барлық жойылған нысандар орналасатын бума …….. деп аталады.
5. …….. дегеніміз – жылжытылатын немесе көшірілетін ақпараттарды уақытша сақтауға арналған жадтың арнайы бөлігі.
6. Нысандарды қоржынға орналастырмай жою үшін........ пернелері қолданылады.
Қапшық(Корзина) сол жақ іздеу
Тапсырма №2
1. Word Pad бағдарламасында:
1 желтоқсан – Президент күніне орай елбасымызға құттықтау хат;
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған шағын эссе;
2014 Жаңа жылға отбасына, достарына арналған тілек жазу.
2. Жазылған мәтінді файлға сақтау.
3. Өз атына жаңа папка ашу.
4. Файлды папкаға көшіру.
5. Папканы жою.
6. Қапшықтың ішінен жойылған папканы қайта қалпына келтіру.
Қызығушылықты ояту.
Қазір цифрлы диктант жазамыз. Ойымызды жинақтап, назарымызды аударайық. Мен қазір сөйлемдерді оқимын, егер ол ақиқат болса 1, жалған болса 0 санын жазасыңдар.
1. Тапсырмалар тақтасындағы Бастау батырмасын басқанда басты меню шығады.
2. Alt+F4 пернелер комбинациясын басқанда компьютер қайта жүктеледі.
3. Жұмыс столында компьютерге орнатылған барлық программалар орналасады.
4. Уақытша жабылған терезе белгісі тапсырмалар тақтасында көрсетіліп тұрады.
5. Меню қатары командалары барлық терезеде бірдей болады.
6. Офистік бағдарламалар жүйелік ПЖ жатады.
7. Адам мен қомпьютер арасындағы қатынас интерфейс деп аталады.
Қысқа мерзімді жоспар Қүні:__________________ Қаралды:_____________
Мұғалім: Тлеубаева А.Т
Пән: Информатика
Сынып: 5 «а», «ә», «б»
Сабақ
|
№11
|
Сілтеме
|
Информатика әдістемелік құрал Арман ПВ 2013
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Файлдар, бумалар және белгішелер. Бумалармен белгішелерді құру. Атын өзгерту
|
Жалпы мақсаты
|
файл, бума, жарлық құру тәсілдерін
-бумалардың, файлдардың, жарлықтардың аттарын өзгерту
-объектілерді
жылжыту және көшіруді
оларды алмасу буферіне орналастыра білуді меңгерту
|
Күтілетін нәтиже:
|
Windows нысандарына олардың типтеріне анықтама беруді
-нысандарға атау беруді
- Жұмыс үстелінде жаңа қапшық құруды үйренеді
|
Негізгі идеялар
Қолданылатын әдістер
|
іздену, мағлұмат жинау, тапсырма орындау, компьютеде практикалық жұмыс
|
Құрал-жабдықтар:
|
Компьютер, интерактивті тақта, слайд
|
Сабақ кезеңдері
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
1. Ұйымдастыру кезеңі
|
Ұйымдастыру
Психологиялық ахуал туғызу
Үй тапсырмасын тексеру.
Сұрақ – жауап арқылы үй тапсырмасын сұрау.
ОЖ басқарудың тәсілдері компьютерде практикалық жұмыс орындау.
|
Мұғаліммен сәлемдеседі.
Жұмыс істеуге қажетті құралдарын жұмыс үстеліне дайындау.
Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді.
Компьютерде практикалық жұмыс орындайды.
|
|
2. Негізгі бөлім
|
Файлдардың негізгі типтері: құжаттар , суреттер, программалар.
Файл, белгіше – бұл экран бетіндегі қысқаша жазуы бар кішірейтілген графикалық бейне. Ол дисплей экранындағы бағдарламаны, терезені , функцияны бейнелеп және сақтап тұрады. Файлдық жүйенің негізгі нысандары файлдар, бумалар және белгішелер. Файл – байттардың әлдебір атауы бар тізбегі.Бумалардың түрлері: жүйелік бума және жұмысшы бума.
Жүйелік бума Windows операциялық жүйесін өзі құрып, тұтынушыға жұмыс жасауға көмектеседі. Оларды жоюға немесе басқа терезеге орнын ауыстыруға болмайды. Жұмысшы бумалар тұтынушылардың өздері құрады. Оларға Windows-те рұқсат етілген амалдардың бәрін қолдануға болады.
Windows ХР жүйесінде файлдарға ат бергенде төмендегілерді есте сақтаған жөн:
-файлдардың аты мен кеңейтілуі болады.
-файлдардың аты бос орынды қоса есептегенде 255 символымен жазылуы мүмкін.Бірақ басқа жүйелермен жұмыс істегенде
-Файлдың атын жазғанда үлкен, кіші латын және орыс алфвитінің әріптерінен , -9-0 –ға дейін цифрларды, арнайы символдарды: -, астын сызу, леп белгісі!, символдар:@,#,$,%,^,&, , қолдауға болады
-.,*,:,;,сұрақ белгісі?,/, болмайды
Файлдың аты екі бөлімнен: сол жақ (аты) және оң жақ (кеңейтілуі)бөлімдерінен тұрады. Бума ақпаратты реттеу үшін құрылады. Жарлық - нысанға қолжетімділікті жеңілдетін, нысанның сілтеме көрсеткіші.
-файлды кеңейтілуі үш символдан тұрады. Және файлдың артынан нүкте арқылы ажыратылады.
Файлдар кеңейтілуі оның мазмұны көрсетеді және олар алуан түрлі болады;
1)txt, doc, dot,rtf-мәтіндік редактор
2)exe, com-программалар және қолданбалар файлы
3)bat-командалық файл
4)bmp-графикалық файл
5)htm-интернет беттері
6)rar,arj, zip-архивтік файлдар
7)hlp-анықтама файл
8)dbt-деректер базасы және тағы басқа
Файлдардың барлығының атымен кеңейтілуімен басқарылады келесі сипаттамалары бар:
-өлшемі;
-типі;
-өзгеру уақыты;
Бума - бұл аты аталған файлдар тобы. Windows 98 - дің бумалары каталог рөлін атқарады. Тұрмыстық деңгейде буманы кәдімгі ішіне қағаз беттерін - файлдарды салатын бумалармен салыстыруға болады. Бумаларда таңбашалар, файлдар және басқа бумалар да болуы мүмкін. Бума бос болуы да мүмкін. Бумада аты бірдей объектілері болмауы керек. Буманың ішіндегісін қарап шығу үшін, тінтуірдің батырмасын онда екі рет басу жеткілікті.
Бумалар екі түрлі болады:
- жүйелік бума - каталогтар;
- жұмыс бумалар (Менің компьютерім, принтерлер және т. б.)
Бумаларды құру оның құрылымы:
Бума элементтері: тақырып, меню, терезені басқару батырмалары, айналдыру жолағы, құрал саймандар тақтасы, қалып күй жолы.
Терезеде жаңа бума құру:
Буманы Файл →Создать→Папка командасын құрады. Мұны орындағаннан кейін осы терезенің бумалары мен файлдарының тізімінің соңында жаңа бума белгішесі болады. Буманың атын оны құрғаннан кейін бірден енгізуге болады. Файлға ат берілмеген жағдайда оған автоматты түрде «Жаңа Файл» аты меншіктеледі.
|
Мұғалімді мұқият тыңдап отырады.
|
3.Қорытынды бөлім
|
Файл дегеніміз не?
Файл атауының ең үлкен ұзындығы қандай?
Бума дегеніміз не?
Бума түрлерін ата.
Жұмыс үстелінде буманы қалай құрамыз?
|
Қорытынды сұрақтарға жауап береді.
|
Рефлексия
|
Мен сабақ жөнінде не айталамын?
Мен білдім ...
Мен үйрендім ...
Маған ұнады ...
Қиындық туғызды
|
Оқушылар сабақта не біліп не үйренгендерін, не ұнағанын және туғызған қиындықтары туралы бөліседі.
|
Үйге тапсырма
|
Файлдар, бумаларжәнебелгішелер. Бумаларменбелгішелердіқұру. Атынөзгерту.
|
Тапсырманы күнделіктеріне белгілеп алады
|
Бағалау
|
Оқушыларды тапсырмаларды орындау деңгейіне қарап бағалау.
|
Күнделіктеріне бағаны қойдырады.
|
Қысқа мерзімді жоспар Қүні:__________________ Қаралды:_____________
Мұғалім: Тлеубаева А.Т
Пән: Информатика
Сынып: 5 «а», «ә», «б»
Сабақ
|
№12
|
Сілтеме
|
Информатика әдістемелік құрал Арман ПВ 2013
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Объектілерді іздеу. Объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою.
|
Жалпы мақсаты
|
құжатты іздеу, көшіру, жылжыту
- Анықтама жүйесінен ақпарат алу тәсілдерін
- Windows қосымшасында ақпаратты іздеу ережелерімен таныстыру
|
Күтілетін нәтиже:
|
-қойылған талапқа байланысты ыңғайлы, оңай көшіруді, жылжытуды
-өшіріп қайта қалпына кетіруді меңгереді
|
Негізгі идеялар
Қолданылатын әдістер
|
іздену, мағлұмат жинау, тапсырма орындау
|
Құрал-жабдықтар:
|
Үлестірме материалдар, компьютер
|
Сабақ кезеңдері
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
1. Ұйымдастыру кезеңі
|
Ұйымдастыру
Психологиялық ахуал туғызу
Үй тапсырмасын тексеру.
Қызығушылықты ояту.
Қазір цифрлы диктант жазамыз. Ойымызды жинақтап, назарымызды аударайық. Мен қазір сөйлемдерді оқимын, егер ол ақиқат болса 1, жалған болса 0 санын жазасыңдар.
1. Тапсырмалар тақтасындағы Бастау батырмасын басқанда басты меню шығады.
2. Alt+F4 пернелер комбинациясын басқанда компьютер қайта жүктеледі.
3. Жұмыс столында компьютерге орнатылған барлық программалар орналасады.
4. Уақытша жабылған терезе белгісі тапсырмалар тақтасында көрсетіліп тұрады.
5. Меню қатары командалары барлық терезеде бірдей болады.
6. Офистік бағдарламалар жүйелік ПЖ жатады.
7. Адам мен қомпьютер арасындағы қатынас интерфейс деп аталады.
|
|
|
2. Негізгі бөлім
|
Балалар мына суретті білесіңдерме? Қалай аталады?
Оқушылардың зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.
Мынадай жағдайды елестетіңіз, сіз жақсы көретін кітәбіңізді жоғалтын, еш жерден таба алмасаңыз кімдердің көмегіне жүгінесіз? Ал егер компьютерден жоғалтқан қызықты ойындар, маңызды дакументерді, киноларды жоғалтсақ қалай табамыз? Бұл жағдайда бізге поиск көмекке келеді.
Файл мен буманың атын бас мәзірдің іздеу терезесіне жазу керек. Ал егер мәтін арасындағы сөзді іздеу керек болса онда Главная - Найти басу немесе Ctrl+F пернесін басу арқылы табуға болады.
1.Нысандарды қалай көшіреміз?
2. Нысандарды қалай жылжытамыз?
3. Бірнеше нысандарды бірден көшіре аламыз ба?
Кейбір оқушылар бумалар мен белгішелерде құру, атын өзгерту объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жоюды қай құрылғы көмегімен іске асыруға болатын білуі мүмкін. Бірақ біз бұл әрекеттерді тағы бір құрылғының көмегімен іске асыруға болатынын білемізбе? Ол компьютердің негізгі құрылғысы болып табылады. (Пернетақта)
Ол үшін пернетақтадағы Ctrl пернесін басып тұрып бұйрықтарды орындау керек.
Ctrl+c - көшіру
Ctrl+x – қиып алу
Ctrl+v – кірістіру
Обьектілерді жою үшін қандай пернелерді қолданамыз? Delete, del.
Бүгінгі сабақтан не үйрендік? Не білдік?
Компьютермен жұмыс: жұмыс үстеліне өз атыңда папка құр және оны басқа дискіге көшір. Құрған папка жұмыс үстінде қалмау керек. (тінтуірдің оң жақ батырмасын басу – создать- папку. Құрылған папканы көшіру үшін: обьектіні белгілеп пернетақта көмегімен Ctrl+c немесетінтуірдің оң жақ батырмасын басып копировать басу керек.)
Файл мен буманың атын бас мәзірдің іздеу терезесіне жазу керек. Ал егер мәтін арасындағы сөзді іздеу керек болса онда Главная — Найти басу немесе Ctrl+F пернесін басу арқылы табуға болады.
Компьютерде жұмыс істеу барысында нысандарға (файлдарға, бумаларға және жарлықтарға) көбіне мынадай амалдар қолданылады:
· көшіру (нысанның көшірмесі дискінің басқа жеріне орналастырылады ) ;
· орын алмастыру( нысанның өзі дискінің басқа жеріне орналастырылады );
· жою;
· атын алмастыру (нысанның атауы өзгереді).
Нысандарды жою және қайта қалпына келтіру
Жою амалы өте қауіпті. Нысанды дұрыс таңдамасаңдармаңызды ақпаратты жойып алуларың мүмкін. Міне, осындай себептермен байланысты нысандарды жою үшінWindows –те арнайы құрал – Қоржын қарастырылған.Қоржын – барлық жойылған нысандар орналасатын арнайы бума.
Нысандарды Қоржынға жою тәсілдері :
Нысанды Қоржынның белгішесіне сүйреу.
Мәзірдің Реттеу Жою бұйрығымен.
Пернетақта көмегімен : нысанды тышқанмен шертіп ерекшелеп, Del пернесін басса жеткілікті.
Барлық жағдайда жою алдында экранға сұхбаттық терезе шығарылады, онда тұтынушыдан жою үшін сұраныс жасалады. Жойылған нысанды қайта қалпына келтіруге болады. Ол үшін Қоржын терезесін ашып, қажетті нысандарды ерекшелеп алып, Қайта қалпына келтіру бұйрығын орындау керек.
Тапсырмалар
Тапсырма №1
Сөздердің орнын тап
Нысан тышқанның........ батырмасын шерту арқылы ерекшеленеді.
2. Қатар орналасқан нысандар........ деп аталады.
3. Объектілерді........ үшін Пуск → Поиск батырмасын басамыз.
4. Барлық жойылған нысандар орналасатын бума …….. деп аталады.
5. …….. дегеніміз – жылжытылатын немесе көшірілетін ақпараттарды уақытша сақтауға арналған жадтың арнайы бөлігі.
6. Нысандарды қоржынға орналастырмай жою үшін........ пернелері қолданылады.
Қапшық(Корзина) сол жақ іздеу
Тапсырма №2
1. Word Pad бағдарламасында:
1 желтоқсан – Президент күніне орай елбасымызға құттықтау хат;
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған шағын эссе;
2014 Жаңа жылға отбасына, достарына арналған тілек жазу.
2. Жазылған мәтінді файлға сақтау.
3. Өз атына жаңа папка ашу.
4. Файлды папкаға көшіру.
5. Папканы жою.
6. Қапшықтың ішінен жойылған папканы қайта қалпына келтіру.
|
Берілген тапсырмалар бойынша жұмыс жасайды.
Тақырып бойынша түсінгендерін постер қорғау арқылы айтады.
Берілген тапсырмалардыорындайды.
|
3.Қорытынды бөлім
|
Сабақ барысында әрбір оқушының деңгейін аңғару, сабақ соңында қосымша сұрақтар беру
Оқушы пікірлерін тыңдау.
1.Өшірілген обьекті карзинада қанша уақыт сақталынады?
2.Обьектілерді іздеу .........
3.Бума, файл, жарлық ....................болып табылады
|
Қорытынды сұрақтарға жауап береді.
Сабақтан алған әсері,
қиындығы, ұтымдылығы жөнінде пікір айтады.
|
Рефлексия
|
Бүгінгі сабақтан қандай жаңа мағлұмат алдың?
Саған қай тапсырма орындау қиын болды?
Бұл тапсырмаларды орындаған кезде нақты қандай қиындықтар кездесті?
Нені біліп, үйренуіміз керек
|
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу.
|
Үйге тапсырма
|
Тақырып бойынша оқу, тақырып бойынша өзіңді тексерді орындау
|
Тапсырманы күнделіктеріне белгілеп алады
|
Бағалау
|
Оқушыларды тапсырмаларды орындау деңгейіне қарап бағалау.
|
Күнделіктеріне бағаны қойдырады.
|
Қысқа мерзімді жоспарҚүні:__________________Қаралды:_____________
Мұғалім: Тлеубаева А.Т
Пән: Информатика
Сынып: 5 «а», «ә», «б»
Сабақ
|
№8
|
Сілтеме
|
Информатика әдістемелік құрал
Арман ПВ 2013
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі.
|
Жалпы мақсаты
|
Программалық жабдықтаманың түрлері мен қызметін көрсете отырып, операциялық жүйенің қызметі, оның құрылымы, жүктелу тәсілі ұғым қалыптастыру.
|
|
|
|
Күтілетін нәтиже:
|
WINDOWS ОЖ де жұмыс жасай алады, пернетақтамен тез жұмыс жасауға үйренді, Ож туралы мәлімет алады, не білені, не білмегені туралы ойланады.
|
|
|
Негізгі идеялар
Қолданылатын әдістер
|
іздену, мағлұмат жинау, тапсырма орындау
|
Құрал-жабдықтар:
|
постер, маркер,компьютер
|
Сабақ кезеңдері
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
1. Ұйымдастыру кезеңі
|
Ұйымдастыру
Психологиялық ахуал туғызу
Үй тапсырмасын тексеру.
«Қар көшкіні» тренинг өткізу
Мақсаты: сынып ішінде бір-біріне деген психологиялық ахуал тудыру
|
Тренингті жасау
/Оқушылар шеңберге тұрып, өз есімдерін атап, оған бастапқы әріптен басталатын бір сын есім (эпитет) қосып айту керек. Мысалы, Айнаш өз есіміне ақылды, айбынды, асқақ, айлалы т.б./
|
|
2. Негізгі бөлім
|
Жаңа сабаққа байланысты тапсырмалар беру, қорғату. Жаңа тақырыпты таныстырып, кіріспе жасау.
«Тышқан», «Монитор», «Пернетақта» болып 3 топқа бөлу. Топтың аты жазылған қағаздарды шиыршықтап, араластырып, оқушыларға алдыру. Қағаздағы аттарына байланысты топқа бөліну.
Өз топтарының атына байланысты «Тышқан», «Монитор», «Пернетақта» құрылғыларының атқаратын қызметіне сипаттама беру.
Компьютерде сақталатын барлық программалар оның программалық жабдықтамасын (ПЖ) құрайды. ПЖ өздерінің қызметі бойынша түрлі топтарға бөлінеді.
Жүйелік программалық жабдықтама
Компьютер іске қосылған соң, ол жүктелгенге дейін біраз күту керек. Жүйелік программалық жабдықтамаға мына программалар жатады:
1. Операциялық жүйе (мысалы, Windows). Ол компьютердің қондырғылары мен программалық жабдықтамаларының жұмысын басқарады .
2. Драйверлер – компьютерге қосылған түрлі құрылғылардың жұмыс істеуі үшін қажетті программалары.
3. Утилита – компьютерге мұрағаттау, дискілердегі ақпараттың бұзылмауын тексеру, қажетті файлдарды іздеу сияқты қызметтер көрсететін шағын программалар.
Қолданбалы программалық жабдықтама – саны ең көп және алуан түрлі программалар тобы. Қолданбалы есептерді шешуге арналғандарының бәрі қолданбалы программаларға жатады. Ол мәтінмен орындалатын жұмыстар (мәтіндік редактор немесе процессор) фотографияларды қарау (графикалық редакторлар), Интернет желісіндегі жұмыс (шолушы программалар – браузерлер) болуы мүмкін. Қолданбалы программаларды қосымшалар деп атайды.
Кез келген компьютерде мәтінмен, кестелермен, тұсаукесерлермен, суреттермен жұмыс істеуге қажетті офистік қосымшалар орнатылады. Мұндай қосымшалар үйде де, жұмыста да қолданылады.
Интернет желісінде жұмыс істеу үшін желілік қосымшалар пайдаланылады. Оларға әртүрлі браузерлер, пошталық программалар және басқалар жатады.
Көптеген қолданбалы программалар оқытушы сипатқа ие. Мұндай қосымшалар адамдарға түрлі шет тілдерін үйренуге, тестер мен емтихандарға дайындалуға, тіпті жаңа мамандық алуға көмектеседі.
Компьютердің үлкен көлемді ақпаратты сақтау мүмкіндігінің арқасында дерек қорлары, анықтамалықтар және энциклопедиялар сияқты программалар да орын алған.
Кейде сканердің көмегімен қағаздағы мәтінді компьютерлік программаларға көшіру қажеттілігі туындайды. Осы мәтіннің мәтіндік форматтағы нағыз құжатқа айналуына арнайы мәтіндерді тану программалары көмектеседі.
Программалау жүйелері.
Жаңа программалар – ОЖ болсын немесе қосымшалар болсын, бәрібір – құру үшін, программалаушыға арнайы программа керек. Ондай программаларды программалау жүйелері деп атайды. Жоғарғы сыныптарда сендер әртүрлі программалау жүйелерінде өздеріңнің программаларыңды жасауға үйренесіңдер.
Жағдай
|
Жүйелік ПЖ
|
Қосымшалар
|
Программалау жүйелері
|
1-нұсқа
|
Сәулетші жаңа тұрғын үй кешенінің пішінін жобалайды
|
|
|
|
Банк қызметкері банк желісі үшін жаңа қосымша жазады
|
|
|
|
Фотограф қала көріністерін түсіру нәтижесінде алған суреттерді өңдейді
|
|
|
|
2-нұсқа
|
Тілшілер жақында өткен мереке туралы ақпарат жинайды
|
|
|
|
Жасөспірім Интернеттегі сүйікті ойынын қолдайтын сайт құрады
|
|
|
|
Бірінші сынып оқушысы әріптерді компьютерлік программа көмегімен үйренеді
|
|
|
|
|
Оқушылап топқа бөлінеді.
Берілген тапсырмалар бойынша жұмыс жасайды.
Оқушылар өз топтарының атына байланысты «Тышқан», «Монитор», «Пернетақта»
құрылғыларының атқаратын қызметіне сипаттама беру.
Тақырып бойынша түсінгендерін постер қорғау арқылы айтады.
Берілген тапсырманы орындайды.
|
3.Қорытынды бөлім
|
Сабақ барысында әрбір оқушының деңгейін аңғару, сабақ соңында қосымша сұрақтар беру
Оқушы пікірлерін тыңдау.
Оқушылар деңгейлік тапсырмалар орындайды. 63 - 65 бет. Сұрақ қою арқылы қысқаша қорытындылау:
1. Компьютерді программамен қамтамасыз ету деген не?
2. Операциялық жүйе жүктеуі қашан болады?
3. Программалық драйвер не үшін қажет?
4. Программалық утилитаға мысал келтір.
|
Қорытынды сұрақтарға жауап береді.
Өзге оқушылыр толықтырып отыруына болады.
Сабақтан алған әсері,
қиындығы, ұтымдылығы жөнінде пікір айтады.
|
Рефлексия
|
Әр оқушы стикерге бүгінгі сабақта қандай әсер алғанын қысқаша ғана жазып, тақтаға іледі.
|
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу.
|
Үйге тапсырма
|
Тақырып бойынша оқу, сөзжұмбақ құрастырып келу.
|
Тапсырманы күнделіктеріне белгілеп алады
|
Бағалау
|
Оқушыларды тапсырмаларды орындау деңгейіне қарап бағалау.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |