Сабақ жоспары
Күні:____________________________________________________________
Пән аты: Информатика
Сынып : 5 «А, Б, Д, Е»
Сабақтың тақырыбы: Операциялық жүйенің негізгі нысандары мен оны басқару
Сабақтың мақсаты: Операциялық жүйе ұғымы мен негізгі нысандары және оның міндеттері туралы оқушылардың білімдерін қалыптастыру
Сабақ міндеттері:
-
Білімділік: Оқушыларды ОЖ ортасының ерекшеліктерімен, жұмыс үстелі түсінігімен таныстыру, есептер тақтасын, «Бастау» батырмасын және басты менюді жұмыста қолдануға үйрету
-
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін, логикасын дамыту
-
Тәрбиелік: Оқушыларды жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың құрал-жабдықтары: дербес компьютерлер, мультимедиялық проектор, Windows ОЖ, материалды көрсету үшін презентациялар.
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі
-
Өткенді пысықтау кезеңі
-
Жаңа сабақ кезеңі
-
Жаңа ұғымдарды бекіту кезеңі
-
Жаңа ұғымдарды қолдану кезеңі
-
Бақылау кезеңі
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, сабақтың тақырыбын, мақсатын және міндеттерін айту
II. Өткенді пысықтау кезеңі
-
Компьютердің программалық жасақтамасына нелер жатады?
-
ОЖ-нің негізгі міндеттерін атаңдар
-
Интерфейс деген не?
-
Қандай интерфейстерді білесіңдер?
-
Қолданбалы программалардың міндеттері қандай?
-
Программалау жүйелері не үшін қолданылады?
-
Драйверлер не үшін қажет?
-
Ядро дегеніміз не?
III. Жаңа сабақ кезеңі
Компьютердің программалық жасақтамалары жүйелік, қолданбалы программалардан және программалау жүйелерінен тұрады.
Жүйелік программалардың ішінде операциялық жүйе (ОЖ) (операционная система - ОС) негізгі болып табылады.
ОЖ — компьютердің барлық мәліметтерді өндеу жұмысын ұйымдастыратын программалар жүйесі. Ол компьютердің барлық құрылғыларын басқарады, компьютер құрылғыларының арасында және компьютер мен адам арасында мәліметтер алмасуын жүзеге асырады. Сонымен қатар ОЖ - әмбебап жүйе, оны әр түрлі типтегі компьютерлерге, компьютерге қосылған қосымша құрылғыларға сәйкестендіріп баптауға болады. компьютерді дербес түрде баптауға мүмкіндік береді.
ОЖ-нің негізгі функциясы - осы орта үшін арнайы құрылған бағдарламалардың жұмысын басқару.
WINDOWS – бұл компьютерлік технологияның жаңа деңгейі. Ол деректермен жұмыс жасаудың объектілі-бағдарланған әдістемеге негізделген. ОЖ ортасының ерекшеліктері:
-
пайдаланушының интерфейсін стандарттау;
-
көлемі ондаған Мбайт жедел жадты тиімді басқару;
-
жаңа сыртқы құрылғыларды қиындықсыз қосу мүмкіндігі;
-
программалардың функциясын интеграциялау
-
көп мәселелік, яғни бірнеше қолданбалы қатар орындау және бір программадан екіншіге оңай ауысу мүмкіндігі;
-
графикалық режімді басым қолдану;
-
жергілікті желі және Іnternet желісінде жұмыс істеуді қолдаудың құрамдас
құралдары;
-
мультимедиамен (дыбыс және бейне) жұмыстың құрамдас құралдары;
-
"Рlug and Play" технологиясы (қосатын құфылғыларды автоматты баптау).
WINDOWS - графикалық операциялық жүйе, оның негізгі обьектілері терезе мен белгішелер түрінде бейнеленеді.
WINDOWS-тің обьектілері - терезе, жұмыс столы, шартбелгілер, жарлықтар, бумалар, тышқан, мәлімет алмастыру буфері.
WINDOWS ортасында жұмыс столының рөлін дисплей экраны орындайды. Онда жұмыс істейтін программалардың терезелері, құжаттардың жеке файлдары шартбелгілер түрінде орналасқан.
Шартбелгі - экран бетіндегі қысқаша жазуы бар кішірейтілген графикалық бейне. Ол дисплей экранындағы программаны, терезені, функцияны, файлды т.б. бейнелеп тұруы мүмкін.
Жарлық - белгілі бір обьектімен тікелей қатынас жасауды іске асыратын командалық файл.
Бума - экаранда каталогтарды және программалық топтарды белгілеу үшін қолданылады. Бума бұл обьектілер қоймасы.
Тышқан тетігімен орындалатын ең негізгі операция - экран бетімен сілтеменің қозғалуы болып табылады.
Мәлімет алмастыру буфері - әртүрлі программалар немесе құжаттар арасында мәліметтерді тасымалдап, олардың фрагменттерін бір-біріне ауыстырып отыру үшін қолданылатын жады бөлігі.
Есептер тақтасы - бұл экранның төменгі жағындағы жіңішке сұр жолак. Есептер тақтасында «Бастау» батырмасы, уақыт, күн, іске косылған бағдарламалардың аттары бар батырмалар орналасқан.
«Бастау» батырмасы - бұл батырманы басқаннан кейін жүйенің «Бас менюі» пайда болады. «Бас меню» жеті пункттен тұрады:
-
Ашылатын бағдарламалар тобы мен қосымшалардан тұратын тізім
-
Жуық арада ашылған құжаттардың 15-тен аспайтын тізімі
-
Баптау
-
Іздеу
-
Анықтама
-
Орындау
-
Жүмысты аяқтау
IV. Жаңа ұғымдарды бекіту кезеңі
-
Оқулықтағы бақылау сұрақтарына жауап беру.
V. Жаңа ұғымдарды қолдану кезеңі
-
Оқулықтағы «Өзінді тексер» сұрақтарына жауап беру.
-
Оқулықта берілген тәжірибелік тапсырмаларды орындау.
VI.Бақылау кезеңі
-
WINDOWS операциялық жүйесінің ерекшеліктері қандай?
-
Мәлімет алмастыру буфері дегеніміз не?
-
Бума дегенміз не?
-
WINDOWS ОЖ қандай обьектілері бар?
-
Есептер тақтасы дегеніміз не?
-
Жұмыс үстелінде қандай нысандар орналасқан
-
Шартбелгі дегеніміз не?
-
Жарлық дегеніміз не?
Үйге тапсырма: §9, 68-76 беттерді оқу
Достарыңызбен бөлісу: |