Сабақтың тақырыбы: «Жапсырма қалтаның өңдеу жұмыстары»



Дата24.04.2017
өлшемі68.77 Kb.
түріСабақ
Таран негізгі жалпы білім беретін мектебі

Ашық сабақ

(6 сынып)

Сабақтың тақырыбы: Жапсырма қалтаның өңдеу жұмыстары.
Технология пәнінің мұғалімі: Р.А.Сатыбалдиев

2016 – 2017 оқу жылы



Сабақтың тақырыбы: «Жапсырма қалтаның өңдеу жұмыстары»

Сабақтың мақсаты:
а)Білімділік: Жапсырма қалтаны өңдеу технологиясын білу.

Жапсырма қалтаны өңдеп үйрену. 


ә)Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке,

бастаған ісін аяғына дейін жеткізе білуге

тәрбиелеу
б)Дамытушылық: Теориялық білімдерін іс жүзінде көрсетуге

ықпал ету, практикалық іс — әрекеттерін

қалыптастыру.


Сабақтың түрі: Ашық сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, мультимедиялық проектор, алдын ала даярланған презентация, экран, оқулық.
Таратпалы материал: нұсқаулық карта; қалталар; Бұйым үлгісі ( алжапқыш ); Тігін машиналар , үтік, тегістеуші тақтай, тігін бұйымдар, қайшылар, бөлшек пішпе – қалта;

Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
а) Сәлемдесу;
-Сәлеметсіздер ме, балалар !
Бүгін бізде ерекше сабақ.Біздің сабаққа қонақтар келіп отыр «Қош келдіңіздер !» дей отырып, мен бәрімізге жақсы көңіл-күй тілеймін.
-Мен саған сәттілік тілеймін!
-Мен саған шыдамдылық тілеймін!
-Мен саған шығармашылық тілеймін!
-Мен саған жақсы баға тілеймін!
-Мен саған зеректік тілеймін!
-Мен төзімділік тілеймін!
ІІ.Өткен сабақты қайталау.
Оларға тапсырма беру

Жаңа сабақ
Жапсырма қалтаны өңдеу үшін
• Таңдаған қалта үлгісін матадан қиып аламыз
• Кесілген пішім ішке қарай ауыз жағынан 2 см аралықта бүгіледі, ал үш жағынан 0,5 см бүгіледі
• Тегістеп үтіктейді

Қалтаны алжапқышқа орнату үшін:
• Көйлекке қалта орнын белгілеу.
• Қиып алынған қалтаны алжапқышқа белгіленген жеріне көктеп қою керек немесе ағылшын түйреуішпен екі жерден тігіп аламыз.
• Қол машинасымен бастырып тігіп аламыз.
• Тегістеп үтіктеледі.

• Жапсырма қалтаның өңдеу жүйесің талдау, өңдеу ретілігін көрсету.

• Қалтаны астыңғы бөлігімен қосу.
• Қалтаны өңдеу жолдары.
•Жұмысты орындау жүйелілігі:
Практикалық жұмыс:
Оқушыларға нұсқау карта таратылы ағымды нұсқау беру.
1. Нұсқау картаны оқу
2. Қалтаны қол тігіспен өңдеу Физкультминутка.
3. Қалтаны төменгі бөлікке көктеп тігу.
Қорытынды бөлім
1. Өткен тақырыпты бекіту, алған білімдерінді еске салу керек
Оқушыларға сұрақтар :
1. Қапталған қалтаны қандай қызмет атқарады?
2. Қалталардын қандай пішімдерін білесіздер?
3. Қалталар қайда орналасуға мүмкін?

4. Қалта дегеніміз не?


5. Қалта қандай киімдерге көбірек қажет деп ойлайсыздар – салтанатты киімдер, үй киімдері, жұмыс киімдері?

Оқушыларды бағалау:

Білемін Үйрендім Білгім келеді

Көңіл күйлерін тексеру.

Үй тапсырмасы: Алжапқышты әкелу.

Жұмыс орынды жинау
Күншуақ құру. Қонақтарға тілек тілеу.
Денсаулық, шығармашылық табыс, достық, жақсылық, бақыт, махаббат, мейірімділік.
Сау болыңыздар.


Сабақтың тақырыбы: Жапсырма қалтаны өңдеу.
ББҮ кестесі
Білемін Білгім келеді Үйрендім

Толтырған:_________________________ 


Бағалау парағы
№ Оқушының аты- жөні Талқылау 
Семантикалық карта 
ТҚЕ қайталау Шығармашылық тапсырма Қорытынды баға
5 балл 1 балл 5 балл 5 балл
І топ
1
2
3
4
Барлығы:
Бағалау критерилері:
«3» - 10- 13 «4» -14 -17 «5» -18 - 20 

Сабақтың тақырыбы: Алжапқышы пішу, өңдеу.
Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқышты тігу реттерін үйрету
Міндеттері: 1)мата қасиетін, түсі мен суреттерін еске түсіре отырып, алжапқыш бөліктерін пішуді, тігіс түрлерін қолданып өңдеуді үйрету;
2) ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, еңбексүйгіштікке, шеберлікке тәрбиелеу;
3) тігін бұйымдарын өңдеу тәсілдерін меңгерте отырып, эстетикалық талғамын арттыру, іскерліктерін жетілдіру, шығармашылығын дамыту
Сабақ түрі: аралас
Әдістер: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап,ойын
Көрнекіліктер:слайд, нұсқау карта
Құрал-жабдықтар: алжапқыш бөліктері-лекало, мата, қайшы,ине,жіп,түйрегіштер, тігінші боры
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу. Құрал-жабдықтарын, сабаққа дайындықтарын тексеру.
ІІ. Өткен материалды қайталау. 
Алжапқыш тарихы: Ежелгі Египет, Греция, Рококо ғасыры. Алжапқыш түрлері (жұмыс, ұлттық, сәндік). Алжапқышқы қажетті өлшемдер. Сызбасын сызу. Модельдеу.
Оқушыларға түрлі алжапқыш үлгілері беріледі. Ұқсастығы, айырмашылығын анықтау. 
ІІІ. Жаңа сабақ.
Алжапқыш тігу реттері

реті
Алжапқыш тігу реті
Жұмыс барысының орындалуы
1
Пішу
Матаны пішуге даярлау.
Пішім бөліктерін матаға орналастыру.
Бөліктерді айналдыра түзу сызықпен сызу.
Тігіс әдіптерін ескеріп сызу
Бөліктерді қию.
2
Алжапқыш бөліктерін өңдеу
Пішіліп алынған бөліктерді өңдеуге даярлау. Алжапқыштың төменгі бөлігін, кедесін, аспабауды, белбеуді, қалтаны өңдеу.
3
Алжапқыш бөліктерін қосу
Алжапқыштың төменгі бөлігіне қалтаны орналастыру. Белбеуді кеудесімен, алжапқыш етегімен қосу.
4
Алжапқышты соңғы өңдеу
Көктеу тігістерін алып тастау, өтектеу, сапасын анықтау.

Алжапқыш тігу үшін жеңіл, түксіз мата таңдалады. Алжапқышты мақтадан жасалған матадан тіккен дұрыс. 
Мата түрлері, қасиеттері туралы еске түсіру. 


Матаны пішуге даярлау, пішу
1. Матаның сапасын анықтау. Түйіншектер, тесіктер, дақтар, өрнектің шатысқан жерлері-ақаулардың бар-жоғы тексеріледі. Ондай жерлерді бормен белгілейді.
2. Пішім бөліктерін үнемдеп, дұрыс орналастыру үшін матаның ұзыны мен енін өлшеу.
3. Матаның оңы мен терісін, арқауы мен негіз бойын, сурет бағытын анықтау.
4. Пішу алдында матаны өтектейді немесе декатирлейді. 
5. Пішім бөліктерін матаның бүктелінген жерінен бастап негіз жібі бойымен, мата суретін ескеріп орналастырады.
6. Алдымен үлкен бөліктері, сонан соң кішкене бөліктері қойылады, түйрегіштермен түйреледі.
7. Пішім бөліктерін тігінші борымен, сабын қалдығымен, карындашпен сызу, сызу қалыңдығы 1мм-ден артық болмауы керек.
8. Бөліктерді тігіс қосымшаларына орын қалдырып, сызық бойымен қиып шығады.
Декатирлеу -пішу алдында матаны отырмау үшін буға не ыстық суға ұстап ширату, ылғалды-жылумен өңдеу.
Пішім бөліктерін матаға орналастыру.
Ені әртүрлі маталарда пішім бөліктері де әртүрлі болып орналасады. 

ІҮ. Практикалық жұмыс.
Қол жұмыстарын орындағанда қолданылатын қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.
Нұсқау карта таратылып, оқушылар матаға пішім бөліктерін орналастырады.
«Эстафета» ойыны. Екі топқа бірдей мата беріледі. 
1. Матаны дұрыс бүктеу.
2. Матаға пішім бөлігін дұрыс орналастыру, түйрегіштермен бекіту.
3. Пішім бөлікті айналдыра сызу.
4. Тігіс қосымшасын ескеріп сызу.
Екі топтың жұмысын өздеріне тексерту, қателерін түзеу.
Қалтаның орнын анықтау, көшіргі тігісті орындау. 

Ү. Сабақты бекіту. «Адасқан сөз тіркестері». (Матаны өтектейді, тігіс қосымшасы, тігінші боры, үлкен бөліктер, бүктелінген мата) 
Оқушылар дұрыс жауабын таңдайды.

1. Бөліктерді қиғанда ........ ескеріледі. тігіс қосымшасы
2. Матаға алдымен .........орналасады. үлкен бөліктер
3. Пішім бөліктері ......... бастап орналасады. матаның бүктелінген жері
4. Пішім бөліктерін .........сызу. тігінші боры, карандаш
5. Пішу алдында ............ матаны өтектейді

ҮІ. Қорытынды. 
Оқушылардың жауаптары бағаланады. Жұмыс орнын жинастыру.
Каталог: uploads -> doc -> 089e
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
089e -> Сабақ мақсаты Ілияспын! Өлеңге мұрагермін Иесімін мынау ел, мынау жердің, Құлагерді жазып ем жүрегіммен


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет