Компьютер туралы, компьютердің негізігі құрылғыларымен танысады.
Оқушыларды дербес компьютермен, оның негізгі блоктарымен және олардың міндеттерімен таныстыру. ЭЕМ мүмкіндіктерін көрсету. Компьютердің негізгі құрылғыларымен таныстыру.
Мақсаты: сынып ішінде бір-біріне деген психологиялық ахуал тудыру
Тренингті жасау
/Оқушылар шеңберге тұрып, өз есімдерін атап, оған бастапқы әріптен басталатын бір сын есім (эпитет) қосып айту керек. Мысалы, Айнаш өз есіміне ақылды, айбынды, асқақ, айлалы т.б./
Компьютер сөзі есептеуіш дегенді білдіреді, яғни есептеуге арналған құрылғы. Компьютер деп ақпараттық процесті жүзеге асыратын құралды айтамыз. Компьютер- деректерді бағдарламалап өңдеуге арналған электрондық құрылғы.
Қазіргі компьютерлер тек есептеп қана қоймай, цифрлық емес ақпаратты өңдейді, әр түрлі технологиялық процестерді, деректер базасын және басқаларды басқарады.
Компьютердің барлық құрылғылары оның артындағы ажыратып қосқыштар арқылы ажыратылады. Компьютердің процессоры мен жедел жадысынан басқалары оның сыртқы құрылғылары болып табылады. Олар: монитор, пернетақта, мультимедиа колонкасы, тышқан, модем. Әрбір сыртқы құрылғы процессормен арнайы блоктар – адаптер немесе контролер арқылы жалғасады.
Компьютер түрлері:
Суперкомпьютерлер арнайы мақсатта немесе нақты тапсырыспен жасалады.
Үлкен компьютерлер олар үлкен көлемді ақпаратты сақтауға арналған.
Дербес компьютер – ол бір адам басқа компьютерлерден тәуелсіз жеке қолдана алатын компьютер.
Үстел үсті компьютер – үйде немесе офисте ең жиі қолданатын компьютер
Компьютерлік желілердің орталық торабы болып табылатын үлкен компьютерлерді серверлер деп атайды.
Кішкене мөлшерлі ноутбуктерді нетбуктер деп атайды
— Берілген тапсырмалар бойынша жұмыс жасайды.
Тақырып бойынша түсінгендерін постер қорғау арқылы айтады.
3.Қорытынды бөлім
Сабақ барысында әрбір оқушының деңгейін аңғару, сабақ соңында қосымша сұрақтар беру
Оқушы пікірлерін тыңдау.
Қорытынды сұрақтарға жауап береді.
Өзге оқушылыр толықтырып отыруына болады.
Сабақтан алған әсері,
қиындығы, ұтымдылығы жөнінде пікір айтады.
Рефлексия
Әр оқушы стикерге бүгінгі сабақта қандай әсер алғанын қысқаша ғана жазып, тақтаға іледі.
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу.
Үйге тапсырма
§5,7«Менің қиялымдағы компьютер» тақырыбына сурет салу
Тапсырманы күнделіктеріне белгілеп алады
Бағалау
Оқушыларды тапсырмаларды орындау деңгейіне қарап бағалау.
Қысқа мерзімді жоспар Қүні:_________________ Қаралды:_____________
Мұғалім: Тлеубаева А.Т
Пән: Информатика
Сынып: 5 «а», «ә», «б»
Сабақ
№6
Сілтеме
Информатика әдістемелік құралАрман ПВ 2013. Интернет материалдары
Сабақтың тақырыбы:
Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері және мүмкіндіктері. Пернетақта
Жалпы мақсаты
Оқушыларды дербес компьютермен, оның негізгі блоктарымен және олардың міндеттерімен таныстыру. ЭЕМ мүмкіндіктерін көрсету. Компьютердің негізгі құрылғыларымен таныстыру.
-Компьтердің негізгі құрылғысы пернетақтпмен таныстыру
-пернетақтаның міндетін
-пернелердің негізгі топтарын
-алфавитті-цифрлық символдарды енгізу тәсілдерін
-арнайы пернелердің негізгі функцияларын
Күтілетін нәтиже:
Компьютер құрылғыларын және міндеттерін біледі
Компьютер құрылғыларымен жұмыс жасай алады
Компьютер құрылғыларын және міндеттерін ажыратады және бағалай алады.
Негізгі идеялар
Қолданылатын әдістер
сөздік, көрнекі, практикалық, сұрақ жауап
Құрал-жабдықтар:
постер, маркер,компьютер
Сабақ кезеңдері
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушылардың іс-әрекеті
1. Ұйымдастыру кезеңі
Ұйымдастыру
Психологиялық ахуал туғызу
2.Үй тапсырмасын тексеру.
1. Топтың бірлестігін, жайлы көңіл-күйді және эмпатиялық сезімді дамыту мақсатында “Бүгін мен сабақта....” тренингін өткізеді. Мұғалім тренинг шартымен таныстырады.
Жеке, топтық жұмыстары ұйымдастырылады.
/Топтық әңгіме әдісі арқылы топта талқыланады нәтижесінде постерге түсіреді /
І топ: «Компьютер және түрлері»
ІІ топ: «Компьютердің негізгі
құрылғылары және міндеттері»
Тренингті жасау. /Оқушылар шеңберге тұрып, өздерінің бүгінгі сабақта нестейтіндерін айтады.
— Берілген тапсырмалар бойынша жұмыс жасайды.
Тақырып бойынша түсінгендерін постер қорғау арқылы айтады.
2. Негізгі бөлім
Жүйелік блок-мұнда компьютердің негізгі құрылғылары орналасқан. Компьютерді қосып өшіру батырмасы, дискжетек, компакт-дискіні оқитын CD-ROM орналастырылған. Жүйелік блоктың ішінде аналық плата, процессор, CD-ROM, бейнетақташа, дыбыс тақташасы мен т.б. бар.
Монитор-ақпаратты компьютер экранына шығару құрылғысы.
Пернетақта – компьютерге ақпарат енгізу құрылғысы. Пернетақтада пернелерден басқа индикаторлар да бар.
Шартты түрде пернетақтаны 5-бөлікті бөлуге болады:
-басу пернетақтасы (алфавитті- цифрлық және таңбалық ернелер)
Индикаторлар – пернетақтаның қандай режимде жұмыс істеп тұрғанын көрсететін кішкене шамдар.
Функционалдық пернелер- Олар символдық пернелердің үстінде орналасқан. Олар компютердің күрделі операцияларын тез орындай. Әр түрлі программаларды әр түрлі қызмет атқарады.
Символдық пернелер – пернетақтаның негізгі бөлігі. Символ, цифр енгізуге болады.
Нұсқаушы немесе меңзерді экранда басқару пернесі. Меңзерді экранда жылжытуға арналған.
Цифрлық-қосымаNumLock пернетақта арқылы қосылып ажыратылады.
Enter -енгізу пернесі – белгілі бір әрекетті аяқтағанда басылады.
Бос орын – символдарды бір-бірінен ажыратады.
← немесе Backspace пернесі алдыңғы символды өшіреді.
Shift - бұл кіші әріптерді алкен етуге және керісінше орындауға болады.
Caps Lock - алкен әріптер енгізіледі.
Delete - меңзердің оң жағында орналасқан символдарды өшіреді.
кейбір амалдарды орындау үшін пернелердің комбинациясын пайдаланады. Ctrl Alt
3.Қорытынды бөлім
Сабақ барысында әрбір оқушының деңгейін аңғару, сабақ соңында қосымша сұрақтар,тапсырмалар беру
Оқушы пікірлерін тыңдау.
1. Пернетақта қандай құрылғыға жатады?
2. Пернетақтаның негізгі бөліктерін жаз:_______________________________________________________
Қорытынды сұрақтарға жауап береді. Тапсырмаларды орындайды
Өзге оқушылыр толықтырып отыруына болады.
Сабақтан алған әсері,
қиындығы, ұтымдылығы жөнінде пікір айтады.
Рефлексия
Әр оқушы стикерге бүгінгі сабақта қандай әсер алғанын қысқаша ғана жазып, тақтаға іледі.
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын айту.
Үйге тапсырма
Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері және мүмкіндіктері. Пернетақта
Тапсырманы күнделіктеріне белгілеп алады
Бағалау
Оқушыларды тапсырмаларды орындау деңгейіне қарап бағалау.
Қысқа мерзімді жоспар Қүні:_______________ Қаралды:_____________
Мұғалім: Тлеубаева А.Т
Пән: Информатика
Сынып: 5 «а», «ә», «б»
Сабақ
№7
Сілтеме
Информатика әдістемелік құралАрман ПВ 2013.Интернет материалдары
Сабақтың тақырыбы:
Компьютердің қосымша құрылғылары
Жалпы мақсаты
Компьютер туралы, компьютердің қосымша құрылғыларымен танысады.
Оқушыларды дербес компьютермен, оның құрылғылар міндеттерімен таныстыру. ЭЕМ мүмкіндіктерін көрсету.
Мақсаты: сынып ішінде бір-біріне деген психологиялық ахуал тудыру
Тренингті жасау
/Оқушылар шеңберге тұрып, өз есімдерін атап, оған бастапқы әріптен басталатын бір сын есім (эпитет) қосып айту керек. Мысалы, Айнаш өз есіміне ақылды, айбынды, асқақ, айлалы т.б./
2. Негізгі бөлім
Жаңа сабаққа байланысты тапсырмалар беру, қорғату. Түсіну: Жаңа тақырыпты таныстырып, кіріспе жасау.
Тышқан. Қазіргі кездегі компьютерлер тағы да бір ақпараттарды енгізу құрылғысы – «Тышқан» манипуляторымен жабдықталған. Бұдан былай оны тек тышқан (маус) деп қана атайтын боламыз. Оның аты тышқан деп бекер аталмаған. Себебі ол-сұр түсті, тышқанның құйрығына ұқсайтын компьютерге жалғанған иілгіш сымы бар қорап. Ол алақанға ыңғайлы және кілемше бетінде еркін жылжитын арнайы құрылғы.
Принтер. Ақпараттарды қағазға басыпшығаратын құрылғы. Ол дисплейге не шығарылса, соның бәрін қағазға басып шығаруға мүмкіндік береді. Принтерге мәтіндік, кестелік, графикалық ақпараттарды шығаруға болады. Принтердің үш түрі бар: матрицалық, сия бүріккіш, лазерлік.
Матрицалық принтерлер – бұл қарапайым басу құрылғылары. Деректер қағазға инелердің бояйтын таспа арқылы соғуының нәтижесінде пайда болады.
Лазерлік принтерлерполиграфиялық баспадан кем емес баспа сапасын қамтамасыз етеді.Олар минутына бет баспаға шығу жылдамдығымен өлшенеді. Сия бүріккіш принтерлер. Кескін бояудың тамшыларының қағазға түсуінің нәтижесінде айда болады. Сиябүріккіш принтерлер түрлі түсті баспадан кеңінен қолданылады
Сыртқы жад – сыртқы жад ретіндемагнитті диск пайдаланылады.Дискілер қазіргідербес компьютерлердеақпарат тасушы болып табылады, олар ақпаратты тұрақты түрде сақтауға арналған. Магнитті дискілердің екі типі болады. Бірінші типке иілгіш, алмалы-салмалы дискілер немесе дискеттер жатады.
Компакт –дискілер. Компакт дискіні лазерлік дискі деп те атайды. Оның сыйымдылығы өте үлкен, олардағы ақпаратты тек оқуға болады. CD-R компакт –дискілеріне басқа жаңа ақпараттар жазуға немесе ақпараттарды қайта жазуға болмайды. Ал CD-RW дискілеріне ақпаратты жазуға, қайта жазуға болады.
Флэшка - жинақтауыштар және жады карталары. Флэшка – ақпаратты сақтау үшін ең қолайлы контейнер болып табылады. Оларға 32 Мбайт-8 Гбайт дейін ақпарат сақтауға болады. Салмағы жеңіл, қолайлы флэшкаларды USB –портқп қосады, секундына 1-10 Мбайт жылдамдықпен ақпарат жазуға болады.
Сканер - қағаздағы кескінді (жазуды , суретті) түсіріп, дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін құрылғы. Оның көмегімен суретті, графикті, мәтіндерді сканерлеуге (түсіріп алуға) болады.
— Берілген тапсырмалар бойынша жұмыс жасайды.
Тақырып бойынша түсінгендерін постер қорғау арқылы айтады.
3.Қорытынды бөлім
Сабақ барысында әрбір оқушының деңгейін аңғару, сабақ соңында қосымша сұрақтар беру
Оқушы пікірлерін тыңдау.
1. Компьютердің қосымша құрылғыларын ата.
2. Пернетақта деген не?
3. Принтер түрлері.
Қорытынды сұрақтарға жауап береді.
Өзге оқушылыр толықтырып отыруына болады.
Сабақтан алған әсері,
қиындығы, ұтымдылығы жөнінде пікір айтады.
Рефлексия
Әр оқушы стикерге бүгінгі сабақта қандай әсер алғанын қысқаша ғана жазып, тақтаға іледі.
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу.
Үйге тапсырма
Компьютердің қосымша құрылғылары оқу
Тапсырманы күнделіктеріне белгілеп алады
Бағалау
Оқушыларды тапсырмаларды орындау деңгейіне қарап бағалау.
Қысқа мерзімді жоспар Қүні:_______________________ Қаралды:_____________
Мұғалім: Тлеубаева А.Т
Пән: Информатика
Сынып: 5 «а», «ә», «б»
Сабақ
№8
Сілтеме
Информатика әдістемелік құрал
Арман ПВ 2013
Интернет материалдары
Сабақтың тақырыбы:
Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі
Жалпы мақсаты
-«программалық қамтамасыз ету» ұғымы
-түрлерін, түсініктерін, құрамын
-операциялық жүйе, драйвер түсініктерін
-қолданбалы программалар қызметін
Күтілетін нәтиже:
-программалық жабдықтаманың нақты операциялық жүйенін бір түріне жатқызуды
Мақсаты: сынып ішінде бір-біріне деген психологиялық ахуал тудыру
Тренингті жасау
/Оқушылар шеңберге тұрып, өз есімдерін атап, оған бастапқы әріптен басталатын бір сын есім (эпитет) қосып айту керек. Мысалы, Айнаш өз есіміне ақылды, айбынды, асқақ, айлалы т.б./
2. Негізгі бөлім
Жаңа сабаққа байланысты тапсырмалар беру, қорғату. Түсіну: Жаңа тақырыпты таныстырып, кіріспе жасау.
Бұл компьютерге жүйелік программалық жабдықтаманы жүктеу үшін уақыт керек екенін білдіреді.
Жүйелік ПЖ –ға мына программалар жатады :
Операциялық жүйе . Ол компьютердің қондырғылары мен программалық жабдықтамаларының жұмысын басқарады. Операциялық жүйені өндіріс орнының директорымен салыстыруға болады.
Драйверлер – компьютерге қосылған түрлі құрылғылардың жұмыс істеуі үшін қажетті программалар. Мәселен, компьютерге жаңа принтер қостық делік. Операциялық жүйе осы принтермен жұмыс істеуі үшін оған программа-драйвер керек. Драйверді- құрылғының компьютермен араласу тілі десек болады. Әдетте құрылғылардың драйверлері олармен бірге дискілерге жазылып таратылады.
Утилиталар – компьютерге мұрағаттау, дискілердегі ақпараттың бұзылмауын тексеру, қажетті файлдарды іздеу сияқты қызметтер көрсететін шағын программалар.
Қолданбалы программалық жабдықтама
Саны ең көп және алуан түрлі программалар тобы. Қолданбалы есептерді шешуге арналғандарының бәрі қолданбалы программаларға жатады. Ол мәтінмен орындалатын жұмыстар, фотографияларды қарау, Интернет желісіндегі жұмыс болуы мүмкін. Қолданбалы программаларды қосымшалар деп те атайды.
Программалау жүйелері
Жаңа программалар – олар операциялық жүйелер болсын немесе қосымшалар болсын, бәрібір – құру үшін, програмалаушыға арнайы программа керек. Ондай программаларды программалау жүйелері деп атайды.
Операциялық жүйе – компьютердің жұмысын басқаратын басты программа.Адамдарға қандай программалық жабдықтама қажет екенін көрсетіңдер (тиісті бағанға «+» белгісін қойыңдар)
Жағдай
Жүйелік ПЖ
Қосымшалар
Программалау жүйелері
1-нұсқа
Сәулетші жаңа тұрғын үй кешенінің пішінін жобалайды
Банк қызметкері банк желісі үшін жаңа қосымша жазады
Фотограф қала көріністерін түсіру нәтижесінде алған суреттерді өңдейді
2-нұсқа
Тілшілер жақында өткен мереке туралы ақпарат жинайды
Бірінші сынып оқушысы әріптерді компьютерлік программа көмегімен үйренеді
3-нұсқа
Супермаркет сатушысы сатылған тауар туралы деректер енгізеді
Дәрігер электрондық деректер қорына жаңа түскен науқастың ауыру тарихын жазады
Жаңа көпір салушылар компьютерде құрылған модель көмегімен оның беріктігін зерттейді
— Берілген тапсырмалар бойынша жұмыс жасайды.
Тақырып бойынша түсінгендерін постер қорғау арқылы айтады.
3.Қорытынды бөлім
Сабақ барысында әрбір оқушының деңгейін аңғару, сабақ соңында қосымша сұрақтар беру
Оқушы пікірлерін тыңдау.
Қорытынды сұрақтарға жауап береді.
Өзге оқушылыр толықтырып отыруына болады.
Сабақтан алған әсері,
қиындығы, ұтымдылығы жөнінде пікір айтады.
Рефлексия
Әр оқушы стикерге бүгінгі сабақта қандай әсер алғанын қысқаша ғана жазып, тақтаға іледі.
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу.
Үйге тапсырма
Қазіргі таңда ең көп тараған программалар туралы ақпарат жинақтау
Тапсырманы күнделіктеріне белгілеп алады
Бағалау
Оқушыларды тапсырмаларды орындау деңгейіне қарап бағалау.
Қысқа мерзімді жоспар Қүні:______________________ Қаралды:_____________
Мұғалім: Тлеубаева А.Т
Пән: Информатика
Сынып: 5 «а», «ә», «б»
Сабақ
№9
Сілтеме
Информатика әдістемелік құрал
Арман ПВ 2013
Интернет материалдары
Сабақтың тақырыбы:
Операциялық жүйе ұғымы
Жалпы мақсаты
-Windows ортасының ерекшеліктерін
-Жұмыс үстелі, тапсырмалар тақтасы, бас меню, терезе құрылымын, қызметін
-«Пуск» батырмасының арналуын.
Күтілетін нәтиже:
--Windows операциялық жүйесін іске қосуды
-тапсырмалар тақтасындағы таңбаларды пайдалана алады
-Терезелері басқыру
-бумалар терезесін баптауды меңгереді
Негізгі идеялар
Қолданылатын әдістер
іздену, мағлұмат жинау, тапсырма орындау
Құрал-жабдықтар:
постер, маркер,компьютер
Сабақ кезеңдері
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушылардың іс-әрекеті
1. Ұйымдастыру кезеңі
Ұйымдастыру
Психологиялық ахуал туғызу
2.Үй тапсырмасын тексеру.
«Қар көшкіні» тренинг өткізу
Мақсаты: сынып ішінде бір-біріне деген психологиялық ахуал тудыру
Тренингті жасау
/Оқушылар шеңберге тұрып, өз есімдерін атап, оған бастапқы әріптен басталатын бір сын есім (эпитет) қосып айту керек. Мысалы, Айнаш өз есіміне ақылды, айбынды, асқақ, айлалы т.б./
2. Негізгі бөлім
Жаңа сабаққа байланысты тапсырмалар беру, қорғату. Түсіну: Жаңа тақырыпты таныстырып, кіріспе жасау.
Жаңа тақырыпты түсіндіру – мазмұнын экранда паралель көрсетіп отыру арқылы жүргізіледі.
Windows операциялық жүйесі жүктелгеннен кейін экранда Жұмыс үстелі пайда болады.
Жұмыс үстелі
Жұмыс үстелінің сыртқы түрін тұтынушының өзі жеке таңдайды. Әдетте Жұмыс үстелінде Компьютер, Желі, Қоржын, Басқару тақтасы сияқты нысандардың белгішелері, Есептер тақтасы мен Бастау батырмасы орналасады.
Бастау батырмасын басқаннан кейін программаларды іске қосуға, құжат ашуға, жүйенің баптауын өзгертуге, анықтамалық мәлімет алуға, қажетті файлды табуға және т.б.мүмкіндіктер беретін Windows-тің Бас мәзірі ашылады.
Бас мәзірдің негізгі бұйрықтары :
Бас мәзір екі – сол және оң жақ бөліктен тұрады.
Сол жақ бөлігінде жақында жұмыс жасаған программалар тізімі орналасады. Тізімнен төмен 2 бұйрық көрсетіледі:
· Барлық программалар – компьютерде орнатылған программалардың тізімін шығарып, оларды орындауға мүмкіндік береді.
· Іздеу терезесі – файлдарды, бумаларды немесе пошталық хабарламаларды іздеуге мүмкіндік жасайды.
Бас мәзірдің оң жақ бөлігінде мынадай бұйрықтар бар :
· Тұтынушы – дербес буманы ашу;
· Құжаттар – құжаттар топтамасы ашылады;
· Бейне – бейнелер топтамасы ашылады;
· Музыка – музыкалық жазбалар топтамасы ашылады;
· Компьютер – компьютердің параметрлерін баптау ;
· Басқару тақтасы – компьютердің параметрлерін баптау ;
· Құрылғылар мен принтерлер – компьютерге қосылған құрылғыларды баптауға арналған терезе;
· Үнсіз келісім программалары – Интернетте жұмыс істеуге арналған және басқа программалар тізімі ;
· Анықтама және қолдау анықтама жүйесін шақыруға мүмкіндік береді.
Есептер тақтасы
Кез келген қосымшаны іске қосқанда Есептер тақтасында ашылған қосымшаның белгішесі бейнеленген батырма пайда болады. Сонымен, барлық жұмыс істеп тұрған қосымшалар батырма түрінде есептер тақтасында көрсетіледі.
Барлық жұмыс істеп тұрған қосымшалардың батырмаларынан басқа есептер тақтасында тез іске қосу тақтасы да бар. Онда іске қосуға болатын программалардың белгішелері орналасқан.
Есептер тақтасының оң жақ бөлігінде программамен қай тілде жұмыс істеуге болатынын таңдауға мүмкіндік беретін тілдер тақтасы бар. Үнсіз келісім бойынша орыс және ағылшын тілдері орнатылған. Тілді Басқару тақтасы арқылы ауыстыруға болады. Есіптер тақтасы сағатпен аяқталады.
«Бастау» батырмасының Есептер тақтасы мен Бас мәзірінің сырт бейнесі былай бапталады. Алдымен тышқанның оң жақ батырмасымен Есептер тақтасының кез келген бос жерін басу керек. Контекстік мәзір пайда болады. Бұл мәзірдің Қасиеттер бұйрығын таңдаңдар. Есептер тақтасын өздерің таңдағандай етіп баптауға болатын терезе пайда болады.
— Берілген тапсырмалар бойынша жұмыс жасайды.
Тақырып бойынша түсінгендерін постер қорғау арқылы айтады.
3.Қорытынды бөлім
Сабақ барысында әрбір оқушының деңгейін аңғару, сабақ соңында қосымша сұрақтар беру
Оқушы пікірлерін тыңдау.
Тест жұмысы
Қорытынды сұрақтарға жауап береді.
Өзге оқушылыр толықтырып отыруына болады.
Сабақтан алған әсері,
қиындығы, ұтымдылығы жөнінде пікір айтады.
Рефлексия
Әр оқушы стикерге бүгінгі сабақта қандай әсер алғанын қысқаша ғана жазып, тақтаға іледі.
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу. Екі жұлдыз - бір тілек әдісімен толтырады
Үйге тапсырма
Windows операциялық жүйесі тақырыбына сөзжұмбақ құрастыру
Тапсырманы күнделіктеріне белгілеп алады
Бағалау
Оқушыларды тапсырмаларды орындау деңгейіне қарап бағалау.
Қысқа мерзімді жоспар Қүні:______________________ Қаралды:_____________
Мұғалім: Тлеубаева А.Т
Пән: Информатика
Сынып: 5 «а», «ә», «б»
Сабақ
№5
Сілтеме
Информатика әдістемелік құрал
Арман ПВ 2013
Интернет материалдары
Сабақтың тақырыбы:
Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері.
Жалпы мақсаты
-Windows операциялық жүйесінің құрылымын
-басқару элементтерін
-құрылымдық элементтердің қызметін таныстыру
- тышқанның көмегімен Windows операциялық жүйесінің объектілерімен қандай әрекеттер орындауға болатындығын
- тышқанның батырмаларына сипаттама беру
Күтілетін нәтиже:
- Windows операциялық жүйесінің диалогтық терезесінің элементтері мен тағайындалуын
-терезені басқаруды(жабу, орын ауыстыру, өлшемдерін өзгерту, ашылған терезе арасында ауыстырып қосу)
-пернетақта батырмасының көмегімен, қалып күй жолындағы ақпаратты оқып үйренеді
Негізгі идеялар
Қолданылатын әдістер
іздену, мағлұмат жинау, тапсырма орындау
Құрал-жабдықтар:
постер, маркер,компьютер
Сабақ кезеңдері
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушылардың іс-әрекеті
1. Ұйымдастыру кезеңі
Ұйымдастыру
Психологиялық ахуал туғызу
2.Үй тапсырмасын тексеру.
«Қар көшкіні» тренинг өткізу
Мақсаты: сынып ішінде бір-біріне деген психологиялық ахуал тудыру
Тренингті жасау
/Оқушылар шеңберге тұрып, өз есімдерін атап, оған бастапқы әріптен басталатын бір сын есім (эпитет) қосып айту керек. Мысалы, Айнаш өз есіміне ақылды, айбынды, асқақ, айлалы т.б./
2. Негізгі бөлім
Жаңа сабаққа байланысты тапсырмалар беру, қорғату. Түсіну: Жаңа тақырыпты таныстырып, кіріспе жасау.
Windows операциялық жүйелерінің сипаттамаларын кез келген компьютерде өзгертуге болады. Пайдаланушының көрсетуімен сипаттамаларды өзгерту операциялық жүйелерді баптау деп аталады. Шартты түрде баптауды үш топқа бөлуге болады: 1. буманың терезелерінің параметрлерін баптау; 2. негізгі менюді баптау; 3. басқару тақтасының көмегімен жүйені жалпы баптау. Біз енді осы үш топқа жеке - жеке тоқталып өтейік.
1. Буманың терезелерінің параметрлерін баптауды Түрі/Вид/→Параметрлер... командасы бойынша орындауға болады. Осыдан кейін экранда екі немесе үш қосымша беттен тұратын диалогтік терезе ашылады. Олар: Бума/Папка/, Қарап шығу /Просмотр/, Параметрлер. Бума /Папка/ қосымша бетінен біз бір бумадан екінші бумаға өту үшін экранда буманы «алмастыру» режімін таңдаудың батырмалар жұбын көреміз. Қарап шығу /Просмотр/ қосымша бетінде көрінбейтін файлдарды бейнелеуге тыйым салуға болады және ол бума терезесі басында файлдың толық адресін бейнелейтін жалаушаларды қосады және өшіреді. Параметрлер қосымша беті файлдардың жаңа типтерін қосуға мүмкіндік береді.
2. Негізгі менюді және Тапсырмалар тақтасын баптауды Негізгі меню /Баптау/Настройка/ →Тапсырмалар тақтасы/Панель задач/ немесе Тапсырмалар тақтасы контекстік менюінің қасиеттер командалар көмегімен орындаймыз. Бірақ әрбір пайдаланушы Windows операциялық жүйесін қалауымызша баптауымызға болады. Ол үшін: 1. Терезелердің түсін өзгертуге; 2. Жұмыс үстелінің бетінде өрнекті таңдап алуға; 3. Команда мәтінінің қаріп өлшемін үлкейтуге немесе кішірейтуге; 4. Тышқанның қозғалу жылдамдығын тағайындауға; 5. Жұмыс үстел бетіне өзіміз салған суретті орналастыруымызға; 6. Қондырманы тағайындауға болады. Windows операциялық жүйесінің барлық баптауы дерлік Басқару панелі деп аталатын қапшық арқылы орындалады. Бұл қапшықты мына жолмен ашамыз:
Іске қосу → Баптау → Басқару панелі Күнді және уақытты баптау. Біз енді Күн мен уақытты Басқару панелі арқылы қалай баптауға болатынын қарастырайық. Ол үшін мына тапсырмаларды рет - ретімен орындасақ, экрандағы есептер тақтасының төменгі оң жақ бұрышында қойған уақыттарымыз көрінеді. 1. Іске қосу батырмасын басып Бас менюден→ Баптау → Басқару панелікомандаларын таңдайық; 2. Басқару панелі қапшығының терезесіндегі Күн/Уақыт белгісін тышқанмен шертеміз; 3. Екі қосымшасы бар Қасиеттер(Свойства): Күн/Уақыт терезесі пайда болады. 4. Міне біз ашылған терезеден өзімізге қажетті күнді және уақытты таңдай аламыз, таңдап болған соң Қабылдау/Применить/ батырмасын, содан кейін ОК батырмаларын шертеміз.
Windows жағдайындағы дыбысты тағайындау. Компьютермен жұмыс жасаған кезде Windows-тің жұмыс процесіне әр алуан дыбыс – шиқыл, сықыр, лепті үн және т. с. с күйін келтіруге болады. Ол үшін мына тапсырмаларды ретімен орындасақ жеткілікті: 1. Іске қосу батырмасын басып Бас менюден→ Баптау → Басқару панелі командаларын таңдайық; 2. Басқару панелі қапшығының терезесіндегі Дыбыс белгісін тышқанмен шертеміз; 3. Қасиеттер(Свойства): Дыбыс терезесі пайда болады.
Бағдарламаланған оқиғалар бөлімінде оған белгілі бір дыбыс меншіктейміз немесе Обзор... батырмасын шертіп ашылған Дыбысты іздеу терезесінде берілген оқиғаға сәйкес келетін дыбысты таңдаумызға болады, содан кейін ғана алдымен Қабылдау/Применить/ батырмасын, содан кейін ОК батырмаларын шертеміз. Сонымен қатар оқиғаға ішінде бар дыбыстардан дыбыстық схема таңдап, содан кейін оған ат қойып және Қалай сақтаймыз... батырмасында шертіп, жаңа дыбыс тағайындаумызға да болады.
Тышқанды баптау. Тышқанның жүрісін баптау үшін мына әрекеттерді орындау керек: 1. Іске қосу батырмасын басып Бас менюден→ Баптау → Басқару панелі командаларын таңдайық; 2. Басқару панелі қапшығының терезесіндегі Тышқан белгісін шертеміз; 3. Қасиеттер(Свойства): Тышқан терезесі пайда болады. 4. Араластыру /Перемещение/ қосымшасын екпінді етіп, онда орналасқан Шлейфті көрсету /Отображать шлейф/ опциясына жалауша орнатамыз, сонда тышқанды жылжытқанда, оның шлейфі пайда болатынын көреміз, содан кейін ғана алдымен Қабылдау/Применить/ батырмасын, содан кейін ОК батырмаларын шертеміз.
— Берілген тапсырмалар бойынша жұмыс жасайды.
Тақырып бойынша түсінгендерін постер қорғау арқылы айтады.
3.Қорытынды бөлім
Сабақ барысында әрбір оқушының деңгейін аңғару, сабақ соңында қосымша сұрақтар беру
Оқушы пікірлерін тыңдау.
1. Windows операциялық жүйесінің барлық баптауын қалай ашамыз? 2. Басқару панелі командасының ашылу жолын көрсет. 3. Күн мен уақытты қалай баптаймыз?
Қорытынды сұрақтарға жауап береді.
Өзге оқушылыр толықтырып отыруына болады.
Сабақтан алған әсері,
қиындығы, ұтымдылығы жөнінде пікір айтады.
Рефлексия
Әр оқушы стикерге бүгінгі сабақта қандай әсер алғанын қысқаша ғана жазып, тақтаға іледі.
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу. Екі жұлдыз - бір тілек әдісімен толтырады
Үйге тапсырма
§10 тақырыпқа бойынша тест тапсырмаларын құрастыру
Тапсырманы күнделіктеріне белгілеп алады
Бағалау
Оқушыларды тапсырмаларды орындау деңгейіне қарап бағалау.