Суретке қарап үйкеліс күшінің анықтамасын оқушыларға шығарту.
Анықтама: Бір дене екінші дененің бетімен қозғалған кезде пайда болатын күш үйкеліс күші деп аталады.
Үйкеліс күштерінің түрлерімен таныстыру
ТЫНЫШТЫҚ ҮЙКЕЛІСІ
ДОМАЛАУ ҮЙКЕЛІСІ
СЫРҒАНАУ ҮЙКЕЛІСІ
Үйкеліс күшін толық сипаттап, оның қандай шамаларға тәуелді екенін тағайындау үшін 4 топқа (10мин) эксперименттік тапсырма беріледі. Тапсырма жеке тапаққа жазылып, әр топқа алдына қойылады.
1-топ: Сырғанау , домалау, тыныштық үйкелістерін салыстыру.
Керекті құралдар: динамометр, жүк, домалақ қарындаштар.
Жұмыс барысы:
Динамометрдің бөлігінің құнын анықта. ( 2 ұпай)
Ағаш білеуді қойып, оның үстіне жүк қойып, тыныштық үйкеліс күшін есепте.(2 ұпай)
Ағаш білеуді тұрақты жылдамдықпен қозғай отырып, сырғанау үйкеліс күшін өлше. (2 ұпай)
Екі қарындаш үстіне білеуді қойып, домалау үйкеліс күшін анықта (2 ұпай)
Әр түрлі үйкеліс күштерін салыстырыңдар. ( 2 ұпай)
Нәтижесін қорытындылау ( 2 ұпай)
2 –топ: Сырғанау үйкеліс күштерінің жанасатын беттердің материалының тегіне байланыстылығын зерделеу. (12 ұпай)
Керекті құралдар: динамометр, ілмекті жүктер, тегіс қағаз, кедір –бұдырлы қағаз.
Жұмысты орындау:
Динамометрдің бөлігінің құнын анықта. ( 2 ұпай)
Ағаш білеуді үстіне жүк қойып, әуелі столмен , сосын тегіс қағазбен, содан кейін кедір –бұдыр қағазбен үйкеліс күштерін өлшеп, кестені толтыр.
Үйкелісетін бет түрі
|
Үйкеліс күші
|
Ағаш пен ағаш
|
|
Ағаш пен тегіс қағаз
|
|
Ағаш пен кедір- бұдыр қағаз
|
|
Үйкеліс күші неге байланысты? Нәтижесін қорытындылау ( 2 ұпай)
3 –топ: Сырғанау үйкеліс күшінің дене массасының байланысын зерттеу. ( 12 ұпай)
Керекті құралдар: Динамометр, ілгектері бар жүктер.
Жұмыс барысы:
Динамометрдің бөлік құнын анықтау
Ағаш білеуді столға қойып , үйкеліс күшін анықта
Білеудің үстіне жүк қойып, үйкеліс күшін өлше
Үйкеліс күші дене массасына тәуелді ме?
Нәтижесін қорытындылау (баяндау)
4 –топ: Сырғанау үйкеліс күшінің жанасатын беттердің ауданына байланысты емес екенін зерделеу. ( 12 ұпай)
Керекті құралдар: динамометр, ілмекті білеу ағаш -2.
Жұмыс барысы:
Динамометрдің бөлігінің құнын анықтау
Ағаш білеуді үлкен жағымен столға қойып, үйкеліс күшін анықта
Білеуді кішкентай жағымен столға қойып, үйкеліс күшін анықта
Үйкеліс күші жанасатын денелердің бетінің ауданына байланысты ма?
Әр топ өзінің тәжірибесін қорытындылайды.
5- топ : үйкеліс әрекетін техникада ескеру тақырыбына постер құрады, қорғайды . (12 ұпай)
Эксперименттен күтілетін нәтижелер:
F(үйк/тын)>F(үйк/сырғ)>F(үйк/дом)
Үйкеліс денелердің материалына, жанасатын беттің кедір –бұдырына байланысты.
Үйкеліс масса өскен сайын өседі.
Үйкеліс беттердің ауданына байланысты емес.
Оқушылардың қорытындысын толықтырып, үйкеліс күшінің формуласын түсіндіру.
N- нормаль қысым күші. μ –үйкеліс коэффициенті.
Үйкелістің тұрмыста, техникада пайдалы, зиянды жақтарын бірлесе отырып талдап тақтаға екі графаға оқушылар кезекпен толтырады.
Үйкелісті азайту тәсілі: майлау, подшипниктерді пайдалану, массаны азайту.
Үйкелісті көбейту тәсілі: массаны көбейту, кедір –бұдыр жасау, арнайы материалдарды пайдалану.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Бекіту тапсырмалары: №12 өзіндік жұмыс
Ү. Қорытынды. /бағалау
Бағалау шкаласы: 23 ұпайдан жоғары - « 5» 17-22 – «4», 10-16 - «3»
үйге тапсырма: 32 –тақырып. №14 жаттығу
Жауап парағы
Топ жетекшісі_____________________________________
Топ мүшелерінің аты-жөні
|
Өткенді қайталау
( дұрыс жауап 1 ұпай)
|
Жаңа тақырыпты меңгеру (5 ұпай)
|
Эксперимент жасау
(12 ұпай)
|
Өзіндік жұмыс
( дұрыс жауап 1 ұпай), есеп 3 ұпай.
|
Қосымша алған ұпайы
|
Жалпы ұпай саны
|
Бағасы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Топқа бөлу
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
Достарыңызбен бөлісу: |