Алматы қаласы Медеу ауданы № 172 мектеп-гимназиясының физика пәні мұғалімі Джакупова Жамиля Орынбасаровнаның қысқа мерзімді жоспары
Күні: 15.01.15
|
Сыныбы: 7
|
Сабақ № 34
|
Сабақтың тақырыбы
|
Үйкеліс күші.
|
Сілтеме
|
Білім туралы Заң,физиканы оқыту бағдарламасы. Тақырыптық-күнтізбелік жоспар 7 сынып, физика оқулығы 7-сынып, электронды оқулық мәліметтері.
|
Жалпы мақсаты
|
Оқушылардың тәжірибелер жүргізу арқылы үйкеліс күшін азайтуға немесе көбейтуге болатындығына көз жеткізу; топпен жұмыс жасауға, өздерін –өздері бағалауға дағдыландыру; зейінін, есте сақтау қабілетін арттыруға ықпал ету.
|
Көрнекілігі
|
карточкалар, динамометр, жүктер, тегіс, кедір –бұдыр қағаздар, оқулық, «ҮЙКЕЛІС» слайд, техникалық құралдар.
|
Күтілетін нәтиже
|
F(үйк/тын)>F(үйк/сырғ)>F(үйк/дом) екенін біледі
Үйкеліс денелердің материалына, жанасатын беттің кедір –бұдырына байланысты болатынына көз жеткізеді.
Үйкеліс масса өскен сайын өсетінін біледі.
Үйкеліс беттердің ауданына байланысты емес екенін біледі.
|
Негізгі идеялар
|
Бір дене екінші дененің бетімен қозғалған кезде пайда болатын күш үйкеліс күші деп аталады.
Ғүйк – үйкеліс күші.
Үйкеліс күшінің түрлері:
Сырғанау үйкелісі
Домалау үйкелісі
Тыныштық үйкелісі
Үйкелістің пайда болу себептері:
Үйкеліс :
Жанасатын беттердің қандай материалдан жасалғандығына;
Олардың өңделу сапасына;
Бір беттің екінші бір бетке түсіретін қысым күшіне тәуелді.
Дененің өзі жанасып тұрған бетке тік бағытта түсіретін күшін нормаль қысым күші деп атайды.
N –нормаль қысым күші. N=mg
Fүйк=µN µ - үйкеліс коэффициенті
|
Тапсырмалар
|
№1. Білімін тексеру (5 мин) Жеке жұмыс
|
№2 жаңа тақырыпты меңгеру (10 мин) жеке және топтық жұмыс.
|
№3 топтық жұмыс: Эксперимент жасау (10 мин)
|
|
№4 өзіндік жұмыс ( 10-15 мин)
|
Қорытындылау
|
2 мин
|
Бағалау
|
1 мин
|
Сабақ бойынша мұғалім жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І.Ұйымдастыру (2-3 минут)
1.1Сәлемдесу
1.2Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу, түгелдеу
1.2. Топқа бөлу (1,2,3,4,5 сандары арқылы 5 топқа бөлінеді. Оқушы сыныпқа кіре салысымен қолына топтың номерін алып, белгіленген орынға жайғасады. Бұл әдіс топқа бөлінудегі шуды болдырмайды, әрі уақытты үнемдейді.)
ІІ. Өткенді қайталау ( 5 мин)
Интерактивті тақтада алдын –ала дайындалған карточкалардағы қайталау сұрақтары ашылады. және артынша жауаптары тақта арқылы көрсетіледі.
Ауырлық күшінің формуласын жаз.
Салмақтың формуласын жаз.
500кг денеге әсер ететін ауырлық күші неге тең?
Ұшып келе жатқан 100г доптың салмағы неге тең?
Суретте кескінделген күштерді анықта
Масштабты пайдаланып теңәрекет күштің мәнін тап.
Интерактивті тақтадан 2-слайдта жауаптары көрсетіліп, топ басшылары қолдарына берілген «Жауап парағын» толтырады.
III. мағынаны тану кезеңі: Жаңа сабақты меңгерту(10 мин)
Сабақтың тақырыбы: Үйкеліс күші.
1. Суреттерге қарап үздіксіз жазу стратегиясы бойынша «Үйкеліс күші» тіркесінің мағанасын ашу.
Жоспары: Үйкелісті сипаттау; үйкелістің пайдасын, зиянын, қолданылуын түсіндіру. Мысал келтіру.
Достарыңызбен бөлісу: |