САБАҚ: 27 Ноғай Ордасы.Сібір хандығы
|
Мектеп: «№19 орта мектеп» КММ
|
Күні:16.01.17
|
Оқытушының аты-жөні: Сейтказиева Айгүл Жұмабекқызы
|
СЫНЫП: 7 сыныптар
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар:
|
Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары
|
Оқушыларды Ноғай Ордасының тарихымен таныстыру
Ноғай Ордасының өрлеу және құлдырау себептерін ашып түсіндіру.Ойлау және сөйлеу, шығармашылық тапсырмалармен жұмыс жасай білуге үйрету. Оқушыларды бір –бірін бағалауға дағдыландыру.
|
Сабақтың мақсаттары
|
Барлық оқушы істей алады: Оқулықтағы берілген мәтінді оқып, негізгі ойларын анықтайды.
Көпшілігі істей алады: Берілген тапсырма аясында сұрақтар қоя алады
Кейбірі істей алады: Өздерінің қабілеттеріне қарай сұрақтарға жауап беріп, ойларын айта алады.
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылардың сөздік қорын молайту және өз ойларын толық жеткізе білуге үйрету.
|
Алдыңғы білім
|
Бұл бөлім, алдындағы барлық меңгерілген бөлімдермен байланысты.
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған әрекеттер (төмендегі жазбаларды өзіңіздің жоспарлаған әрекеттеріңізбен алмастырыңыз)
|
Ресурстар
|
Басы
|
І. Ұйымдастыру кезеңі. 3-минут.
1.Сәлемдеседі
2. Ынтымақтастық атмосфера орнатады.
3.Оқушыларды сандар арқылы топқа бөлу
1,2,3,4,5 сандары
4. Топбасшысын сайлайды
5. Топ ережесін еске түсіреді
Балалар,үйге қандай тапсырма берілді? Қайталап жіберейік
II.Үй тапсырмасын сұрау 7 минут.
Сұрақтарға жауап: «Миға шабуыл»
1.Әбілхайырдың басқынышылық жорықтары туралы не білесіңдер?
2.Әбілқайырдың ішкі саясатының қайшылықтары неде?
3.Көшпелі өзбектердің құлауының себептері қандай?
4.Әбілқайыр мемлекетіндегі аласапыран уақыт пен қырқыстардың себебі неде?
Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап береді
- Балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не деп ойлайсындар?
1.Ноғай Орласы туралы не білеміз?
2.Оның жер аумағын картадан кім көрсетер екен?
Оқушылар мен мұғалім бірлесе отырып,сұрақтарға жауап іздейді.
|
Оқулық, ақылды тақта,бейнероликтер,
суреттер,
смайликтер,бағалау парақшалары,топ атаулары,топ ережесі т.б.
|
Ортасы
|
III. Жаңа сабақ
Жоспар:
1.Ноғай Ордасының құрылуы
2. Ноғай Ордасының саяси тарихы
3.Сібір хандығы
1.Алтын Орданың құлауы мен Ақ Орданың әлсіреуі нәтижесінде Ноғай ордасы құрылды.Орданың атауы Алтын Орданың әскер қолбасшысы болған Жошы ханның немересі Ноғай есімімен байланысты.Ноғай Ордасының аумағы:Еділ мен Жайық өзендерінің аралығы. Астанасы Сарайшық қаласы.Ноғай ордасының тәуелсіз болып оқшаулана бастауы Алтын Орданы басқарған Едігеден басталды. Ноғай ордасының негізін қалаған Едіге болды.Едіге 15 жылдай Алтын Ордада билік еткен. Тарихи деректерде Ноғай ордасы «маңғыт жұрты » деп аталады.Себебі халқының көбі түркіленген маңғыт жұртынан құралған.15 ғ Ңоғай Ордасы болып бекітілген.Едіге ақсүйектердің рөлін нығайтып,хандық билікті әлсіретуге бағытталды.Ол Ноғай ордасында көптеген хандарды ауыстырған.Кейін Ноғай Ордасы Алтын ордадан бөлшектеніп,дербес феодалдық мемлекетке айналды.Едіге 1398 жылы Орыс княздықтарымен одақтасып Алтын ордадағы билікке үстемдік үшін Тоқтамыспен шайқаста қаза табады.
2.15 ғ орт Едігенің ұлы Нұраддиннің тұсында Ноғай Ордасы күшейе түседі.15 ғ 2 жарт Ноғайлықтар өзбектердің аумағын басып алады.Бірақ Әбілхайыр Ноғайлықтарға қарсылық көрсетпейді.Әбілхайыр оларды бодандық қылуға үміттенеді.Ноғай ордасын басқарудың ұлыстық жүйесі қалыптасты. Ол бірнеше ұлыстардан тұрды Оларды мырзалар басқарды.Олар сот,әкімшілік,әскери шексіз билікке ие болды.Үлкен кеңес құрылды.Оған Едіге ұрпақтары мен шенеуніктер енді.Үлкен кеңесті би басқарды Ол сот билігіне ие болды.Олар билікке жакын туыстарынан шенеуніктерге сайлады.Халықтан салық жинайтын басқару органдары құрылды.16 ғНоғай ордасы орыстармен сауда экономикалық және саяси байланыстар күшейе түседі. Сібірмен,Орта Азиямен Қазақстанмен экономикалық байланыс орнатады.16 ғ бас Ноғай Ордасы құлдыруа басталды.50 ж Казан мен Астрахан Ресейге қосылып кетіп,құрамында тек Жайық аймақтары ғана қалады.Ноғай ордасы бірнеше иеліктерге бөлініп кетеді.Кейбір рулар қазақ хандығына өтіп кетеді. Ш.Уәлиханов: қазақтар мен ноғайлықтарды «екі туысқан ордалар» деп атады.Ноғай ордасындағы қоңырат,қаңлы,арғын,тама,қыпшақ сияқты рулар қазақ хандығына өтіп,қалғандары Орыс княздықтары мен Кырым хандығына қарады.Маңғыт мемлекеті құлап халқы Солтүстік Кавказ бен қазақ хандығының құрамына енеді. «Ноғай» этнонимі Солтүстік кавказда ғана осы күнге дейін сақатлып келеді. Дағыстанда Ноғай районы бар,ал қазақ жеріне енгендер қазақтар деп аталып кеткен.
3.Сібір хандығының этникалық құрамы түркі тілдес тайпалар.Сібір хандығы Шайбани әулетінің үлесінде болды.Астанасы қазіргі Тюмен қаласы.Әбілхайыр хандығы құлағаннан кейін Сібір хандығы құрылды.Негізін қалаушы Тайбұға. Хандықтың билеушісі III Иван Керей мен Жәнібекпен достық және сауда қатынастарын орнату жөнінде келісім жасайды.1581 ж Ермак бастаған орыс казактары Астанасы Ісмер қаласын басып алады.1598 ж орыстар Сібір хандығын Мәскеуге қосып алады.16 ғ соң Шайбани үрпақтарының тарихы аяқталады.
Топтық жұмыс
І тапсырма.Ашық түрдегі тест тапсырмалары.15-минут.
Ноғай Ордасының негізгі Еділ мен Жайық арасындағы далада орналасты,орталығы Сарайшық қаласы болды.
Сарайшық қаласының негізін 13 ғас 2 жарт Жошы ұрпақтары қалады,Ноғай Ордасының астанасына айналып, әкімшілік және сауда орталығы ретінде өзінің гүлдену деңгейіне жетті,алайда 16 ғ соңында Дон және Еділ казактары қаланы басып алып,мүлдем жойып жіберді.
Ноғай Ордасындағы биліктің жоғарғы органы Үлкен кеңес болды.
16 ғ 50 ж Қазан және Астрахан хандықтары Ресейге қосылғаннан кейін Ноғай Ордасы бірнеше дербес иеліктерге бөлінді.
1598 жылы тамызда орыстар Шайбани ұрпағы Көшімге шешуші соққы беріп,Ноғай хандығын Мәскеу мемлекетінің құрамына қосып алды.
Маңғыт мемлекеті құлағаннан кейін «ноғай» этнонимі Солтүстік Қавказда тұратын ноғайлар тобында сақталды,Қазақ хандығының құрамына енгендері қазақтар деп атала бастады.
2 тапсырма. Бір немесе бірнеше дұрыс жауаптары бар жабық тест жұмысы.
1. Алтын Орда құлап,Ақ Орданың әлсіреуі барысында Қазақстанның солтүстік батысында құрылған мемлекет:
А.Ақ Орда
В.Ноғай Ордасы
С.Көшпелі өзбектер
Д.Моғолстан
Е.Темір
2. Ноғай Ордасы Алтын Ордадан бөлектеніп,тәуелсіз феодалдық иелікке айналған кездегі басқарған билеушісі
А.Поладшы
В.Батый
С.Ноғай
Д.Едіге
Е.Темір
3.Едіге әскерінде қыпшақ жасақтарынан басқа орыс княздерінен жасақтары одақтасып, қарсы күрескен ел:
А.Литва
В.Польша
С.Алтын Орда
Д.Венгрия
Е.Хазар елі
4.Ноғай Ордасындағы көшпелі ақсүйектердің рөлін нығайтып,хандық билікті әлсіретуге бағытталған саясатты жүргізген басшы
А.Ноғай
В.Батый
С.Едіге
Д.Поладшы
Е.Темір
5.15 ғ соң Ноғай ордасының астанасы Сарайшықты басып алып
Жойып жіберді
А.Алтын орда хандары
В.Жоңғарлар
С.Әмір Темір
Д.Әбілхайыр хан
Е.Дон және Еділ казактары
Оқулықпен, дәптермен жұмыс, сөйлемді толықтыру, тақырып мәнін ашу.
|
Суреттер,маркер, ватмант,карта.т.б.Постер қорғау
Үлестірмелі тапсырмалар
(технологиялық карта)
Оқулық,дәптер
|
Соңы
|
IV.Сабақты бекіту: 3 минут
Тапсырма №1. «Ой тұжырым» Әр топ бүгінгі сабақта Ноғай ордасының тарихында қандай оқиға ерекше әсер қалдырды?
V.Үй тапсырмасы: 2 минут
1.Тақырыпты оқу
2. Ноғай Ордасына сатылай кешенді талдау жасау
VI.Бағалау: 3 минут
Мұғалімнің бағалауы
Жиынтық бағалау
Сабақтың ә рбір кезеңінде оқушыларды марапаттап жұлдызшалар беріп отыру
Кері байланыс-Мен ойымша......
|
Рефлексия
|
Ерте кезде Ақсақ Темір түрік әміршісі Баязитті жеңіп, оны тұтқынға алыпты. Сол Баязитті Ақсақ Темірдің алдын алып келсе, оның денесі бір жағына қарай қисайып кеткен екен. Оны көріп Ақсақ Темір қарқылдап, шегі қатқанша күледі екен. Сонда Баязит тұрып:
- Ей, Темір, жақсылық та, жамандық та бір Құдайдың қолында. Бүгінгі менің басыма түскен іс ертең сенің басыңа келмесіне кім кепіл?! – депті.
- Мен тағдырдың тұрақсыздығын сен айтпай-ақ білемін. Бақ пен даңқ жалғыз Жаратушыдан! Сенің қасіретіңе күліп тұрғаным жоқ, сені көріп маған мынандай бір ой келді, - дейді Ақсақ Темір. – Егер Алла Тағала сен және мен сияқты ақсақ пен қисыққа тақ пен тәж сыйлаған болса, онда Құдай үшін биліктің де ешқандай құны болмағаны-ау осы деген екен!
Ақсақ Темір сөзі
Мағжан Жұмабаев
«Жиһан деген нe нәрсе?-
Алақанның ауданы!
Бір ауданда көй Тәңірі
Болудың тіпті жоқ сәні.
Тәңірі - көктің Тәңірісі
Күңіренсін, көгін билесін!
Жер Тәңірісі Темірмін,
Жеріме Тәңірі тимесін!»
Көк Тәңірісі - Тәңірінің
Тұқымы жоқ, заты жоқ.
Жер Тәңірісі Темірдің
Тұқымы - түрік, заты - от!
Достарыңызбен бөлісу: |