Сабақ №36 Ү. Кәрібаев атындағы орта мектеп мдшо күні: 18. 01 2017



бет2/4
Дата18.05.2017
өлшемі384 Kb.
#16295
түріСабақ
1   2   3   4

Қысқа мерзімді жоспар


Сабақ № 37

Ү.Кәрібаев атындағы орта мектеп МДШО

Күні: 25.01 2017

Мұғалімнің аты-жөні: Харабай Еркегул.

Сынып: 9 а

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Есептер шығару (Шеңберге іштей және сырттай сызылған төртбұрыштар)

Оқу мақсаттары


Шеңберге іштей және сырттай сызылған төртбұрыштың қасиеттерін қолданып есептер шығаруды үйрету;

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы: шеңберге іштей және сырттай өртбұрышты қалай сызуға болатындығын тұжырымдайды; Іштей және сырттай сызылған төртбұрыштардың қасиеттерін қолданып қарапайым есептерды шығарады;

Оқушылардың көпшілігі:есептер шығару барысында кескіндерін дұрыс салады және төртбұрыштардың қасиеттеріне есептер шығаруда қолданады;;

Жетістік критерийлері

Шеңберге іштей сызылған төртбұрыштың қасиетін біледі;

Шеңберге сырттай сызылған төртбұрыштың қасиетін түсіндіреді;

Шеңберге іштей және сырттай сызылған төртбұрыштардың қасиеттерін салыстырады.

Есптер шығаруда қасиеттерді қолданады;

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Кез келген төртбұрышқа іштей немесе сырттай шеңберге сызуға болмайтындығын түсіндіреді;



Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Егер көпбұрыштың барлық төбелері шеңбердің бойында жатса, онда бұл көпбұрышты іштей сызылған көпбұрыш деп атайды.

Егер шеңбер көпбұрыштың барлық қабырғаларын жанайтын болса, онда көпбұрышты сырттай сызылған көпбұрыш деп аталады.

Іштей сызылған төртбұрыштың қарама-қарсыбұрыштарының қосындысы180 градусқа тең.

Сырттай сызылған төртбұрыштың қарама-қарсы қабырғаларының қосындысы тең болады


Құндылықтарды дарыту

Тақырыптың мазмұнын түсініп, математикалық сөздік қорын молайады;, ой өрісі дамыта отырып , сөз ұтқырлыққа талпыну әрекеттерін пайдаланады

Пәнаралық байланыстар

Сызу , математика

АКТ қолдану дағдылары

Ақпаратты табу, қосымшаларды пайдалану арқылы АКТ-ны қолдану.

Бастапқы білім


Шеңберге іштей сызылған бұрыштың қасиеттерін түсіндіреді; төртбұрыштың түрлері және қасиеттері туралы түсіндіре алады;


Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Диалогтық оқыту, Миға шабуыл,математикалық диктант; Ойлан –жұптас – бөліс БББ кестесі


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут


5 минут

5 минут


Сабақтың ортасы

20 минут


15 минут


І. Ұйымдастыру кезеңі.
-оқушыларды түгендеу;
-сабаққа даярлықтарын тексеру;

-сабаққа көңілдерін аудару.

Үй тапсырмасын жұппен тексеру.

ІІ. Өткенді қайталау

І нұсқа


1.Қабырғалары 7 және 10 метрге тең болатын тік төртбұрышқа іштей сызылған шеңберді сызуға бола ма?

2.Ал ромбқа ше?

3.Сырттай сызылған төртбұрыштың қабырғалары 7 және 10 метрге тең.Периметр неге тең.

4.Сырттай сызылған теңбүйірлі трапецияның қабырғалары 4 және 16 м.Сырттай және іштей сызылған шеңбердің радиустарын табыңдар.

ІІ нұсқа

1.Қабырғалары 6 және 13 метрге тең болатын параллелограммға іштей сызылған шеңберді сызуға бола ма?

2.Ал квадратқа ше?

3.Сырттай сызылған төртбұрыштың қарама-қарсы жатқан қабырғалары 9 м және 11м-ге тең.Осы төртбұрыштың периметрін тап.

4.шеңбердің радиусы 2м-ге тең,сырттай сызылған теңбүйірлі трапеция берілген.Оның бүйір қабырғасы 5 м тең.Т/к :

1)Трапецияның табаны

2) Іштей сызылған шеңбердің R?

V. Практикалық жұмыстар: Ойлан жұптас бөліс жұптық жұмыс

берілген есептерді шешу


  1. Шеңберге сырттай сызылған теңбүйірлі трапеция берілген. Оның орта сызығы 1см, ал бір бұрышы 300. Шеңбердің радиусын тап




  1. Радиусы 2м-ге тең шеңберге сырттай сызылған теңбүйірлі трапецияның бүйір қабырғасы 5м. Табу керек:

Трапецияның табандарының ұзындығын;

Сырттай сызылған шеңбердің радиусын




  1. Шеңберге сырттай сызылған теңбүйірлі трапецияныі табандарының ұзындығы 4 және 16 м. Табу керек:

Сырттай сызылған шеңбердің радиусын

Іштей сызылған шеңбердің радиусын




  1. Диагональдары 6м және 8м болатын ромбтың ішіне шеңбер сызылған. Осы шеңбердің радиустарын табыңдар.




  1. АВСД төртбұрышының төбелері шеңбердің бойыннда жатыр. ⦟АВD=740, ⦟DBC=380, ⦟BDC=650. Қалған бұрыштарын табыңдар.




  1. Теңбүйірлі трапецияға іштей сызылған шеңбердің радиусын табыңдар. Трапецияның бүйір қабырғасы 10см, табанының кішісі 4см.

  2. Шеңберге сырттай сызылған теңбүйірлі трапецияның бүйір қабырғасы 8см. Трапецияның периметрін табыңдар.

Қорытындылау Венн диаграммасы

Шеңберге іштей және сырттай сызылған шеңберлер


Шыныбеков Ә. Н.

№2-қосымша

Ғаламтор


Сабақтың соңы

3 мин


ІХ. Рефлексия жазу. БББ кестесін толтыру

 Х. Үйге тапсырма: 5 сұрақтан тұратын тест дайындап келіңдер

Критерийлер бойынша топтар бір-бірін бағалайды және өзін-өзі бағалайды

Бағалау критеийлері



  • Шеңберге іштей сызылған төртбұрыштың қасиетін білуі;

  • Шеңберге сырттай сызылған төртбұрыштың қасиетін түсінуі;

  • Шеңберге іштей сызылған төртбұрыштың қасиетін қолданып есеп шығаруы;

  • Шеңберге сырттай сызылған төртбұрыштың қасиетін қолданып есеп шығаруы;

  • Есептерді толық және сауатты шығарылуы;







Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Жеке тапсырмалар беру арқылы;

Критерийлер бойынша топтар бір-бірін бағалайды және өзін-өзі бағалайды


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
















Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет