Сабақ №36 Күні: 18. 04. 2017ж Пәні: Қазақ әдебиеті Сыныбы: 5 "ә" Сабақтың тақырыбы: Қ. Жұмаділов "Қозыкүрең"



Дата24.05.2017
өлшемі50,79 Kb.
#16814
түріСабақ
Бекітілді: Сабақ №36

Күні: 18.04.2017ж

Пәні: Қазақ әдебиеті Сыныбы: 5 "ә"
Сабақтың тақырыбы: Қ.Жұмаділов "Қозыкүрең"

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік мақсаты: Жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу жасай отырып, «Қозыкүрең» әңгімесінің мазмұнын меңгерту, білім көкжиегін кеңейту. Қазақ-қырғыз халықтары арасындағы тарихи қалыптасқан қарым-қатынастың, адал көңіл-ниеттің, шынайы бауырластығы туралы әңгімелеу. Табиғат перзенті жылқы малына деген сүйіспеншілік көзқарасты ұғындыру.

2. Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды адамгершілік, қайырымдылық, бірлік, достық, Отанды сүюге, бауырластыққа, сыйластыққа және жүйрік аттарды баптап, қадірлей білуге тәрбиелеу.

3. Дамытушылық мақсаты: Оқушының өз бетінше іздене білу, қорытынды, тұжырым жасаудағы машығын дамыту, ой-өрісін, сөздік қорын, ойлау қабілетін арттыру.

Сабақтың түрі: Жаңа материалды меңгерту

Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, баяндау, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, ой қозғау .

Сабақтың көрнекілігі: Қ.Жұмаділовтың портреті, кесте-сызба, интерактивті

тақта, слайдтық көріністер, видеоклип.

Пәнаралық байланыс: Тарих, бейнелеу өнері

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Жаңа сабақ

1. Қ.Жұмаділовтың өмірі мен шығармашылығына тоқталу.

2. Мәтін жоспары:


  • Ағыбайдың Төреқұл ауылына қонаққа баруы.

  • Жылқышылардың әңгімесі

  • Майданға ат жөнелту

  • Қозыкүреңдегі өзгеріс

  • Саяқбайдың жорамалы

  • Қозыкүреңнің қашуы

  • Туған жерге оралуы

  • Төреқұлдың Ағыбайға тартқан сыйы

3. Мәтінді талдау "Жасырын ұяшықтар".

Ұяшықтар таңдау арқылы сұраққа жауап береді.

  1. Шығарма неліктен «Қозыкүрең» деп аталған ?

  2. Қай повестен алынған үзінді?

  3. Суретші бала кім?

  4. Қай қалаға жеткен соң жылқыны вагоннан түсіріп айдауға тура келді?

  5. Қозыкүреңдегі өзгерісті алғаш байқаған кім?

  6. Қозыкүреңнің елге қашатынын Саяқбай қайдан білді ?

  7. Қозыкүрең аяқтан қалғанда қандай ем қолданды?

  8. Төреқұл досы Ағыбайға қандай сыйлық жасады?

ІІІ. Ой толғаныс. Сөздікпен жұмыс (кесте бойынша)

  1. Ақалтеке –

  2. Бесті –

  3. Қу мүйіз –

  4. Өрелеу -

Түркімендік жүйрік жылқы тұқымы

Бес жастағы жылқы

Көп нәрсені бастан кешірген, ысылған, төселген.

Аттың алдыңғы аяқтары мен артқы бір аяғын шалып байлау, өре (шідер) салу.



ІV.Бекіту кезеңі. Семантикалық картамен жұмыс




Үзінді

Саяқбай

Төреқұл

Ағыбай

1


  • Пәлі, мына қазақтарды қарай гөр!









2


  • Бұлар менің жиендерім....









3


  • Жігіттер, мен бірдеңе білсем, сендер осы Қозыкүреңнен айырыласыңдар,-деді.







4







5


  • «Біздің арамыздағы достықты осы балалар жалғастыратын болсын...»







6





  • Мынауың баға жетпес сый болды – ау, Төреқұл!









V . С.Жүнісовтың «Ақырғы бәйге» шығармасы мен Қ.Жұмаділовтің «Қозыкүрең» шығармасын салыстыру. Венн диаграммасы.


С.Жүнісовтың «Ақырғы

бәйге» шығармасы

1.

2.

3.

4.




Қ.Жұмаділовтің «Қозыкүрең» шығармасы

1.

2.

3.

4.

Ұқсастығы

VІ. «Кім көп біледі?» ойыны.



Жылқыға байланысты қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер?

1. Жылқы – малдың патшасы,

Түйе – малдың қасқасы.

2. Жүйрік атқа жел қамшы.

3. Жүйрік ат – бірде ат, бірде қанат.

4. Жүйрікті кекіл қағысынан байқайды.


VІІ. Шығармашылық тапсырма

«Менің тұлпарым», «Туған жерге келе жатқан Қозыкүрең» тақырыбында сурет салу немесе ойтолғау жазу.


VІІІ. Үйге тапсырма: 1. Әңгімені оқып, мазмұндау.

2. Әңгіме желісі бойынша сөзжұмбақ, ребус құрастырып келу.


ІХ. Бағалау парағы бойынша оқушылардың білімдерін бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет