Топ: Мектепалды даярлық тобы Тақырыбы: Біз мектепке барамыз Білім беру саласы



Дата08.02.2022
өлшемі1,03 Mb.
#124137
түріСабақ
Байланысты:
МАД,Біз мектепке барамыз


Топ: Мектепалды даярлық тобы
Тақырыбы: Біз мектепке барамыз
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті: Сөйлеуді дамыту
Мақсаты: Өткен тақырыптарға шолу жасай отырып,алған білімдерін қорытындылау.Ойлау қабілеттерін дамыта отырып,ауыз екі сөйлеуге дағдыландыру,қалыптастыру
Үлкенді сыйлауға,ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу
Әдіс- тәсіл: түсіндіру, сұрақ –жауап
Сабақтың барысы:
Балалар сабағымызды бастамас бұрын барлығымыз жаттығу жасап, көңілімізді көтерейікші
Күннің көзі ашылып
Күн шуағы шашылсын
Құтты қонақ келіпті
Төрімізге еніпті
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой
Ал ендеше бәріміз
Сәлем берейік үлкенге
Сәлеметсіздер ме,..

  • Балалар бүгін біздің сабағымыз ерекше өтпекші өйткені бізге көптеген қонақтар келіп қатысып отыр

Сендерге мынандай сұрақтар қойғалы отырмын.
-Біз балалар қайда тұрамыз?
-қандайшағын орталыққа келеміз?
-тобымыз қалай аталады?
-Директор ағайдың аты-жөні кім?
-Нешінші сыныпқа барамыз?
Жұмбақ жасырамыз:
Білімнен мол сый-асы
Балғындардың ұясы
(Мектеп


  • Олай болса біз мектепке дайынбыз ба сол білімімізді тексерейік

  • Қане, балалар мектепке бару үшін бізге не керек болады?

  • Портфель керек екен

  • Сол портфельге не саламыз?

Ойын кезеңі: «Оқу құралдарды жинастыру» Сөмкеміз дайын болды
-Енді бізге не салу керек
-Оқулықтар
Осы кезде есік қағылады ішке сыйқырлы қорабы бар сиқыршы кіреді
Балалар 1сыныпқа баратын кітаптарыңды мен сыйқырлап тастадым тапсырмаларымды орындасаңдар кітаптарыңды қайтарып беремін
-Балалар жарайды орындаймыз
1тапсырма: конверттерде салынған суреттер оларды құрастырып сөйлем құрастырамыз
Мектеп, кітап,сызғыш,бала
Қарапайым математика бойынша
2тапсырма: шарларға жазылған есептердің жауабын табамыз
3+2
10+6
20-10
12-2
Жарайсыңдар балалар сиқыршыны қуантып тастадық
Келесі сергіту сәті орындалады музыка ырғағымен «балапандар биі»
Сиқыршының келесі тапсырмасы «Ұйқасын тап» деп аталады.
Ендеше мұқият тыңдаймыз
Сауат ашу бойынша білімдерін тексеру
Жазу үшін саған
Қажет қағаз........қалам
Қалам сөзін буынға бөлеміз және орынымызда текшелермен жұмыс жасаймыз
Неше әріп, неше дыбыс бар екенін табамыз
Көркем әдебиет бойынша білмдерін көрсету
Келесі тапсырма «Ойлан тап» кубиктерден ертегілер кейіпкерлерін көрсетемін қайсы ертегі екенін тауып,не болуы мүмкін
Егерде.....
-Бауырсақ болсаң не істер едің?
-адамдар құстар сияқты ұшатын болса...
-үйшікті кімдермен салар едің?..
-Маша қыз болсаң не істер едің?...
Балалар пікірлерін ойланып айтады


Слайдпен тапсырмалар
Не жасырылған




«Келісемін,келіспеймін ойыны»
1.Қарбыздар талдың басында өседі
2.Жазда шанамен сырғанаймыз
3.Алма шыршвға ұқсайды
4.шыршаның түсі қызыл
5.балмұздақ ыстық болады
6.қоян балды жақсы көреді
7.пілдің тұмсығы қысқа
8.Сиырдың 4 аяғы бар
9.лимон тәтті болады
10.жұлдыздар аспанда түнде көрінеді
Тіл дамыту бойынша
Жаңылтпаштар айта аламыз ба?
Шеше,неше кесе сынды кеше
Қыста құлағым ісіп кетті,
Үсіп, ісіп кетті
Ұшып кетті ұшқыш
Ұшып келді үш қыз
Сурет өнері бойынша
Әр түстерден сөз тіркестерін құрау
Қызыл, сары ,көк,жасыл түстерді көрсетеміз
Кызыл көйлек, көк ту, сары жапырақ, жасыл желек т.б
Міне балалар қандай коп тапсырмалар орындадыңдар сендердің кітаптарыңды қайтарып беремін өте жақсы орындадыңдар 1сыныпқа баруларыңа сәттілік тілеймін
Күтілетін нәтиже:
Болуы керек: әр оқулық бойынша білімдерін ортаға салуға
Білуі керек: тақырыптық сурет бойынша сөйлем құрауды,өз ойын ашық айтуды біледі

30 балабақша КМКК




Тақырыбы:
Біз мектепке
барамыз





«Күншуақ» тобы
Өткізген: Тынысова А. А.
Пәні : Сөйлеуді дамыту
Павлодар қаласы 2021 жыл

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет