Сабақ №38 Пәні: Коррекциялық сабақ Күні: Сабақтың тақырыбы: «Жақсы көңіл-күй»



бет13/24
Дата07.02.2022
өлшемі32,59 Kb.
#97032
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24
Байланысты:
Сабақ

Қолданылатын материал: альбом,түсті қарындаштар
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушымен амандасу.Сабаққа керекті заттарды дайындап.Оқушының зейінін сабаққа аудару
II .Қабылдауға дайындау.
Көзге арналған жаттығулар.

  1. «Зерек көздер» жаттығуы.Көзімізбен ауада сағаттың бағытымен 6 шеңбер сызамыз,содан кейін кері қарай.

  2. Көзді жыпылықтату.Ауаны мұрныңа тартқанда көзіңді жұм,шығарғанда аш.

  3. «Мұрынмен хат жазу». Көзіңді жұм,Қаламның орнына мұрныңмен ауада сөздер жазасың.

  4. «Көзбен ату» атты жаттығу.Көзіңді солға-оңға,төмен-жоғары жылжытасың (6 реттен).


III. Жаңа тақырып
Қолданылатын ойын (А.А. Мелик-Пашевтің әдістемесі). Бұл ойын қолды жаттықтырады, «иықтан» жұмыс істеуді үйретеді. Оқушы парақта қарындашпен ертегідегі қызды құтқару үшін жіңішке жолмен «жүгіріп» өтеді.Жол екі сызықтардан тұрады, бұл сызықтардан шығып кетуге болмайды,егер шығып кетсе жырға құлап кетеді.Екінші нұсқау-ұйықтап жатқан жануарлардың жанынан өту.Жануар тура денесін қайталайтын аралда жатыр,өту үшін өте жіңішке жол жатыр.Аяғың тайып кетсе өзенге құлайсың немесе жануарды оятасың.Үшінші нұсқау жауып жатқан жаңбырды салу:неғұрлым түзу және жиі жауса жаңбыр соғұрлым орманда тіріліп,ағаштар әдемі өсе бастайды.Бірақ жаңбырдың екі тамшысы бір-біріне тисе бәрі орнына келіп,орман өліп,гүл шөп солып қалады.
Сабақтың екінші жартысы оқушының қиялын дамытуға арналған.Психолог параққа шеңбердің суретін салады:
- Нені салғанымды тапшы.
- Күн!-деп оқушы жауап береді.
- Жақсы қарындаштарды алып шеңберді күн етіп сал.
Басында оқушы қарапайым түсініктерді атайды,бірақ ары қарай (психологтың көмегімен) велосипед,жүзім,Алдар көсенің домбырасы сяқты күрделі түсініктер пайда болады.
Шеңбердің орнына бұрыш толқындар т.с.с. пайда болады.
Ойнап болғаннан кейін оқушы параққа сызық салады,содан кейін бұл парақты психологқа береді. Психолог бұл сызықты өзінің «композициясына» енгізу керек. Сөйтіп бірігіп,суретті аяқтап,ертгі құрасырамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет