Сабақтың басы
10 мин
Жұптық жұмыс
3 мин
Сабақтың ортасы
25 минут
Топпен жұмыс
3 минут
|
Ұйымдастыру. а)Сәлемдесу. Сыныпты түгелдеу. Оқу, жазу, сызу құралдарын тексеру.
Психологиялық дайындық. Жағымды ахуал туғызу мақсатында «Құпия сыйлық» сергiту сәтін өткізу. Оқушылар шеңбер жасап тұрып бiр-біріне ыммен сыйлық ұсынады, келесі оқушы рахметiн ыммен білдіріп ол келесi оқушыға ыммен сыйлық ұсынады т.с.с.
Жіктеу саралау . Топтастыру Оқушылар дауыссыз дыбыстар (қатаң, ұяң, үнді) жиынына қима қағаздарды таңдау арқылы бөлінеді.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады.
Үй тапсырмасын тексеру.
№ 1019,№1022.
Қалыптастырушы бағалау.
Интербелсенді тақтадан жауаптарын көрсету арқылы, сәйкестендіріп жұпта бірін-бірі тексереді. Оқушылар «Бас бармақ» әдісімен білімін көрсетеді.
Кері байланыс: Қандай тапсырманы орындауда қиындық кездесті?
Өткен тақырыпты қайталау. Қарқынды саралау.
Кім жылдам? Оқушыларға сұрақ қойылады, олар жылдам жауап беріп, тақтада бекітілген ватман қағазына жазады.
- Айлар жиынының элементтерін ата.
- Көктем қай жиынның элементі?
- Апта күндері жиынының элементтерін ата.
- Жазық фигура жиынының элементтерін ата.
- Пирамида қай жиынның элементі?
- Жиынның элементі деген не?
|