Тапсырмалар бойынша саралау.
Оқу мақсаты:
Жиынның қатынастары арқылы логикалық мәтінді есептерді шығару
Бағалау критерийі:
Жиынның қатынастары арқылы логикалық мәтінді есептерді шығарады
Ойлау дағдыларының деңгейі : қолдану
А деңгейі
1.Сыныпта 16 ұл бала бар. Олардың 14-і бос уақытында футбол ойнағанды ұнатады, 9-ы шахмат ойнағанды ұнатады. Бұл ойындарға сыныптағы барлық ұл балалар қатысады. Сыныптағы неше оқушы бос уақытында футбол ойнағанды да, шахмат ойнағанды да ұнатады?
2. 24264 санындағы цифрлардың Е жиынын және 45695 санындағы цифрлардың Ғ жиынындарының қиылысу элементтерін жазыңдар.
Дескриптор:
Берілген жиынды жазады:
Жиындардың қиылысу элементтерін орындайды.
В деңгейі
1.«Марс» және «Уран» сөзіндегі әріптерден:
А) А жиынын және В жиынын құрастырып жазыңдар;
В) А және В жиындарының қиылысуын жазыңдар.
2. Қиылысуы: 1) үшбұрыш; 2) бесбұрыш; 3) алтыбұрыш болатын екі үшбұрыш салыңдар.
Дескриптор :
Жиындарды құрастырып,қиылысуын жазады
С деңгейі
1.Ғ-12 санына еселік болатын алғашқы алты натурал сандар жиыны;
К-18 санына еселік болатын алғашқы бес натурал сандар жиыны.
Ғ және К жиындарының қиылысуын белгілеп, оны элементтерімен жазыңдар.
Ғ К-дағы ең кіші сан 12 және 18 сандары үшін қалай аталады?
Дескриптор :
-еселік натурал сандар жиынын жазады.
|