Сабақ 4-сынып Пәні: Дүниетану Тақырыбы: Ауа райы. Ауа райы болжамы және оның мәні



Дата13.05.2017
өлшемі267,63 Kb.
#16234
Семиглавый Мар жалпы орта білім беретін мектебі


Ашық сабақ

4-сынып
Пәні: Дүниетану



Тақырыбы: Ауа райы. Ауа райы болжамы және оның мәні
Дайындаған: Бастауыш сынып мұғалімі

Ахметова Балсұлу Дарқанқызы



Орал қаласы-2014ж

Пәні:Дүниетану

Сыныбы: 4

Сабақтың тақырыбы: «Ауа райы. Ауа райы болжамы және оның мәні»

Сабақтың мақсаты:

Ақпараттық құзіреттілік:

1. Ауа райы және табиғат құбылыстары туралы білімдерін байланыстыра отырып, табиғат, өсімдік және жануарлар арасындағы байланысты түсіндіру.



Камуникативтілік құзіреттілік:

Өзін қоршаған ортаны, табиғатты танып-білуге , байқампаздыққа, табиғатты сүюге, аялауға тәрбиелеу.



Проблеманы шешу құзіреттілігі:

Ассоциация тудыра отырып, талдауға, ой тұжырымдауға, жіктеуге, пікір айтуға, өз бетінше жүйелеп сөйлеуге төселдіру; танымдық қабілетін дамыту.



Әдістер: Ақпараттық, ізденушілік, зерттеушілік, электрондық.

Пәнаралық байланыс математика.

Көрнекіліктер: электрондық презентация, кеспе қағаздар, термометрлер.

Техникалық жабдықтар: Интерактивті тақта, компьютерлер

Сабақтың типі: Аралас сабақ.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру. Психологиялық тренинг.

Әрбір адам?

- Туысым, досым, жұрағат



Әрбір сабақ?

  • Үйрену, ұғу, ұлағат.

Әрбір ісім?

  • Тірлік, тарих, адалдық.

Әрбір сөзім?

- Шындық, бірлік, адамдық



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Сұрақ жауап



  • Жердің ауа қабаты

  • Жерге ғарыштан құлаған заттарды ғалымдар не істейді?

  • Оларды қайда қояды?

  • Ауаны ластайтын не?

  • Біздің еліміз ауаны қорғау үшін қандай шаралар қолданады?

  • Таза ауа адамға не береді?

Үй тапсырмасын бекіту.


1

2

3










Кестеге оқушылардың сабаққа қатысу улгерімін тақтаға сызып қою

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Кіріспе. Жұмбақ:

1. Ол бар жерде бар ма, жоқ па, білмейсің,

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (ауа)

2.Ұстасаң, қолға ілінбес

Қарасаң, көзге түспес. (Ауа)

Аузымен сурет салады,

Демімен ағаш жарады. (Аяз)

3. Ақ шапанын үстінен алты ай бойы шешпейді

Қара шапаны үстінен алты ай бойы түспейді. (Қыс пен жаз)

4. Ол келсе орман шулайды

Толқын теңіз тулайды

Қуса өзен қуады

Ешкім оны құмайды. (Жел)

5.Таңертең бар, кешке жоқ

Кеш түгілі түсте жоқ.

Мен моншақпын әдемі

Ірі емес ұсақпын

Мойнына ешкім таға алмас,

Мендей мөлдір таба алмас (Шық)

6. Қанатсыз құс маңып барады,

Көзінен жасы тамып барады (Бұлт)

7.Көк жүзінде көк жолақ

Қойды екен оны кім бояп. (Кемпірқосақ)


- Тіршілік үшін ең бірінші не қажет?

- Ауа


- Біз ауа туралы білеміз бе?

- Ия


- Ауаның қасиеті қандай?

- Иіссіз, түссіз, мөлдір, дәмсіз.

Демек олай болса, біз бүгін «Ауа райы. Ауа райы болжамы жәңе оның мәні» танысатын боламыз

2. Ауа райы болжамын тыңдату (видео ролик ауа райы болжамы)

- Балалар осы бізге осы ауа райын кім зерттеп қадағалап отырады?

- метеорологиялық қызметкер

3, Слайдттар арқылы жаңа сабақты түсіндіру.

Ауа райының белгілерін таныстыру Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту.

Жылы температура «+» суық тамператур «-»

Градус көрсеткіші +10 -10

Ауа ра йының шартты белгілері:



Оқулықпен жұмыс.

Қарашаның жиырмасы

1. Ауа - газдардың қоспасы екенін дәлелдейтін абзацты тауып оқы
2. Жұмсалған оттегінің орнын толтыратын бөлімді тауып оқы.
3. Тіршілік үшін ауаның бөлігін құрайтын абзацты тауып оқы.
4. Ауа қабығы бірнеше қабаттан тұратын бөлігін тауып оқы.
5. Аспан денелерінің Жерге ұшып түсуі жөніндегі бөлігін тап
IV.Сергіту сәті. Күркіреді күн-күн.

Терезелер шың-шың

Жауды жаңбыр топ-топ

Шелек-шелек көп-көп

Жон арқаңды тос-тос

Күнбағыс тез өс-өс


V.Жаңа материалды өздігінен игеру

Оқушылар 4ке бөлінеді.

1 оқушы. Қыс – көк қарындаш

2 оқушы. Көктем – жасыл қарындаш

3 оқушы. Жаз – қызыл қарындаш

4- оқушы. Күз – сары қарындаш



Әр топ өзінің қарындашымен сызбадан өздеріне керек сөзді нүктемен белгілейді. Әр топ өздеріне тиісті шартты түрде берілген ауа райының астын сызады. (Компьютерде орындалады)



І. Тіршілік үшін ас қажетті оттегі ауаның үштен бір бөлігін құрайды. Көмірқышқыл газының ауадағы үлесі оттегіден 700 есе аз. Ауа қоспасындағы ең көп газ – азот. Ол ауаның үштен екі бөлігін алып тұрады, яғни 78% - ы азот. 21%- ы оттегінің үлесіне тиеді. Слайд.
1. Азот 78%
2. Оттегі 21%
3. Көмірқышқыл 1%

VІ. Дәптермен жұмыс.

Ауа райы – ауа температурасы, бұлт, жел ылғалдылықтың жиынтығы.

Ауа рай диктанты

Қар жауып тұр Аспан тұтас мбұлссты Температоап – 20

Температора + 3 жылы

VІІ. Бекіту. Топтық жұмыс.

1.Әр оқушы үй жануарлары туралы халық болжамдарымен жұмыс жасайды.

Хайуанаттардың қаракет – құлықтарына қарай ауа райы құбылыстарын болжау.

2. Тест «Дұрыс немесе бұрыс» Компьютерде орындалады

1. Өсімдіктердің өсуі ауа райына байланысты емес. –

2. Ауа жердің қызуына байланысты қызады. +

3. 0-жылы мен суық градустың ортасындағы шекара. +

4. Ауа райын алдын-ала болжаудың бізге қажеті жоқ. –

5. Жазда -10градус  белгілері бар ауа райы болуы мүмкін. –

6. Ауа райы – ауа температурасы, бұлт, жел ылғалдылықтың жиынтығы.+


VІІІ.Қорытынды.

  1. – Ауа райының ашық және бұлтты күндерінің арасында қандай айырмашылық бар?

  2. –Ауа температурасы мен өсімдіктер және жануарлар тіршілігінің арасында қандай байланыс бар?

  3. Ауа неліктен қоспаларға жатады?

  4. Ауа қабаты дегенді қалай түсінесің?

  5. «Аққан жұлдыздар» деп жүргеніміз не?

  6. Ауа қабаты Жерге қорғаныш болатынына мысал келтір.

  7. Ауа мен тіршілік иелері арасында қандай байланыс бар?

  8. Ауа райы белгілерін ата

ІХ. Бағалау.

1. Смаликтер арқылы өз өздерін бағалау,себебін түсіндіру

2. Мұғалімнің бағалауы

Х.Үйге тапсырма беру

1. Мәтінді оқып, мазмұндай білу.



2. Жазғы жаңбырдың күзгі жаңбырдан айырмашылығын түсіндіру.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет