Малдың жасы. Сүт өніміне бірден-бір ықпал ететін әсерлердің бірі малдың жасы. Бүкіл организмнің жалпы дамуы мен өсуіне байланысты, әсіресе сүт безі өсе түседі. Сүт өнімділігі жас ерекшеліктің жалпы заңдылығына байланысты, сауылым сүт белгілі-бір максималға дейін біркелкі өседі, сонан кейін ақырындап азая береді. Біздің елімізде өсірілетін сиыр тұқымының максималды сауылым сүті 4-6 сүт түзілуінде (лактацияда) байқалады. 1-і сүт түзілуден максималды (ең жоғарғы) сауылым сүтке дейінгі өнімділік мөлшермен 40-50%-ке өседі. Сауылым сүттін жасерекшелік өзгерісі малдың тұқымының ерекшелігіне, оның азықтануына, күтіп-бағылуына және т.б. байланысты.
Буаздылық. Сиырдың сүт өніміне сиырдың желініндегі сүт безінің секреттік жұмысының әсері тиеді. Оның өсуі, дамуы қалыптасуы барлық сүт қоректілердегі сияқты олардың буаздылығы мен төлдеу процесіне байланысты. Мұндағы байланыс әртүрлі эндокриндік бездердің қызыметіне байланысты (әсіресе гипофиз, жұмыртқа безі) болатын гуморальдік негізге сүйенеді.
Суалу кезеңінің ұзақтылығы. Осы кезеңдерде жануарлар сауын маусымынан келесі кезеңіне дайындала бастайды: желіннің бездік аппаратының жаңартылуы және дамуы және жануардың денесінде ұрықтың аналықтың жатырында жақсы дамуына әсер ететін қоректік, минералдық заттардың қорының қалыптасуы жүреді. Суалу кезеңінің жақсы өткізілуі сиырлардың бұзаулағаннан кейін өнім беруін жоғарлатады деген мәліметтер де бар.
Суалу кезеңінің 60-70 күнге созылуы қалыпты деп есептелінеді. Суалу кезеңінің ұзаққа созуды жас және өнімділігі жоғары сиырларға колдану керек. Суалу кезеңін қосымша сүт өнімін алу үшін қысқарту, көбіне келеңсіз жағдайлар тудырады.
Сүттің сапалық көрсеткіші
Сүттің майлылығы – малдың сүт өнімділігінің бағалаудың негізгі белгісі. Сүттің құрамындағы майдың ұлғайуынан өнімнің қоректік құндылығы жоғарлайды, өзіндік құны төмендейді, сүт өнімдерін өндіру арзандайды. Әр тұқымға жататын сиырдың сүтінің майлылығы 2,5-10,5% мөлшерде айтарлықтай ауытқиды. Сүттің майлылығының көлемін білдіретін негізгі факторлар болып жануарлардың тұқым қуалаушылық және дербес ерекшеліктері есептеледі. Әрбір тұқым, оған тән сүтінің майлылығына байланысты сипатталады
Сиырлардың сүт өнімін мұқиятты түрде есептеп отырады. Ай сайын әр сиырдың сүтін есептеу үшін бақылау жұмысын жүргізеді. Жалпы бір маусым ішінде (305) күнде сиырдың қанша сүт бергенін анықтау үшін 10 айлық сүтін есептейді. Сиырдың сүттілігін бағалау үшін, оның өмірлік сауу маусымының ішінде ең көп сүт берген сауынын есепке ала отырып, өмірлік сүтінің көрсеткішін де есепке алады. Сиырдың сүтін есептегенде тәулік ішінде беретін сүтіне көңіл бөлген жөн. Ал, бұл көрсеткіш сиыр желінінің көлемін көрсетеді. Етті ірі қара шаруашылықтарында бұзау ірі қара шаруашылықтарында бұзау енесінің бауырында 6-8 ай болады.сондықтан етті тұқым сиырларының сүттілігін 6-8 айлық бұзаулардың салмағы бойынша анықтайды. Ол үшін тұқымды сиырлардың стандартын пайдаланады. Бірінші рет бұзаулаған сиырлардың сүт өнімі стандартын 10℅-ға кемітсе, екінші рет бұзаулаған сиырлардың сүт өнімінм 5℅-ға кемітеді. Сиыр сүтінің майлылығы мен белогын айына бір рет анықтайды. Ал, сауу маусымы бойынша анықтау үшін 1 пайыздық сүтке айналдыру қажет.305 күндегі 1℅ сүттің қосындысы, осы маусым ішінде сауылған әр айлық сүттің базистік майлылығы 3,7℅ болған.
Бақылау сауынын айына жоқ дегенде бір мәрте күні бойы жүргізіп, сүттегі майлылық пен белок мөлшерін қоса анықтау үшін сүт мөлшерін алады. Бақылау сауыны болатын күні сауын басқа күндегідей жүргізіледі.
Алғашқы бақылау сауынын сиыр бұзаулағаннан 10-12 күн өткенде ғана жүргізеді, ал соңғы бақылау сауынын сиырды суалуынан 10-20 күн бұрын өткізеді.сүттілікті бақылау сауынның деректері бойынша анықтайды. Бақылау сауыны жүргізілген күні сауылған сүтті сол айдағы күн санына көбейтеді. Ай сайынғы сауылған сүтті жинақтап сол сауын маусымындағы сауылған сүт мөлшерін анықтайды. Сонымен қатар, сауын күндер санын да қатар есептейді. Егер сауын күнінің саны 305 күннен көп болса, ондайда нақтылы сауылған сүтті жеке есептейді, өйткені бонитировка кезінде нақтылы немесе қысқарған сауын маусымындағы сүт есепке алынады.
Сауын маусымындағы сиыр сүті майлылығы мен белогінің орта есеппен алғандағы 1℅-ды сүтті есептеу арқылы шығарады.
Ол үшін:
а) әр айда сауылған сүтті сол айдағы сүт майлылығына немесе белогіне көбейтіп, 1℅-ды сүт немесе белок мөлшерін анықтайды;
б) 1℅-ды сүт немесе белок жиынын сол сауу маусымында барлық сауылған сүтке бөліп, майлылықтың немесе белоктің орташа мөлшерін анықтайды;
в) Сүт майының абсалют көрсеткішін 1℅-ды сүт жиынын 100-ге бөліп шығарады.
Сиырдың сүттілігі сынауда сауын маусымында сауылған сүттен басқа сүттіліктің сол маусым айларында жүруінің де маңызы бар.
Тәулігіне сүтті ең көп беретін сиырдың сауын маусым айларындағы сүттілігі де бірқалыпты. Сауын маусымында сүтті көп және бірқалыпты беретін сиырдың дене бітімі де мықты. Сауын маусымының басында сүтті көп бергенімен маусымдық жалпы сүттілігі аз сиырлардың сүттілігі сауын маусымы айларында тұрақты еместігін айқындайды.
Сауын маусымы сызығы тұқым қуаласа да, сыртқы орта жағыдайларына (азықтандыру, күту, бұзаулаған кезеңі және т.б.) байланыстты келеді. Сауын маусымындағы сүттіліктің тұрақтылығын анықтау үшін оның тұрақтылық коэффициентін анықтайды. Ол мынадай үш жолмен есептеледі:
а) бірінші аймен салыстырғанда сүттіліктің өзгеруі, ℅ есебімен;
б) сауын маусымындағы сауылған сүтпен салыстырғандағы өзгеруі, ℅ есебімен;
в) маусымындағы сауылған сүт сызығын сызу.
Сиырдың сүт өнімділігі көптеген факторларға байланысты. Генетикалық факторлармен қатар генетикалық емес (паратиптік немесе қоршаған орта) факторлар да үлкен рөл атқарады.
Әр тұқымның, әр табынның ішінде сүт өнімділігінің көрсеткіштері жануарлардың жеке тұқым қуалайтын сипаттамаларына байланысты. Әр машинамен сауу операторына тағайындалған сиырлардың бір тобында да сүт шығымдылығында айтарлықтай айырмашылықтар бар.
Ет – малдың бүтін ұшасы немесе ұшаның жеке мүшелері; құнды тағамдық өнім. Бұлшық ет, май, сіңір және сүйек тіндерінен тұрады. Қоректілігі жағынан ең құнды әрі жұмсақ бұлшық ет тіндері омыртқа, арқа, белдеме, жамбас тұстарында болады. Бұлшық ет тіндерінде орта есеппен 73-77% су, 18-21% ақуыз, 1-3% май, 1,7–2% экстракты азотты заттар, 0,9–1,2% экстракты азотсыз заттар, 0,8–1,0% минералдық тұздар, сонымен бірге Вр В2 В6 РР және т.б витаминдер болады.