Сабақ №42 Сабақтың тақырыбы: Адам эволюциясының бағыттары. Адам мен адамтәрізді маймылдардың жалпы ататектері



Дата14.04.2017
өлшемі68,37 Kb.
#13948
түріСабақ
Биология пәні 11-сынып (жаратылыстану)

Құрастырған: Жамбыл облысы, Тараз қаласы, №29 орта мектебінің биология пәні мұғалімі Карасаева Г.А.

Сабақ №42

Сабақтың тақырыбы: Адам эволюциясының бағыттары. Адам мен адамтәрізді маймылдардың жалпы ататектері

Сабақтың мақсаты: Оқушылар адам эволюциясының бағыттарын, адам мен адамтәрізді маймылдардың жалпы ататектерін үйренеді.

Оқушылар өз ойын жеткізе білуге, дәлелді пікір айтуға дағдыланады.

Оқушылар еңбексүйгіштікке, бірлікке тәрбиеленеді.

Күтілетін нәтижесі: Оқушылар адам эволюциясының бағыттарын, адам мен адамтәрізді маймылдардың жалпы ататектерін түсінеді.

Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың типы: Аралас

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Шағын топтық жұмыс, крестиктер мен нөлдіктер, ойлан-бірік-бөліс, сұрақты ұстап ал, шежіре құрастыру әдісі

Құрал-жабдықтар, көрнекілік: плакат, маркер, бейнематериал т.б.

Пайдаланылатын әдебиеттер: 11-сынып биология, биологияны оқыту әдістемесі, интернет көздерінен алған бейнематериал
Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушынның іс-әрекеті

Мақсаты

Кіріспе

(2-3 мин)

Білу, түсіну деңгей


Сыныпты архантроп, палеоантроп, неоантроп арқылы шағын 3 топқа бөлу.

Оқушылар қағазды таңдап, сол бойынша топқа бөлінеді.


Топ мүшелерінің үжымдасу арқылы бітімге, келісімге қол жеткізуіне негізделген.

Тұсау кесер

(10-15 мин)

Крестиктер мен нөлдіктер әдісі арқылы үй жұмысын тексеру:

І топ

1.Кейде құйрықты баланың дүниеге келуі, денесіне қалың түк өсуі, көп емшекті адамдардың тууы қандай белгілерге жатады?

2. Құлақ маңындағы бұлшықеттер, соқырішек, терідегі түктер қандай белгілерге жатады?

3. Адамның шығу тегін, тарихи даму кезеңдерін, материалдық және рухани қазыналарын зерттейтін ғылым саласы.

4. Бұдан 2-3 млн жыл бұрын тіршілік еткен?

5. Малта тастардан қарапайым құрал жасаған?

6. Қазақстандағы аустралопитектердің қоныстарын зерттеген ғалымдарды атаңыз.

7. Миының салмағы 450-650 г болған?

8. Төрттік кезеңде мұзданудан кейін ағаш басынан түсіп, ашық алаңқай жерлерге тіршілік етуге көшкен?

9. «Оңтүстік маймылы» деп аталады?



ІІ топ

1.14-8 млн жыл бұрын тіршілік етіп, тік жүрген.

2. Тік жүруге беймделе бастаған?

3. 1924 жылдан бастап Оңтүстік Африка, Кения, Эфиопия аймақтарынан қаңқа қалдықтары табылған?

4. Миының салмағы 650-800 г болатын?

5. Тастан, жануарлардың сүйегінен, ағаш бұтағынан қарапайым құрал жасап, пайдаланған?

6. Проконсулдар, горилла мен шимпанзе, қайсысынан бөлінген?

7. Епті адамдарды тағы қалай атауға болады?

8. Қаратау, Мұғалжар, Маңғыстау, Сарыарқа алқаптарынан не табылған?

9. 2001 жылы адам мен адамтектес маймылдардың қан құрамын салыстыра отырып зерттеген ғалым?



ІІІ топ

1. Мұздық ғасырдың қалдығы қай кезеңге жатады?

2. Мастодонттар, мамонттар, қылыш тісті жолбарыстар, алып жалқауаңдар жойылған кезең.

3. Мәңгі жасыл магнолия, лавр ағашы, пальма, бамбуктер дамыған кезең.

4. Бунақденелілер шыққан заман және кезең.

5. 3 башпайлы жылқылар – гиппариондар, түйеқұстар мекендей бастаған кезең.

6. Алғашқы құстың пайда болған заманы, кезеңін атаңыз.

7. Адамтектес маймылдар мен адамның арғы тегі пайда болған кезең.

8. Дене тұрқы 30м, салмағы 50 тонна болған динозаврды атаңыз.

9. Горилла мен шимпанзе дамыған кезең.



1-командаға (нөлдіктер) сұрақ қойылады.

Жауап дұрыс болған жағдайда, 1-ші команда сол квадратқа нөлдік қояды.

Жауап дұрыс болмаған жағдайда, 2-ші команда (крестиктер) сұраққа жауап беруге және сол квадратқа крестик қоюға мүмкіндік алады.


Оқушылар ашық және жабық сұрақтарға жауап беру арқылы, негізгі тұжырымдамалар мен жауаптарды көрсету арқылы өткен материалдың есте сақталғанын растайды.


Ойлан-бірік-бөліс әдісі арқылы оқушылар адам эволюциясының бағыттары тақырыбының мазмұнын ашып алады.

Адамның арғы тегі саналы адамның ойналуы өте ұзақ уақытты қажет етті. Антропогенез үш бағытқа бөлінеді архантроптар – ежелгі адамдар, палеоантроптар – ертедегі адамдар және неоантроптар – осы заманғы адамдар. Сендер жаңа тақырыпты өз беттерімен оқисыңдар, бір біріңе түсіндіресіңдер.

1 топ –архантроп,  2 топ – неандерталь адамы, 3 топ – кроманьон адамының ерекшеліктерін оқып, бір біріне мазмұндайсындар.Топ басшылары алдарында тұрған дискрипт бойынша бағалайды.

Жоспар бойынша мазмұндау.

Жоспар: 1. Аты

2. Тіршілік еткен уақыты

3. Сыртқы келбеті

4. Ми көлемі

5. Еңбек құралдары

6. Тұрмыссалты



Оқушылар мәтінді оқиды (Ойлан). Одан кейін олар өз идеяларын әріптестерімен біріктіреді (Бірік) және соңында мұғалім бүкіл сыныптың идеяларын талқылауды бастайды (Бөліс).

Тақырыптың негізгі идеяларын ұйымдастыру, салыстыру, түсіндіру және сипаттау арқылы жаңа материалды түсінгендерін көрсетеді.

Негізгі бөлім

(15-20)

Талдау, қолдану деңгей

Сұрақты ұстап ал әдісі арқылы сабақты бекіту:

1. Ява аралында табылған ежелгі адамның қазба қалдықтарын не себептен питекантроп деп атады?

2. Адамның негізгі ерекшеліктердің бірі – сөз – адамның қай ата тегінде бірінші пайда болды?

3. Архантроптардың ми көлеміне сәйкес тұрмыс салтын сипаттаңдар.

4.Ертедегі адамдардың ежелгі адамдардан қандай негізгі айырмашылықтары бар?

5. Кроманьон адамдардың дене құрылысындағы өздеріне тән белгілері қандай?

6. Архантроптардың қандай топтары тіршілік еткен?


Мұғалім сұрақ қойған кезде допты лақтыруды бастайды, оқушылар жауап береді. Дұрыс жауап берген оқушы өз сұрағын басқа оқушыға арнайды. Оқушылар жауапты білмеген жағдайда сұрақты басқа оқушыға лақтыруына мүмкіндік беріледі.

Жаңа білі ережелерді түрлі нұсқада пайдаланады. Дәйектер мен себептерге сәйкес ақпаратты тексеріп, жіктейді.

Барлық оқушы бірігіп жаңа сабақты бекітеді.



Интернеттен алған видеоматериалды көрсету.

Сұрақ:


Адам эволюциясында маймылдан адамның жаралуына қандай биологиялық және әлеуметтік факторлар әсер етті деп ойлайсыңдар?


Бұл тапсырманы орындағанда оқушылар ойлану керек, қалай, олардың көзқарасы бойынша, неге осылай болу керек екенін түсіндіреді.

Дәйектер мен себептерге сәйкес ақпаратты тексеріп, жіктейді.

Берілген тақырып бойынша әртүрлі көзқарастармен және мәселелермен танысып, оқушылар өз көзқарастарын қалыптастырады.



Қорытынды

(5-7 мин)

Бағалау деңгей

Формативті бағалау әдістерін қолдану.


Оқушылар мұғалімнің бағалауы бойынша бағаланады.

Оқушыларды өзіндік оқуға белсенді қатыстырылады.

"Жетістік" баспалдағы

мен барлығын түсінгеніме сенімдімін.

мен барлығын түсінгеніме жартылай сенімдімін.

мен қайталауды қажет етемін. мен ештеңе түсінбедім.

Сабақ соңында оқушылар баспалдақтың қай тұсында тұрғанын белгілейді.


Ақпарат бойынша қорытынды жасайды. Мұғалім оқушының не үйренгенін біле алады.

Үйге тапсырма беру




1.Адам эволюциясының бағыттары тақырыбын пысықтау.

2. Архантроп, палеоантроп, неоантроп-



шежіре құрастыру.








Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет