Сабақ №43 Сынып: 8 «а» Тақырыбы: Тахауи Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесі Күні: 14. 02. 2017 ж



Дата19.05.2017
өлшемі57,06 Kb.
түріСабақ
Бекітемін: Оқу ісінің меңгерушісі: Ә. Ж. Достанова

Пән: қазақ әдебиеті

Сабақ №43

Сынып: 8 «а»

Тақырыбы: Тахауи Ахтанов

«Күй аңызы» әңгімесі



Күні: 14. 02. 2017 ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Э. М. Курантаева

Сабақ мақсаты:

Т. Ахтанов жайлы мәлімет алуына жағдай жасап, әңгіменің тақырыптық мазмұнын ұғындыру. Ақын шығармасы арқылы ұлттық құндылықтарды қастерлей білуге үйрету, қазақтың күй өнері туралы түсінігін кеңейту.

Барлық оқушылар орындай алады:әңгіменің мазмұнын түсініп оқиды, сұрақтарға жауап береді

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Әңгімеден дәлел келтіріп, ойын еркін жеткізеді



Кейбір оқушылар орындай алады:

Сыни тұрғыдан ойлап, сабақтан тыс кезде алған білімін тақырыппен ұштастыра алады



Тілдік мақсат:

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: күй, әңгіме, композициялық құрылым, жоспар

Талқылауға арналған сұрақтар:

Ботасы өлген аруана Естеміс күйшіге қалай әсер етті?Әсер етсе, жолда күй неліктен толық шықпады?



Не себепті деп ойлайсыз?

«Нар идірген» атты күй не себепті олай аталады? Бұл күйдің пайда болуы



Алдыңғы оқу:

«Қараш-Қараш» оқиғасы

Жоспар:

Жоспарланған уақыт:

Жоспарланған жаттығу түрлері:

Ресурстар бағалау:

Басы: (3 минут)

Топтастыру

( 12 минут)

«Сөзмаржан»

(7 минут)


«Зертхана»

(11 минут)

10 минут


«Білім тексеру сәті»

«Екі жұлдыз, бір тілек»

(2 минут)


Ынтымақтастық ахуал орнатуға ықпалдасып, сандар арқылы топтасады.

168-171-бб. Т. Ахтанов туралы мәліметпен танысады, «Күй аңызы» әңгімесінің тақырыбы мен идеясы туралы тыңдайды



Әңгіме - оқиғаны баяндап айтуға негізделген, қара сөзбен жазылған, шағын көркем шығарма.

«Күй аңызы» әңгімесімен танысады (171-178 бб.)

Берілген кестедегі сөздер мен мағынасын сәйкестендіреді

Тізгін – аттың басын тежеу, игеру үшін пайдаланатын, ұштары жүгеннің ауыздық шығыршығына екі жағынан байланған қайыс.

Шылбыр – жүгеннің шығыршығына бір жағынан тағылған жіп.

Түндік – киіз үйдің шаңырағына жабылатын төрт баулы киіз.

Қолқа салу – дос, жолдас адамдардың бір - бірінен бір нәрсені қалауы.

Тулақ – үстіне жүн сабау үшін немесе төсеніш үшін жүні алынбай қатырылған шикі тері.

Жоны – арқасы, ту сырты.

- Балалар, әңгімеде түйенің қандай түрлерін кездестіреміз?

- Бота, мая, нар, аруана.

Бота – түйенің төлі.

Аруана – екі өркешті, таза тұқымды түйенің ұрғашысы.

Інген – қос өркешті түйенің ұрғашысы.

Мая – жалғыз өркешті түйенің інгені.

Нар – бір өркешті түйе.

Қара нар – түйенің күштісі, мықтысы.

Шығармаға композициялық талдау жасату.

Басталуы: Екі салт аттының жолға шығуы. Күйшілердің әңгімесі.

Байланысы: Жапанда жалғыз нардың кезігуі, ботасы өлген аруананың зары. Естеместің домбырасына тіл бітіруі, жолаушылардың жалғыз қараша үйге келуі

Шиеленісуі: Қыздың әкесіне қолқа салуы

Шарықтау шегі: Естемес күйшінің өнері, «Нар идірген» күйінің дүниеге келуі

Шешімі: Естеместің жолын жас жігітке беруі

Тест сұрақтарына жеке жауап береді

1.Т.Ахтановтың өнер адамының тағдырына арналған шығармасын көрсетіңіз.

А) «Шырағың сөнбесін» B) «Күй аңызы» C) «Боран» D) «Қаһарлы күндер»

2.Т.Ахтановтың «Күй аңызы» әңгімесі қай жылы жарық көргендігін белгілеңіз.

А) 1960 B) 1970 C) 1966 D) 1965

3.Т.Ахтановтың «Күй аңызы» әңгімесінің бас кейіпкерін атаңыз.

А) Нәзира B) Оразымбет C) Жаңыл D) Естемес

4.Т.Ахтановтың «Күй аңызы» шығармасы қандай жанрда жазылғандығын көрсетіңіз.

А) повесть B) әңгіме C) роман D) аңыз

5.Т.Ахтановтың «Күй аңызы» әңгімесінің басты тақырыбын көрсетіңіз.

А) тың игеру кезіндегі ауыл өмірі B) Ұлы Отан соғысы жылдарындағы адам өмірі C) өнер адамының жүрек тазалығы D) әйел теңдігі

6.Т.Ахтановтың «Күй аңызы» әңгімесі алғаш рет қай журналда жарық көргендігін көрсетіңіз.

А) «Жалын» B) «Жұлдыз» C) «Мәдениет және тұрмыс» D) «Ара»

7.Т.Ахтановтың «Күй аңызы» әңгімесіндегі күйші Естеместің шәкіртінің атын көрсетіңіз.



А) Оразымбет B) Жаңыл C) Қошай D) Айдар

8.«Күй аңызы» әңгімесі қай күйдің шығу тарихынан бастау алатынын көрсетіңіз.

А) «Ару ана» B) «Боз жорға» C) «Ақсақ киік» D) «Нар идірген»

9.Күйші Естеместің көңілін толқытқан бойжеткеннің атын атаңыз.

А) Сәуле B) Жаңыл C) Тәтті D) Айша

10.Т.Ахтановтың «Күй аңызы» шығармасында оқиға қай таудың бөктерінде өрбитіндігін көрсетіңіз.

А) Алатау B) Жамбыл тауы C) Матай тауы D) Ипан тауы


оқулық

ноутбук


http://bilimland.kz/
үнтаспа, дәптер

Бірін-бірі бағалайды

http://bilimland.kz/

бірін-бірі бағалау



Үйге тапсырма:

Композициялық құрылым бойынша жоспарлау, кейіпкерлердің портреттері туралы дәйек сөздерді теріп жазу

Қосымша ақпарат:

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Сөзбен мадақтау, төмен дәрежелі сұрақ қою, ойлануға уақыт беру, қайта бағыттау сұрақтары

Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Сыни тұрғыдан ойлайтын сұрақ және жоғары дәрежелі сұрақ қою



Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Бірін бірі бағалау, стразбен бағалау, топ басшысының бағалауы



Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих

Денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. (инт.тақтаны орынды қолдану)

Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі) бірін-бірі тыңдау, патриоттық тәрбие,

ұқыптылыққа тәрбиелеу



Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?





Каталог: uploads -> doc -> 1118
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1118 -> Ақан Сері Қорамсаұлының шығармашылық өмірбаяны Сабақтың мақсаты Білімділік
1118 -> Ашық сабақ жоспары Пәні: Қазақ әдебиеті Топ: 22 еа тақырыбы
1118 -> Тақырыбы: «xxi ғасыр көшбасшысы»


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет