Ынтымақтастық ахуал орнатуға ықпалдасып, сандар арқылы топтасады.
168-171-бб. Т. Ахтанов туралы мәліметпен танысады, «Күй аңызы» әңгімесінің тақырыбы мен идеясы туралы тыңдайды
Әңгіме - оқиғаны баяндап айтуға негізделген, қара сөзбен жазылған, шағын көркем шығарма.
«Күй аңызы» әңгімесімен танысады (171-178 бб.)
Берілген кестедегі сөздер мен мағынасын сәйкестендіреді
Тізгін – аттың басын тежеу, игеру үшін пайдаланатын, ұштары жүгеннің ауыздық шығыршығына екі жағынан байланған қайыс.
Шылбыр – жүгеннің шығыршығына бір жағынан тағылған жіп.
Түндік – киіз үйдің шаңырағына жабылатын төрт баулы киіз.
Қолқа салу – дос, жолдас адамдардың бір - бірінен бір нәрсені қалауы.
Тулақ – үстіне жүн сабау үшін немесе төсеніш үшін жүні алынбай қатырылған шикі тері.
Жоны – арқасы, ту сырты.
- Балалар, әңгімеде түйенің қандай түрлерін кездестіреміз?
- Бота, мая, нар, аруана.
Бота – түйенің төлі.
Аруана – екі өркешті, таза тұқымды түйенің ұрғашысы.
Інген – қос өркешті түйенің ұрғашысы.
Мая – жалғыз өркешті түйенің інгені.
Нар – бір өркешті түйе.
Қара нар – түйенің күштісі, мықтысы.
Шығармаға композициялық талдау жасату.
Басталуы: Екі салт аттының жолға шығуы. Күйшілердің әңгімесі.
Байланысы: Жапанда жалғыз нардың кезігуі, ботасы өлген аруананың зары. Естеместің домбырасына тіл бітіруі, жолаушылардың жалғыз қараша үйге келуі
Шиеленісуі: Қыздың әкесіне қолқа салуы
Шарықтау шегі: Естемес күйшінің өнері, «Нар идірген» күйінің дүниеге келуі
Шешімі: Естеместің жолын жас жігітке беруі
Тест сұрақтарына жеке жауап береді
1.Т.Ахтановтың өнер адамының тағдырына арналған шығармасын көрсетіңіз.
А) «Шырағың сөнбесін» B) «Күй аңызы» C) «Боран» D) «Қаһарлы күндер»
2.Т.Ахтановтың «Күй аңызы» әңгімесі қай жылы жарық көргендігін белгілеңіз.
А) 1960 B) 1970 C) 1966 D) 1965
3.Т.Ахтановтың «Күй аңызы» әңгімесінің бас кейіпкерін атаңыз.
А) Нәзира B) Оразымбет C) Жаңыл D) Естемес
4.Т.Ахтановтың «Күй аңызы» шығармасы қандай жанрда жазылғандығын көрсетіңіз.
А) повесть B) әңгіме C) роман D) аңыз
5.Т.Ахтановтың «Күй аңызы» әңгімесінің басты тақырыбын көрсетіңіз.
А) тың игеру кезіндегі ауыл өмірі B) Ұлы Отан соғысы жылдарындағы адам өмірі C) өнер адамының жүрек тазалығы D) әйел теңдігі
6.Т.Ахтановтың «Күй аңызы» әңгімесі алғаш рет қай журналда жарық көргендігін көрсетіңіз.
А) «Жалын» B) «Жұлдыз» C) «Мәдениет және тұрмыс» D) «Ара»
7.Т.Ахтановтың «Күй аңызы» әңгімесіндегі күйші Естеместің шәкіртінің атын көрсетіңіз.
А) Оразымбет B) Жаңыл C) Қошай D) Айдар
8.«Күй аңызы» әңгімесі қай күйдің шығу тарихынан бастау алатынын көрсетіңіз.
А) «Ару ана» B) «Боз жорға» C) «Ақсақ киік» D) «Нар идірген»
9.Күйші Естеместің көңілін толқытқан бойжеткеннің атын атаңыз.
А) Сәуле B) Жаңыл C) Тәтті D) Айша
10.Т.Ахтановтың «Күй аңызы» шығармасында оқиға қай таудың бөктерінде өрбитіндігін көрсетіңіз.
А) Алатау B) Жамбыл тауы C) Матай тауы D) Ипан тауы
|