“№2 Қабанбай орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар” коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сабақ №45
|
Мектеп №2 ҚОМ
|
Сабақ тақырыбы: Солтүстік Американың халқы және саяси картасы,АҚШ
|
Күні:29.02.2016ж
|
Мұғалім есімі:М.Т.Жунисова
|
Сынып: 7а
|
Қатысқандар:
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ негізделген оқу мақсаты
|
Солтүстік Америка материгінің АҚШ-тың халқының сандық, ұлттық, нәсілдік айырмашылықтарына өздеріне жұмыс жасату арқылы дағдыландыру.
|
Оқу нәтижелері
|
Барлық оқушылар солтүстік Америка материгінің қазіргі кездегі халқының саны жөнінен алдыңғы орында тұрғанын, АҚШ халқы нәсілдік және ұлттық айырмашылықтарына қарай ажырата алады.
|
Оқушылардың басым бөлігі Қосымша интернет мәліметтерімен жұмыс жасай біледі, картадан АҚШ елін тауып бере алады.
|
Кейбір оқушылар Сыни ойлау мен көшбасшылық жасау арқылы солтүстік Америка материгінің саяси картасын және АҚШ-тың туралы жалпы ақпараттанған
|
Алдыңғы оқу
|
Солтүстік Американың табиғат зоналары. Кордильер
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар
|
Ресурстар
|
Басталуы
|
Ұйымдастыру кезеңі /салемдесу, сыныпты түгендеу, оқу құралдарын тексеру /
Психологиялық жағымды ахуал орнату «Айна» «Бүгін мен қандаймын?»деген сұраққа жауап беру арқылы жігерлендіру.
Топқа бөлу /қала аттары, ірі өнеркәсіп, орталықтар суреттері/
Үй тапсырмасын тексеру.
Электронды оқулық 2,3,4 тапсырмалар бойынша жұмыс /зерттелуі, ішкі сулары, аралдары/
Жалған ба? Шындық па? Бірнеше сөйлем айтылады оқушы жалған не шындық екендігін анықтайды
Барибал қара аюы, гризли аюы, пума, вапити бұғысы, америка қара күзені, бұлан солтүстік американың тайгасында мекендейді. /шындық/
Каролин үйрегі Канададан басқа жерлерде мекендейді. /жалған: Канададан басқа еш жерде кездеспейді/
Солтүстік Американың солтүстік жағалауын, Гудзон шығанағының оңтүстік бөлігін, Лабрадор түбегін арктикалық шөл зонасы алып жатыр.
/жалған: тундра зонасы/
Арктика шөл зонасында жануарлардан ұзын, қалың жүнді қойөгіз мекендейді. /шындық/
«Прерий» француз сөзі, «шалғын» деген мағынаны береді. /шындық/
|
5-7мин
10 мин
|
Ортасы
|
Жаңа тақырыпты меңгеру
А)Электронды оқулық арқылы видео анимация ұсынылады.
4 мин оқушылар тамашалап болған соң, бірер ой қортып келесі тапсырмаға кіріседі. «Тыңдайтын үшбұрыштар» Оқушылар үш адамнан тұратын топта бірлесіп жұмыс істейді:
СПИКЕР мұғалімнің нұсқаулығы бойынша тақырыпты түсіндіреді (немесе проблема туралы өз ойымен бөліседі).
ИНТЕРВЬЮЕР мұқият тыңдайды және егжей-тегжейін анықтау үшін сұрақтар қояды.
ХАТШЫ үдерісті бақылайды және «спикерге» де, «интервьюерге» де кері байланыс береді.
(Рөлдерді анықтау үшін “Бірге ойланамыз” тәсілі қолданылуы мүмкін – рөлдермен ауысуға болады (қазір немесе кешіректеу).
- хатшылар жазған мәліметтерімен алмасады, спикерлер «Бір сөйлем» әдісін пайдаланып тақырыпты толықтырады. /әр спикер жаңа тақырып бойынша бір сөйлем айтады егер бір мәлімет қайталанса партаны 2-3 рет соғады, егер қате айтса шапалақтайды/
2-тапсырма: Глосарий /оқулықпен жұмыс/
Вигвам-
Караибтар-
Мулат-
Метис-
Самбо-
Ә)Тақырыппен танысып болған соң топтық жұмыс: Оқушылар 2-топқа бөліне отырып жұмыс жасауға әрекеттенеді.
1топ:С.А халқы мен елдері
2топ: АҚШ
Бекіту : «ДОМИНО» Солтүстік Американың картамен жұмыс /оқушыларға бүгінгі жаңа тақырып бойынша алған ақпараттары мен топқа бөлуге үлестірілген қималарды (қала аттары, өнеркәсіп суреттері жән ірі нысандар) пайдаланып Солтүстік Американың қалалары және ірі өнеркәсіп орталықтары картасын құрастырады.
|
10-12 мин
|
Аяқталуы
|
«Ұшақ» арқылы жағымды атмосфера қалыптастыру
/ топтар бір біріне ұшаққа бүгінгі алған ақпаратты түрлендіре отырып тілек жазып бағыттайды/ қорытындылау.
Үйге тапсырма.§34. 169 бет кестемен жұмыс.
Шығармашылық жұмыс: АҚШ-тың өсімдіктері туралы мәлімет жинау
Рефлексия «Қораптағы сұрақ» ортаға қорап қойылып, оған оқушылар сабақтың соңында өз сұрақтарын қалдыра алады. Бұл сұрақтар келесі сабақта ескеріледі. Оқушының қиындықтары болса жауабын табуға жағдай туғызу.
1.Не білдің?
2. Не түсіндің?
3.Не білгің келеді?
|
10-13 мин
3 мин
|
Қосымша ақпарат
|
Саралау
|
Бағалау
|
АКТ
|
Саралау – сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?
|
Бағалау- оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
|
Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс құндылығы
|
Оқушылардың қолындағы бағдаршамдары арқылы оларға көмек көрсету.
|
Белсенділік танытқан оқушыларға баға қою
| |
Рефлексия
|
|
|
Қорытынды бағамдау
|
Қандай екі нәрсе табысты болды?
1
2
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды?
1
2
Сабақ барысында мен немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім.
|