Сабақтың басы
1 минут
2 минут
2 минут
1 минут
2 минут
|
Ұйымдастыру және сабақтың мақсатын айқындау кезеңі:
І. Амандасу
- Сәлеметсіздер ме, оқушылар?
ІІ. Оқушыларды түгендеу
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІҮ. Өткен сабақты еске түсіру, жаңа сабақ мақсатын айқындау (оқушыларға доп лақтыру арқылы өткен сабақты еске түсірту):
Өткен сабақта қандай тақырып өттік?
Сабақ барысында қандай әркеттерді іске асырдық?
Өткен сабақтан не түйдік?
Жаңа сабақ мақсатын талдап, айқындайды.
Ү. Қызығушылықты ояту: топтастыру
Суреттер арқылы 3 оқушыдан 4 топқа топтасады.
Берілген суреттерде кім?, не? бейнеленгендігіне болжам жасайды. Әр топтан бір оқушы (орындығына стикер жабысқан) сөйлеп, топта жасаған болжауларымен бөліседі.
Жауаптары:
1-сурет: «Әпке» драмасының авторы – Дулат Исабеков.
2-сурет:«Әпке» драмасының (болатын уақыты, орны) хабарландыруы (афишасы).
3-сурет: Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» шығармасы желісімен түсірілген "Көксерек" көркем фильмінің басты кейіпкері – Құрмаш.
4-сурет: Бердібек Соқпақбаевтың "Менің атым Қожа" повесінің желісімен түсірген фильмнің басты кейіпкері – Қожа.
|