Сабақ №46 Мұғалім: Бектурсинова А. 4-сынып «Әдебиеттік оқу» оқулығы С. Рахметова, Т.Әбдікәрімов, Р. Базарбаева
Дата 27.03.2018 өлшемі 96,33 Kb. #39690 түрі Сабақ
Бұл бет үшін навигация:Тақырыбы М. Дулатов «Шешенің балаларын сүюі» Жалпы мақсаты Түйінді идеялары Баланың ана алдындағы парызын сезіне білуі. Күтілетін нәтиже Сабақтың түрі Жарыс сабақ Көрнекілігі Бағалау «Блоб» ағашы ,бағалау парақшасы «Екі жұлдыз, бір тілек» Ұйымдастыру кезеңі «Жұптас-ойлан-бөліс» Танымдық сұрақ Осы айтылған тақырыптар қамтылған тараудың аты қалай аталады Ой қозғау М.Дулатов туралы мәлімет Алаш қозғалысының қайраткері,қазақ ақыны, жазушы,драматург Негізгі мамандығы ұстаз болғандықтан,ол балаларға арнап көптеген шағын әңгімелер,өлеңдер жазған.Сондай өлеңдері Жылдар Өмір жолы Шығармашылығы «Серке» газетінде «Жастарға» өлеңі басылады «Оян, қазақ!» жинағы жарық көреді «Бақытсыз жамал» қазақша тұңғыш роман «Азамат, Тұмар« жинақтары шығады» «Есеп құралы», «Қирағат кітабы» атты еңбектері шығады Сергіту сәті Талдау Үйге тапсырма Бағалау Атырау облысы
Индер ауданы
Елтай селосы
Мұқанғазы Сиранов атындағы орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Бектурсинова Ардақ
Уақыты:
Сілтеме
Сынып: 4 Сабақ № 46 Мұғалім: Бектурсинова А.
4-сынып «Әдебиеттік оқу» оқулығы
С.Рахметова, Т.Әбдікәрімов, Р.Базарбаева
Тақырыбы
М. Дулатов «Шешенің балаларын сүюі»
Жалпы мақсаты
М.Дулатов есімімен таныстыра отырып, өлең мазмұны мен идеясын өз бетімен ашуға, ойды қорытып, пайымдауға бағыттау.
Оқыту міндеттері
1.Мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру, тақырыпты өз бетімен талдау, қорыту, өз пікірін еркін жеткізу шеберліктерін арттыру
2.Өмірдегі ананың рөлін, бағасын түсіну, ана алдындағы парызын сезіну, ананы құрметтеуге баулу
3.Оқушының өз бетімен ізденісін, шығармашылық қабілетін ұштау
Түйінді идеялары
Баланың ана алдындағы парызын сезіне білуі.
Күтілетін нәтиже
1. Мазмұнына байланысты өлеңді оқып танысады, идеялық мазмұнын ашады, ананы сүйіп, қадірлеу керектігін түсінеді;
2. Сыни тұрғыда өлеңді оқу барысында бала өмірі үшін ананың құдіреттілігін айқындайды;
3. Берілген тапсырмалар арқылы оқушылар шығармашылық ізденістері қалыптасады, ойлау, сөйлеу қабілеттері дамиды.
4.Оқушылар өз бетінше ойланады, мәтінге талдау жасауды үйренеді,белсенді тыңдайды, сұрақ қоюға дағдыланады , ауыз екі сөйлеу дағдыларын қалыптастырады.
5.«Бірлесіп ойлау мақсатында» оқушылар арасындағы қарым-қатынас пен ынтымақтастық артады
Сабақтың түрі
Жарыс сабақ
Көрнекілігі
М,Дулатов суреті,, слайд,бағалау парақшасы,стикерлер,қорап,Блоб ағашы
Стратегиялар
Сиқырлы қорап ,,ой қозғау,Синквейн.топтастыру,ДЖИГСО,
Жұптас-ойлан-бөліс
Бағалау
«Блоб» ағашы ,бағалау парақшасы «Екі жұлдыз, бір тілек»
Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері (оқушылар бір-біріне жылы тілектер тілейді.)
Гүл түстеріне байланысты топқа бөлу.
Топ басшысын сайлау,топ ережесін еске түсіру.
Сабақтың жарыс түрінде өтетіндігін ескерту,мұғалімдерге бағалау парақшасын тарату
«Жұптас-ойлан-бөліс»
Танымдық сұрақ?
Осы айтылған тақырыптар қамтылған тараудың аты қалай аталады?
«Сиқырлы қорап» әдісі арқылы өткен тақырыптарға шолу
(әр топтан 2 сұраққа оқушылар жауап береді)
Қамтылған сұрақтар:
1.Біреуге жақсылық етсең,ол жақсылығыңды міндет етпе.Кімнің сөзі?
2. «Сабырсыз, арсыз, ерінщек» өлеңінің авторы кім? Ақын туралы не білесің?
3.»Жолда» әңгімесінің кейіпкерлерін ата
4.Тауқымет сөзі қай шығармада кездеседі? Жалпы ол сөздің мағынасы қандай?
5.Осы кезде оны алыстағы еліне деген сағыныш билеп кетті.Үзінді қай шығармадан алынған?
6.»Ақкөл жағасында» әңгімесінде сөз болған балықтарды ата
7.М.Дулатовтың шығармасының «Оян,қазақ» деп аталу себебі неде?
8.Сеніңше, Құнанбай қандай адам?
Ой қозғау
М.Дулатов туралы
мәлімет
Алаш қозғалысының
қайраткері,қазақ ақыны,
жазушы,драматург,
публицист,ағартушы-пе-
дагог,ХХ ғасырдың бас
кезіндегі қазақ әдебиеті мен мәдениетінің көрнекті өкілі.
Негізгі мамандығы ұстаз болғандықтан,ол балаларға арнап көптеген
шағын әңгімелер,өлеңдер
жазған.Сондай өлеңдері-
нің бірі-«Шешенің балаларын сүюі»
М.Дулатовтың анасы-Дәнеш өте ақылды,өнерге жаны жуық адам болған.
Бірақ Міржақып 2 жасында анасынан айырылады.
«Шешенің балаларын сүюі» өлеңі анасына деген сағыныштан туған.
Міржақып Дулатұлының өмірі мен шығармашылығын хронологиялық кесте арқылы түсіндіру.
№
Жылдар
Өмір жолы
Шығармашылығы
1.
1885 ж. 25- қараша
Қазіргі Қостанай облысы,Жангелдин ауданында, Қызбел деген жерде дүниеге келген
2.
1897-1902 ж.ж.
Торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ мектебінде оқиды.
3.
1905-1907 ж.ж.
Бала оқытады.
«Серке» газетінде «Жастарға» өлеңі басылады
4.
1909 ж.
Қызылжарда тілмаштық қызмет атқарады.
«Оян, қазақ!» жинағы жарық көреді
5.
1910 ж.
«Қазақ» газетін А.Байтұрсыновпен бірлесіп шығарады
«Бақытсыз жамал» қазақша тұңғыш роман
6.
1911 ж.маусым
Семейге келгенде тұтқындалып, 19 ай қамауды отырады.
«Азамат, Тұмар« жинақтары шығады»
7.
1913-1918 ж.ж.
«Қазақ» газетінде жауапты хатшы қызметін атқарады.
8.
1922 ж.
Алаш қозғалысына қатысқаны үшін қамауға алынып, Орынборға жіберіледі де қамаудан босатылады.
9.
1922-1926 ж.ж.
Орынборда интернат оқытушысы, Қызылжар, Семейде сот мекемесінде, Қызылордада баспасөзде қызмет атқарады.
«Есеп құралы», «Қирағат кітабы» атты еңбектері шығады
10.
1928 ж.
Қамауға алынады.
11.
1930 ж.
Ату жазасына кесіледі, кейін 10 жыл абақтыға ауыстырылады.
12.
1935 ж.
Ақтеңіз-Балтық каналы бойындағы Сосновец лагерінде ауыр науқастан қайтыс болады.
13.
1988 ж. 27 қазан
Қазақ ССР прокуроры тексеру нәтижесінде ақтады.
14.
1992 ж.
Торғай өңірінде өз есімімен аталатын ауылға сүйегін жерлейді.
Мағынаны тану
Топтық жұмыс төмендегі тапсырмалар бойынша сайыс түрінде орындалады
1 тапсырма-Мәнерлеп оқу- ол да өнер
Мақсат:өлең сұрақ-жауап үлгісінде жазылған,соған сай интонацияға мән беріп оқу
2 тапсырма-.Шумақ бойынша мазмұнды талдау
Мақсат: әр топ 1 шумақты іштей оқып, топта талқылап мазмұнды өз сөздерімен ашу
3тапсырма-Мазмұнды сахналау
Мақсат: шағын мәтіндерді сахналау,әртістік шеберліктерін көрсету
4 тапсырма-Шығармашылық тапсырма
Мақсат: ойлау,іздену,уақытпен есептесе отырып,берілген тақырыпқа өнім дайындау
-Ана туралы мақалдар айту
-5 жолды өлең құрастыру
-Жеке сөздерден сөйлем құрастыру( Жақсылықтың бәрі күннің сәулесі мен ананың ақ сүтімен келеді. М.Жұмабаев)
-Ана тақырыбында 1 шумақ құрастыру
Сергіту сәті
Талдау
Өз анаңды жақсы көретініңді сөзбен қалай жеткізесің?
Мұғалім әр оқушының анасы рөлінде ойнайды.
Өлеңді құрылысына талдау.
Кім сендерді балалар сүйетұғын, А
Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын? А
- Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай, Б
Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын... А
Өлең 4 шумақтан, әр шумағы 4 тармақтан, 3 бунақтан, 11 буыннан тұрады. Қара өлең ұйқасына құрылған.
Бекіту тапсырмалары
Өлеңге сатылай кешенді талдау жасау-ұжымды жұмыс
Авторы: М. Дулатов
2. Тақырып: Бұл өлеңнің тақырыбы ананың баласына деген махаббатына арналған.
3. Жанр түрі-өлең
4. Идеясы - ананың бар арманы, өмірінің мәні - баласы, соның амандығы.
5. Шумағы: 4
6. Тармағы: 4
7. Бунағы: 3, 11-буын.
8. Ұйқас түрі: Қара өлең
9. Тәрбиелік мәні: Ананы құрметтеу
Қорытынды
1.Ана сөзіне постер қорғау
2.Проблемалық тапсырма
Ана сөзінің кілтін табу
А-дамның
Н-ағыз
А-сылы
«Аялы алақан» оқушылар аналарының сол қолдарын қағазға айналдыра сызып, қиып алып келеді. Алақан таңбасына анаға ең жылы лебіздерін жазады
Мұғалімнің қорытынды тілегі:Адамның нағыз асылы –Ана десек, үйлеріңіздегі асыл адам-Аналарыңыз аман болсын!
Үйге тапсырма
Бағалау
Өлеңді мәнерлеп оқу «Менің анам» эссе жазу
Бағалау критериі, формативті бағалау ,»Блоб»ағашы арқылы өзін-өзі бағалау, жиынтық баға
Бағалау парақшасы
топ
Кон
верт –сұрақ
0-5 ұпай
Мәнерлеп оқу –ол да өнер
0-5 ұпай
Шумақ бойынша талдау
0-5 ұпай
Сахналау өнері
0-5 ұпай
Шығарма
шылық
шыңға жетелер
0-5 ұпай
Бар
лық ұпай
Жиынтық баға
1 топ
2 топ
3 топ
4 топ
Рефлексия
Оқушылар стикерлерге сабақ жайлы ойларын жазып , «Қораптағы сұрақ» жәшігіне салады.
Достарыңызбен бөлісу: