Жаңа сабақ:
Майлар, триглицеридтер — органикалық қосылыстар; негізінен глицерин мен жоғарғы карбон қышқылдарының күрделі эфирлері Липидтерге жатады.
Негізінен, қанықпаған
олеин, линол, линолен
қышқылдары
С17Н33СООН, С17Н31СООН, С17Н29СООН.
Қатты: қой, сиыр, шошқа, кит, түлен, кокос майы.
Сұйық майлар: зығыр, күнбағыс.
Майдың құрамын француз ғалымдары М. Шеврель мен М. Бертло анықтады. XIX ғасырдың басында Шеврель майға су қосып, сілті қатысында қыздыр-ғанда, глицерин жәнө карбон қышқылдары (стеарин және олеин) түзілетінін тапты. Ал Бертло кері реакция жүргізді (1854 ж.) Глицерин мен карбон қышқылдарының қоспасын қыздырып, майларға ұқсас зат алды.
Майдың құрамына кіретін көп таралған қышқыл қалдықтарында көміртек атомдарының саны 12-ден 18-ге дейін болады. Глицеридтер қарапайым және аралас болып бөлінеді. Қарапайым глицеридтердің радикалдары бірдей қышқыл қалдықтарынан, ал аралас глицеридтер әртүрлі қышқыл қалдықтарынан тұрады. Мысалы:
Кейбір майлардың құрамына төменгі қышқыл қалдықтары кіреді. Мысалы, сары майда май қышқылының (С4Н9СООН) қалдығы болады. Сиырдың сары майы құрамына май қышқылымен қатар пальмитин және олеин қышқылда-рының қалдықтары кіреді. Кейбір майлардың құрамында қаныққан және канықпаған қышқыл қалдықтары аралас болады.
Барлық майлардың тығыздығы 1-ден аз. Тек жоғары вакуумда қайнайды. Суда ерімейді. Бензинде, керосин мен бензолда ериді.
1)Майлардың гидролизденуі:
2)Майлардың гидрленуі:
Май — маңызды биологиялық отын, жан-жануар үшін энергия көзі, қажетті тағам, зат алмасу процесіне қатысатын маңызды қосылылыс. Тірі организмдердің жасушалары мен тіндерінің негізгі құрамды бөліктерінің бірі.
Дүние жүзінде жылына ондаған миллион тонна май өндіріледі. Оның шамамен үштен екісі азық ретінде, ал қалғаны техникалық мақсатта қолданылады. Біздің елімізде Алматыда, Өскеменде, Шымкентте май өндіріп өңдейтін зауыттар бар. Жылдан-жылға майды қолданудың өсуіне байланыс-ты соңғы кезде табиғи майды пайдаланумен қатар мұнай өнімдерінен жасанды май алу ісі қолға алынуда
Сабын — жоғары карбон қышқылдарының тұздары RCOOMe. Сабынның құрамына пальмитин С₁₅Н₃₁СООН және стеарин С₁₇Н₃₅СООН қышқылдарының тұздары (негізінен, натрий мен калий тұздары) кіреді және оның суда ерігіштігі құрамындағы металл катионына байланысты болады.
1. Сабын алу. май + NaOH → глицерин + сабын
Сабын жасағанда жоғары май қышқылы тұзынан (RCOOMe) басқа оған — хош иісті заттар, бояулар, антисептиктер және т. б. заттар қосады.
2. Соңғы кезде майды үнемдеу мақсатында сабын алу үшін мұнай өнімдері құрамындағы көмірсутектерден карбон қышқылын алады:
2С₃₆Н₇₄ + 5O₂ → 4С₁₇Н₃₅СООН + 2Н₂O
Бекіту:
1.Құрамында 5% қоспасы бар 100г глицерин мен 100г олеин қышқылы әректтескенде синтезделетін майдың массасын есепте.
2.Массасы 26,52г сұйық майды (глицерин үшолеатын) қатты майға айналдыру үшін өнеркәсіптік шығыны 10% болса, сутектің қандай көлемі (қ.ж.) жұмсалады? (2,24м3)
3.Құрамындағы стеарин қышқылы үшглицеридінің массалық үлесі 0,8-ге тең майдың 1,5 тоннасына натрий гидроксидімен әсер етіп, құрамында натрий стеаратының массалық үлесі 0,7-ге тең болатын сабынның неше тоннасын алуға болады? (1,77т)
5.Үйге тапсырма: 3.15-3.16. Майлар, майлардың құрамы мен құрылысы, жіктелуі. Сабындар, синтетикалық жуғыш заттар.
6.Кері байланыс.
- бүгінгі сабақтан алған әсерім....
- мынаны түсіндім....
- маған мынау қиын болды......
- келесі сабаққа ұсынамын....
Стикерге сабақтан алған әсерін жазып тақтада көрсетілген екі түрлі кейіптегі смайлик тұсына жапсырады
|