Сабақ: №49 мектеп: «№7 орта мектеп» мкм күні: 09. 03. 2016 Мұғалімнің есімі: Султанбекова Ш. С



бет2/3
Дата18.05.2017
өлшемі466,38 Kb.
#16354
түріСабақ
1   2   3
Арқадан босқан қазақтар




...жаз шыққан соң балаларға ілесіп, қаланың түскей жақ шетінде «итмола» деп аталатын тұстағы кірпіш басу үшін үңгіп қазған апанға бардым . нән апандардың ішінде үйген тезекке ұқсатып, кішкентәй балалардың басын жиып қойыпты .
бақсам, қыста өлген балаларды көме алмай, апандағы қардың астына тастай беріпті .
аяғыма әрең тұрып қалаға алғаш шыққандағы көргендерім: ана көшеде аштан өліп жатқан шал, мына көшеде ыңырсып қайыр тілеген кемпір, жуа теріп құдықтың басына барғанымда аштан өліп қалған арыстай дау жігітті көрдім .
көшеде өліп қалғандарды күнде тәңертең арнайы адамдар келіп, жалаңаштап, тау-төбе қылып арбаға тиеп алып кетеді . қаланың шетіндегі үлкен орға алып барып тастайды . бұлардың бәрі ауылдан арып-ашып жеткен қазақтар еді .
,және бір есімде қалғаны, анық білетінім: балалар үйі орналасқан қалада тұратын грошев дейтін көпес, көзі қарауытып, аштан бұралып қорасына кірген қазақ жігітін табанда атып тастады . жазықсыз жанды неге өлтірдің, деп сұрап жатқан ешкім жоқ . бақшама түсті деп нүри дейтін түрік тағы бір аш қазақты атып тастады . қысқасы аштықтан әлсіреген қазақтарды кім көрінген атып тастап жатты .
менің бұл жазғандарым тоғыз жасымда басымнан кешкен оқиғалар . өз көзіммен көрген сұмдықтар . қаншама жылдан кейін есімде қалғандары ғана.
адам жаны төзгісіз, естіген құлақ тұнарлық, көрген көз соқыр боп қаларлық, езіліп-егілмей, көзіңе жас алмай айту, әсіресе қағазға түсіру әсте мүмкін емес сорақылықтар көп болды . осы жазбаны қағазға түсіргенде көмейіме өксік тығылып, көзімнен жас парлап отырды .
осы аштықтан ырғыз ауданы адамдарының оннан бірі, малының жүзден бірі ғана тірі қалды . … бір шаңырақ астындағы үлкенді-кішілі он екі жаннан тірі қалған жалғыз мен ғана.

ІІ топ 1-тапсырма

Шерхан Мұртазаның «Бесеудің хаты» атты драмасына арқау болған – ел басына түскен азапты күндер, қолдан жасалған аштықтан қырылған екі миллион халықтың тағдыры. Драматург сол кездегі үкімет басшыларымен, оның қасындағы жандайшаптардың бейнесін жан бере суреттейді.

Бесеудің хаты — қазақ зиялыларының БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің бірінші хатшысы Ф.И. Голощекинге жолдаған хаты (1932 ж. 4 шілде). Бастапқыда И.В. Сталинге арналып жазылған. Бесеудің хаты республикадағы мал шаруашылығының күйрегендігі салдарынан елді алапат ашаршылық жайлағандығын айтып сақтандырған алғашқы дабылдардың бірі болды. Хатта қазақ ауылындағы социологиялық қайта құрулар бүкілхалықтық қасіретке айналып, барлық әлеуметтік топтарды — байларды, орташаларды, кедейлерді қамтығаны, күштеп ұжымдастыру мен отырықшыландыру, алым - салық жинаудағы қиянаттар жұрттың жаппай аштық пен індетке, ауа көшуіне әкеліп соққандығы шыншылдықпен баяндалды. БК(б)П Қазақ өлке комитетінің ауыл шаруашылығын басқару жөнінде жүргізген қатыгез саясаты сынға алынды. Бірақ құжатта жергілікті жерлерде жіберілген “асыра сілтеушіліктерге” солшыл коммунистер айыпты деп көрсетілді. Елді ауыр жағдайдан құтқарудың жолдары ұсынылды. Хаттың авторлары — жазушы Ғабит Мүсірепов (1902—1985),  Қазақ мемлекеттік баспасының меңгерушісі Мансұр Ғатаулин (1903 —1938),  Алматы Комвузының басшы қызметкерлері Емберген Алтынбеков (1904—1954) пен Мұташ Дәулетқалиев (1904 — 1982), Қазақ АКСР Мемлекеттік жоспарлау комиссиясының сектор бастығы Қадыр Қуанышев (1906 — өлген жылы белгісіз) қуғынға ұшыратылды. Хаттың жазылуына Халком Кеңесінің төрағасы Ораз Исаев түрткі болған. Бесеудің хаты қазақ зиялыларының тоталитарлық тәртіпке наразылығының бір көрінісі болып табылады. 

Конец формы

Начало формы

АТАҚТЫ "БЕСЕУДІҢ" БІРІ ТУРАЛЫ

Сталинге жазылған атақты "Бесеудің хаты" туралы осы күні көзі қарақты оқырманның бәрі біледі. Туған елінің қиын жағдайын ойлап өз бастарын қатерге тігіп, шыбын жандарын шүберекке түйіп шыққандар Мүсірепов, Ғатаулин, Алтынбеков, Қуанышев, Дәулетқалиевтар еді ғой. Олардың жарқын есімдерін жер бетінен жоғалып кетпесе қазақ ұмытар ма? 
Бірақ, солар туралы тереңірек білгісі келген оқырманға дерек тапшы болушы еді. Бір Ғабеңнен басқасының атын білгеніміз болмаса, затын біле қоймайтынбыз. Осы олқылықтың бір парасын тарихшы, Алаштың ардақтыларын көптен бері зерттеп жүрген Өмірзақ Озғанбай толтырыпты. Оның "Рухы биік тұлға" атты жаңа еңбегі атақты "бесеу-дің" бірі Мүтәш Дәулетқалиевқа арналған. Шерхан Мұртазаның алғы-сөзімен жарық көрген бұл кітаптан көзі ашық оқырман М.Дәулетқалиев өмірінің көптеген деректерімен тереңнен танысады. Оның Батыс Қа-зақстан облысындағы Орда өңірінде өмірге келгенін, 1930 жылы Мәс-кеудің Плеханов атындағы Халық шаруашылығы институтын бітіргенін, содан елге келіп түрлі салада басшы қызметтер атқарғанын біледі. Ал "Бесеудің хаты" жазылған 1932 жылғы 4 шілдеде ол КомВУЗ-дың (кейіннен жоғары партия мектебі болған) ректоры қызметінде болған екен. Әлі 1937 жыл болмағандықтан, Голощекин қанша тісін қайраса да олардың басын жойып жіберуге құдіреті жетпей, тек "оппортунистер" деп қудалауға ұшыратады. Сол себепті Мүтәш ағамыз Арал қаласы парткомының бірінші хатшысы қызметіне "жіберіледі". Одан қайтадан Алматыға келіп, Қазақ өлкелік комитетіндегі мәдениет бөлімін басқарады. Бұл қызметте де шыдатпай, Қордай аудандық партия комитетіне хатшы боп кетеді. Әйтеуір, 1935 жылы Қазақстаннан кетіп, көзі жоғалғанша Голощекин оның соңына әбден түскен екен. 
1938 жылы Мүкең "халық жауы" деген жаламен ұсталады… Қалған өмірін кітаптан оқыр деген ниетпен әрі қарай жазбадық. Тек оның, 1982 жылы Алматы қаласында өз ажалынан дүниеден озғанын білдіре кетелік. Аталмыш кітапта оның ата-бабасы, туған-туыстары, бала-ша-ғасы туралы да мол деректер бар. Бір сөзбен айтқанда, Алаштың бір арысын танытуда кітаптың пайдасы зор. Сонымен бірге, "Бесеудің хатының" Президент мұрағатынан алынған түпнұсқасы да осы еңбекте еш өзгеріссіз жарияланған. 
Әттең, осындай дерек кітаптар "сол бесеудің" басқалары туралы да болса ғой. Соның ішінде хатқа: "1-й секретарь Акмолинского райкома партий Мансур Гатаулин" деп қол қойған ақмолалық азамат туралы кім не біледі екен?..

ТРОЦКИЙДІҢ ХАТЫ немесе Алаш арыстары айтқан ақиқат



Ерлан Сыдықов 
Семей мемлекеттік педагогика институтының ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Газетіміздің белсенді авторы. Ерлан Бәтташұлы бұл күндері ердің жасы елуге толып отыр. Төменде ғалымның бір зерттеуін оқырмандар назарына ұсындық. Қазақ халқы үшін Кеңес өкіметі тұсындағы ең ауыр кезең Ф.Голощекин Қазақстанды басқарған 1925-1933 жылдар болды. Бүтіндей бір халықтың тағдырын саяси ойынға айналдырған ол "Қазақстандағы қазіргі қалыптасқан жағдай кіші Октябрьді қажет етеді" деді. 1927 жылы қазақ ауылдарында басталған конфискелеудің зардабы халықты ашаршылыққа әкеп ұрындырды, ал оның ақыры ұлт зиялыларын жаппай қудалауға ұласты. Голощекиннің қысымымен Алаш көсемі Әлихан Бөкейханов еріксіз Мәскеуге кетуге мәжбүр болды. Ел басына қатер төнген осындай қиын-қыстау кезеңде Ж.Мыңбаев, Т.Рысқұлов, Ы.Мұстанбаев және т.б. ұлт зиялылары үндемей қалмады, Ф.Голощекиннің саясатына үзілді-кесілді қарсы шықты. Сол сияқты республиканың бір топ қайраткерлері Ғ.Мүсірепов, М.Ғатауллин, М.Дәулетқалиев, Е.Алтынбеков, Қ.Қуанышевтың аштық және оның себептері туралы БК(б)П – өлкелік комитетіне, тікелей Ф.Голощекинге жазған ашық хаты, бүгінде "Бесеудің хаты" деген атпен мәлім екені белгілі. 
1927 жылы 11 наурызда Л.Троцкий өзіне Қазақстаннан келген екі адамның әңгімесін айтып, Лениннің сенімді серіктерінің бірі, қарт большевик Г.Я.Сокольниковке "Национальные моменты политики в Казахстане" деген хат жазады. Онда: 
"В беседе по поводу своих дел казахские товарищи выдвигали следующие соображения. 
1. Окраины отстали. Нужно их развитию придать такой темп, чтобы они приближались к Москве, а не еще более отставали от нее. Мы имеем здесь, следовательно, своеобразное переломление общего вопроса о темпе развития. 
2. Капитальные вложения в отсталых частях Союза обещают дать плоды не скоро. Отсюда пассивное, отчасти и активное сопротивление центральных учреждений против таких вложений. 
3. Участие Казахстана в руководящих учреждениях РСФСР "совершенно не чувствуется". По-видимому, есть тенденция к выделению в самостоятельную республику. 
4. Жалобы на переселенческую политику центра: казахские массы были привлечены к советской власти земельной революцией; "покушение" на казахские земли вызывает немедленно тревогу. "Мы не против переселенческой политики, но нужно, прежде всего, удовлетворить землею туземное население". 
5. "Когда мы ставим вопросы о земельных и иных интересах Казахстана, нам отвечают: это вы хотите мстить за царскую политику. Мало верят, что как коммунисты способны подходить к вопросам с общегосударственной точки зрения". 
6. В ведомствах преобладает точка зрения старых спецов, которые живут традициями прошлого при решении всех хозяйственных и культурных вопросов на окраинах. 
7. Национальные коммунисты поднялись, но присылаемые из центра руководители не дают им хода. "Считают, что мы не доросли". 
8. Между европейскими и казахскими коммунистами-стена. Живут совершенно раздельно. Даже в шахматы не играют совместно. 
9. Европейские коммунисты ведут общую линию центра. Ни прений, ни столкновений на принципиальной почве у них нет, что обьсняется их "безучастием". 
10. Националы, наоборот, кипят. Среди националов-группировки. 
Эти группировки поддерживаются и даже культивируются присланными из центра руководителями. Какая цель? "Во-первых, чтобы упрочить свое господство; во-вторых, чтобы внутренними разногласиями отвлечь внимание от вопросов, связанных с политикой центра". 
11. Среди казахских коммунистов три группировки: одна-вокруг Голощекина,- это люди, всегда и во всем послушные указаниям сверху; другая — "левая", также поддерживающая Голощекина, но, насколько я понял, несколько независимая: третья — "правая", к которой принадлежали мои собеседники; впрочем, представители "левой" иногда примыкают к "правой". 
12. В чем же разногласия? "Нас упрекают в том, что мы противники бедноты, покровители баев, но мы готовы провести любые разумные меры против баев, пусть нам ясно и точно их предложат". 
13. Голощекин в одной речи сказал: "Надо пройтись маленьким октябрем по Казахстану". Что это значит? — он не обьяснил; никаких конкретных мер он не предлагает. Во внутренней политике в Казахстане мы не видим ни принципиальных, ни даже практических разногласий. Все это выдвигается искусственно для того, чтобы маскировать вопрос об отношении к РСФСР. 
14. Второй из собеседников говорит: "Центр тяжести вопроса- в разном отношении группы Голощекина к аулу и к русской деревне. По мнению Голощекина, русский кулак достаточно ослаблен и унижен; бай затронут мало. Поэтому нужно пройтись октябрем по аулам". Другими словами, Голощекин проповедует гражданский мир в русской деревне и гражданскую войну в ауле. 
15. Нас душит бюрократизм, который принимает тем более отталкивающие формы, что между европейскими и казахскими коммунистами стоит стена. Страх, лицемерие, доносы играют большую роль. 
(Архив Троцкого. Коммунистическая оппозиция в СССР. 1923-1927. Том-2. "ТЕРРА"-1990. С-197). 
АҚШ-тың Гарвард университеті кітапханасы әкімшілігінің келісімімен Л.Троцкий мұрағаты құжаттарын төрт томдық кітап етіп шығарушы Ю.Фельштинский бұл хатқа байланысты берген ескертпесінде: "Дату можно до некоторой степени установить в связи с началом работы Голощекина в Казахстане (Рукописное примечание Л.Троцкого)" деп көрсетеді, өкінішке қарай хаттың жазылуына себепкер болған адамдардың аты аталмайды. 
Дегенмен, осы хатта Л.Троцкийдің "казахские товарищи" деп отырған адамдарының бірі Алаш көсемі Әлихан Бөкейханов емес пе екен деген ойдамыз. Олай дейтін себебіміз, біріншіден, бұл хатта көтерілген қадау-қадау өткір мәселелер негізінен Қазақстанның саяси-экономикалық жағдайын жетік білетін тәжірибелі саясаткерлердің ғана аузынан шығатын пікір, тұжырымдар екенін аңғартады. Троцкий кейбір мәселелерде Ленинмен жекелеген көзқарасы келіспесе де, қиын-қыстау кезеңде Ресей революциялық әскери комитетін басқарып, Ұлы Қазан төңкерісі жеңістерін жанталаса қорғап, Қызыл армияны белсене құруға ат салысқан аса көрнекті тұлға болды. Бұл арада үнемі Ленинмен айтысып-тартысып, Сталинмен жағаласып-жұлқысып жүретін "тентек мінез" Троцкийге, анау-мынау емес, тек Әлихан Бөкейханов тәрізді терезесі тең дәрежеде тұрып сөйлесіп, сөз таластыра білетін беделді тұлғаның ғана батып сөз айта алатынын атап айтуымыз керек. 
Екіншіден, Л.Троцкийдің Голощекин саясатын жергілікті жерде белсене қолдаушылар мен оған ашықтан-ашық қарсы шығушылар туралы "Среди казахских коммунистов три группировки: одна-вокруг Голощекина, — это люди, всегда и во всем послушные указаниям сверху; другая — "левая", также поддерживающая Голощекина, но, насколько я понял, несколько независимая: третья — "правая", к которой принадлежали мои собеседники" — деп жазуына қарағанда, олардың Қазақстанда "ұлтшыл", "байшыл" атанып қуғындалған кешегі Алашорда үкіметінің қайраткерлері, байырғы қазақ интеллигенциясының өкілдері екендігіне еш шүбә келтірмейсіз. Бұл пікірді Ф.Голощекин Қазақстан өлкелік партия ұйымының басында сегіз жыл еңбек етіп, қоштасар кезінде өзі де мойындап айтқан еді. Ол қазақ коммунистерінің бір тобын ешбір тәрбиеге көнбейтін, пайдалануға мүмкін емес ұлтшыл уклонистер қатарына жатқызды. Екінші категориясын жағдайға қарай терісін өзгертіп отыратын хамелеонға теңеді. Ал үшінші бір топты орын алған қателіктер үшін барлық жауапкершілікті бір ғана Голощекинге аударғысы келетіндер деді (Қараңыз, Қозыбаев М. Ақтаңдақтар ақиқаты. Алматы, 1989. 90-б.). 
Сондай-ақ хаттағы "Жалобы на переселенческую политику центра: казахские массы были привлечены к советской власти земельной революцией; "покушение" на казахские земли вызывает немедленно тревогу. "Мы не против переселенческой политики, но нужно, прежде всего, удовлетворить землею туземное население" деген пікірдің өзі-ақ Ә.Бөкейхановтың 1927 жылы одақтық егіншілік комиссариатында профессор Швецов ұсынған жер нормасын қолдап, Қазақстанға қоныс аудару бағытын жақтаған оқымысты ғалым Верещагинге: "Профессор Верещагин бұрын да қазақтардың жерін тартып әперіп, орыс помещиктері мүддесін қорғаған еді. Егер ол айтқандай, Тула шаруалары шынымен де жерге мұқтаж болса, біз қазақтар олармен Верещагин сияқтылар арқылы емес, тікелей келіссөз жүргізуді қалаймыз. РСФСР Егіншілік комиссариаты ұсынып отырған жер нормасы қазақтарды қанағаттандыра алмайды, өйткені ол көбірек артық жер шығаруды көздейді. Сондықтан да бұл нормалар болашақта Қазақстанда жаңа отарлау саясатын жүргізуге бағытталған" деген жауабымен тікелей үндесіп жатқан жоқ па?.. (Қараңыз, Қойгелдиев М. Ұлттық саяси элита. Алматы. "Жалын баспасы" ЖШС, 2004. 164-б.). 
Үшіншіден, саяси қысым көрген Әлихан Бөкейхановтың 1926-1927 жылдары мәскеулік ескі таныс, достары, академик А.Ферсман, про-фессор-оқымыстылар С.Швецов, В.Бонч-Бруевич, Л.Чермак, т.б. көмегімен Ресей Ғылым академиясына қызметке шақырылып, ғылыми жұмыстармен айналысып жүрген кезі, осы хаттың жазылу уақытымен дәлме-дәл келеді. Біз республика қайраткерлерінің бір тобы —"Бесеудің" Голощекинге, Т.Рысқұловтың Сталинге хаттары бұдан көп кейін, 1932-1933 жылдары жазылғанын білеміз. Қысқасы, бұл хаттың жазылуына Ә.Бөкейхановтың тікелей қатысы барына жоғарыда айтқан фактілер-ақ көз жеткізе түсетін тәрізді. 
Ал енді Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановпен бірге Л.Троцкийге барған екінші адам Әлімхан Ермеков болуы мүмкін. Алаш қозғалысының алғашқы күндерінен бастап Әлиханмен жұбы жазылмай қатар жүрген Әлімхан Ермековтің көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері ретінде 1920 жылы Қазақ КСР-ін құруға белсене араласып, В.И.Лениннің бас-шылығымен Мәскеуде өткен үлкен партиялық жиында баяндама жасағаны, Қазаткомның мүшесі болып сайланғаны, сондай-ақ одан кейінгі саяси қуғын-сүргін кезінде, яғни 1926-1927 жылдары Ташкенттегі Қазақ халық ағарту институтында оқытушылық қызмет атқарғаны мәлім. 1927 жылы Ә.Бөкейханов Мәскеуде қызметте жүрген кезде Әлімхан Ермековтің де Л.Троцкийге барып жолығуы сөзсіз. Мысалы, оның жауабын жазушы Ж.Бектұровтың "Енеден ерте айырылған төл секілді..." кітабынан тапқандай боламыз. Автор онда маған Ә.Ермеков "Екінші бір мойныма алған айыбым: 1928 жылы қазақ байларының мал-мүлкін тәркілеп, конфискелеу тарихи теріс іс деп білгендігім. Бүгін байлардың малын сыпырып алсақ, ертең мұның теріс әсері күллі еліне тиеді. Бірте-бірте малды адамдардың бәрі де қара тізімге ілігеді. Сонсоң малдың сүмесімен күн көріп отырған, егіншілік кәсібі жоқ көшпенді халық ашаршылыққа душар болады, азып-тозады, бет-бетімен ыдырап кетеді деп ойладық. Міне, өзімнің осы ой-пікірімді іс басында болмаса да, Мәскеуде отырған ұлықтар алдында ертеден беделі бар Ә.Н.Бөкейхановқа хат арқылы жеткізіп, оның орталық үкімет басшыларына барып, Қазақстандағы асыра сілтеушілікті бөгейтіндей ықпал жасауын өтіндім. Алайда, біздің мұнымыздан ештеңе шықпады. Бізді шетімізден көгендеп, тұтқындап соттағанда менің әлгі Ә.Бөкейхановқа жазған хатым өзіме үлкен айып, қылмыс болып саналды..." деп айтып еді дейді. 
Осы арада Троцкий өзімен әңгімелескен екі қазақтың аты-жөнін неге жасырмай ашық айтып жазбады деген сұрақ туындайтыны түсінікті. 
Ленин қайтыс бола салысымен бар билікті қолына жинап алған компартияның бас хатшысы Сталиннің беделі күшейе түскен кез еді, бұл. Тіпті, Сталиннің әмірінің күштілігі сондай, 1924 жылы 12 мамырдағы БКП(б) Орталық Комитетінің пленумында жариялануға тиісті Н. Крупская өз қолымен ресми түрде табыс еткен Лениннің хаты оқылмады. Сталин өз қарсыластарының көзін біртіндеп құрта бастады. Ел ішінде "қызыл террор" өршіді. 1927 жылы Мәскеуде өткен БКП(б)-ның XY сьезінде Лениннің "Сталин слишком груб и этот недостаток, вполне терпимый в среде и в общениях между нами, коммунистами, становится нетерпимым в должности генсека" деп айтылатын әйгілі сьезге хаты тағы да жарияланбай қалды. Керісінше осы сьезде Троцкий, Зиновьев секілді оппозиция көсемдері партиядан қуылды. Бәлкім, сол себепті алдын ала қауіпсіздік шараларын сақтау үшін Троц-кийдің хатында қазақ өлкесіндегі оппозициялық топтың басшылары Ә.Бөкейханов пен Ә.Ермековтің есімдері әдейі жазылмай қалды ма екен? 
1927 жылдың 1 қазанынан бастап Әлихан Бөкейханов Мәскеуде ОГПУ органдарының бақылауы астында тұруға тиіс болды. Содан Мәскеуде қызмет ету мүмкін болмағандықтан Қазақстанға қайтып оралады. 1928 жылы Ә.Бөкейханов Алматыда ҚазМУ-да, ал Ә.Ермеков ҚазПИ-де сабақ береді. 1929 жылы 2 маусымда 43 Алаш қозғалысының қайрат-керлерімен бірге ол Алматыда тұтқынға алынып, осы жылдың соңына қарай Мәскеудегі Бутырка абақтысына жөнелтіледі (Қараңыз, Қазақстан Ұлттық Энциклопедиясы. Том-2. Алматы, 1999. 76-б.). 
Тағдыр деген қызық қой. 1920 жылдардың соңына қарай Троцкийдің өзі қазақ елінің сол кездегі астанасы Алматыға саяси жер аударылып келді. Оның осы "қазақ достары" арасына келуінде де үлкен сыр бар секілді. Ол кезде Орта Азия республикалары ішінде қазақ ұлттық саяси элитасының беделі өте зор еді. Троцкий өзінің Мәскеуде іске асыра алмаған оппортунистік идеяларын Қазақстанда, атап айтқанда алашордашылар деп аталатын ұлттық интеллигенцияның көрнекті өкілдерінің көмегімен жүзеге асырғысы келді ме, кім білсін... Бірақ олардың іс-әрекеттері әрдайым қатаң бақылауда болды. 
Алаш көсемі Әлихан Бөкейханов 1929 жылы Алматыда қамауға алынып, Мәскеуге Бутыркаға тергеуге түскенде, КСРО Халық комис-сарлар кеңесі жанындағы ОГПУ "үштігінің" оған "1921 жылы Орынборда контрреволюциялық ұйым құрды, ортаазиялық пантүрікшіл ұйымның басшысы Валидовпен байланыста болды. 1927 жылы қазақ даласында қарулы көтеріліс даярлау әрекетіне қатысты" деп айып тағып, РСФСР Қылмыстық Кодексінің 58-бабының 2,4 және 11-тармақтары бойынша ату жазасына кесілуі тегін емес еді. Алайда, ОГПУ "үштігі" қазақ ұлты зиялыларының көсемі Ә.Бөкейхановтай үлкен тұлғаны құртып жіберуге қорықты. Оған берілген өлім жазасы абақтыда өтеуіне ауыстырылды. Ақыры ол ОГПУ органдарына ұлт зиялыларының наразылық білдіруіне байланысты түрмеден босатылды. Өкінішке қарай, оның сонау бір жылдары Семейде "Алаш" партиясының облыстық комитетін, Алашорда үкіметін бірге құрысып, қызметтес болған сенімді серіктері Халел Ғаббасов, Жүсіпбек Аймауытов және т.б. Мәскеудегі Бутырка түрмесінде жазықсыздан жазықсыз атылып кете барды.

 

Конец формы



Начало формы

Жиырмасыншы ғасырда халқымыздың басынан небір нәубет өтті. Соның бірі ¬– ашаршылық. Ұжымдастыру науқаны халқымызды негізгі кәсібі мал шаруашылығынан ажыратып, малынан айырған еді. Малынан айрылған ел жаппай аштыққа ұрынды. Қолдан ұйымдастырылып, халқымызды қынадай қырған сол зымиян саясатқа ашық қарсылық танытып, сын сәтте батылдық танытқан қазақ зиялылары да болды. Сталинге арналғанымен, Голощекиннің қолына түскен “Бесеудің хатын” Ғабит Мүсірепов, Мансұр Ғатаулин, Емберген Алтынбеков, Мұташ Дәулетқалиев, Қадыр Қуанышев сынды ел азаматтары бірігіп жазған еді. Наразылық хаты сұрапыл кезеңнің шындығын көрсеткен құжат ретінде тарихта қалды. Бодандыққа көнгісі келмейтін өр рухтың бұлқынысынан Кремль де сескенді. “Бесеудің хаты”: “... Мал басының қисапсыз кемiп кетуi мен көптеген қазақ аудандарын қамтып, адамдардың жаппай қырылуына әкеп соққан ашаршылық жөнiнде әлi күнге дейiн ауыз ашпай отыру қаншалықты дұрыс?..» деген батыл сауалмен басталып, дәлелді дәйектермен жалғасады. 

Осы хаттың негізінде белгілі қаламгер Шерхан Мұртаза «Бесеудің хаты» тарихи драмасын жазды. Пьесада хат Голощекиннің қолына түскеннен кейінгі бюро жиналысы бейнеленеді. Шығарма Ғабиттің ұлттың мүддесін қасқайып тұрып қорғап, шындық үшін басын өлімге тіккен ерлігін көрсетеді. Ел ішінде болып жатқан сұмдық оқиға Ғабиттің әңгімесімен беріліп, оқырманның жүрегін шымырлатады. Жазушы бюро отырысы соңында Голощекиннің көзіне тура қарап: “Сендер қисапсыз қылмыстарыңнан мәңгі бақи құтыла алмайсыңдар. Ал, атыңдар!” деп қасқаяды. Жазушы сөзі қазақтың жоқшысы болар азаматтардың бар екенін, әлі де туылатынын сездірген еді. 
Пьеса эпилогы Тұрар Рысқұлов пен Ғабит Мүсіреповтің ана дүниедегі пайымдарымен аяқталады. Екі тұлғаның елесі тамұқты кезіп жүріп, халықты азаптаған залымдардың өздері азапқа түсіп жатқанын көреді. 

«Бесеудің хаты» - жас ұрпаққа азаттықтың қандай қасіретпен келгенін ұғындырар сүбелі туынды.

 

Конец формы



Начало формы

«Бесеудің хаты»

1932 жылы 4 шiлдеде БК (б) П Қазақ өлкелiк комитетiнiң бiрiншi хатшысы Ф.И.Голощекинге бiр хат келiп түседi. Қазақстан ауыл шаруашылығының астаң-кестеңiн шығарып, қорасында «ашатұяқ қалмаған» қарапайым халықтың қырылғанына қарап ләззаттанып отырған басшы хатты ашып қалғанда-ақ өрт сөндiргендей түнерiп кетедi. Хаттың қысқаша мазмұны мынадай едi:

Ф. Ордер


Шындықты бұрмалап, жоғары жаққа «Кеңестер елiнде бәрi керемет!» деп есеп берiп келген Өлкелiк комитеттiң төбесiнен жай түсiрген бұл хатты жазған бесеу кiм едi? Тарихшы не болмаса өздiгiнен iзденетiн аз ғана топ болмаса, барша бұқара бүгiнде «Бесеудiң хатын» да, оны жазған бесеудi де ұмыт қалдырғандай. Тiптi қазақ тарихында сондай бiр оқиғаның болғанын да, оның трагедиялық ақырын бiлмейтiндер де бар. Шыны керек, хабары бар деген өзiмiздiң де бiр Ғабеңнен басқасының атын бiлгенiмiз болмаса, затын түстеп бере алмаймыз. Ал ақиқатында бес том кiтап жазуға лайық «бесеу» мiне мыналар:

1. Кеше ғана бiр қойдың етiн бiр-ақ асып жеп, қымызды сабасымен iшетiн халықтың ендi бүгiн бiр уыс бидайға зар болып, аштықтан қырылып жатқанына бейжай қарай алмаған жазушы Ғабит МҮСIРЕПОВ басында Мұташ Дәулетқалиевке ғана осыны қолға алу керектiгiн айтып, сыр бөлiссе керек. Содан екеуi түнделетiп бiрде Мұтағаңның, бiресе Ғабеңнiң үйiнде бас қосып, тiптi жарларына да тiс жармай, құпия түрде хат мәтiнiн әзiрлеуге кiрiседi. Хат дайын болғанда, қатарларына тағы Мансұр Ғатаулин, Емберген Алтынбеков пен Қадыр Қуанышевтар қосылады. Сонымен, бесеудiң басын қосқан – жазушы Ғабит Мүсiрепов.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет