Сабақ №5-6 Сабақтың тақырыбы: Механикалық қозғалыс және оның түрлері. Кинематиканың негізгі ұғымдары және теңдеулері



Дата18.03.2017
өлшемі65,93 Kb.
#11962
түріСабақ
Көкшетау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің физика пәні мұғалімі

Алтынбеков Аян Серікұлы

Сынып: 11 А/В-п

Күні: 08/09/2011

Пәні: Физика.


Сабақ № 5-6

Сабақтың тақырыбы: Механикалық қозғалыс және оның түрлері.

Кинематиканың негізгі ұғымдары және теңдеулері.



Сабақтың мақсаттары:

Білімділік:

Дамытушылық:

Тәрбиелік:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу және «Механикалық қозғалыс және оның түрлері.

Кинематиканың негізгі ұғымдары және теңдеулері.» тақырыппен таныстыру.



Сабақтың барысы:

Материяға түсінік беру.

Бізді қоршағандардың барлығы да материя деп аталады:

Су, ауа, жарық, радиотолқындар, кометалар, планеталар, адамдар.


Материяның екі түрі бар:

  1. Зат

  2. Өріс


Зат дегеніміз – материяның атомдардан, молекулалардан немесе жалпы айтқанда, тыныштық массасы бар құрылымдық бөлшектерден тұратын түрі.

Өріс дегеніміз – материяның, зат бөлшектерінің арасындағы өзара әрекеттесулерді қамтамасыз етеді.
Механика бөлімі үшке бөлінетінің еске салу.

  1. Кинематика

  2. Динамика

  3. Статика

КИНЕМАТИКА

Қозғалысты суреттеу тәсілдерін және осы қозғалысты сипаттайтын өлшемдердің арасындағы байланысты зерттейтін механиканың бөлімі.



Механикалық қозғалыс деп дененің кеңістіктегі орнының санақ денелері ретінде алынған басқа денелерге қатысты уақыт бойынша өзгерісі аталады.

Механикалық қозғалыстың негізгі қасиеті – оның салыстырмалылығы. Дене қозғалысының сипаттамасы мен қозғалыс теңдеуінің түрі санақ жүйесін таңдап алуға байланысты.


Орын ауыстыру векторы – нүктенің бастапқы орны мен соңғы орнын қосатын вектор.



Траектория дегеніміз – дененің қозғалыс кезінде болып өткен кеңістіктегі нүктелерінің жиынтығы.
Механикалық қозғалысты түрліше тәсілдермен сипаттауға болады:

  1. Координаталық тәсіл.

Материялық нүктенің қозғалысы координаталардың уақытқа тәуелділігін білдіретін функциялармен беріледі:






Координаталардың уақытқа мұндай тәуелділіктері қозғалыс заңы деп аталады. Түзусызықты бірқалыпты қозғалыс жағдайында ол мына түрде беріледі, ал түзусызықты бірқалыпты үдемелі қозғалыс жағдайында:






  1. Векторлық тәсіл.

Нүктенің кеңістіктегі орны координаталардың бас нүктесінен жүргізілген және қозғалыстағы радиус вектормен анықталады. Мысалы: көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы






  1. Қисықсызықты координаталар әдісі.

Берілген траекторияда (мысалы, поездың, автомобильдің қозғалысы) дененің координатасын емес, оның жүріп өткен жолын есептеген ыңғайлы, осылайша оның координатасы анықталады.

Орын ауыстыру векторы - , жолдың ұзындығы – S, бірақ мынаны ескеру керек:



, , , сонда


,

,
Механикалық қозғалыстың түрлері.


  1. Материялық нүктенің бірқалыпты түзусызықты қозғалысы,





  1. Материялық нүктенің бірқалыпты үдемелі түзусызықты қозғалысы,





Графиктерді сызып көрсету.

Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.

Үй жұмысы

Есептер жинағы: 1.95, 1.92, 1.89



Тексерді:

Кафедра меңгерушісі: Кажкенова Д.М.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет