«Шыдамды еңбек, алғыр ой, нағыз досың біліп қой !» Сайыс – сабақ (5 – 6 сыныптар).
Сайыстың мақсаты: оқушылардың білімін, ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын байқау, алған білімдерін дамыту. Оқушыларды қолөнерге, әсемдікке, еңбек- сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: сайыс сабақ, ойын.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, қоржындар, шеберханаға қажетті құрал-саймандар, ермексаз, мадақтама қағаздары, қағаз себеттер.
Әділ қазыларды сайлау.
Барысы: Сайыстың мақсатымен таныстыру. Қатысатын сыныптар 5-6.
Сайыстың кезеңдері: І. Топтастыру ІІ. Сұрақ – жауап (сыныптарға сұрақтар қой).
1. «Таныстыру» (әр топтың басшысы өз тобымен таныстырады )
2. «Сұрақ - жауап» (тақтадағы суреттерді алып,жасырынған сұрақтарға
жауап беру)
3. «Кі м шапшаң?» (ұлттық тағамдар және ұлттық киімдер )
4. «Тіл өнері» (кім көп тіл біледі)
5. «Күшіңе сенбе, ісіңе сен» ` (түйме қадау)
6.«Тапқыр достар» (түскен тағам қоспаларын дұрыс жинап айтып шығу және стаканға
салфетканы әдемілеп орап салу)
7. «Өнерлі бала өрге жүзер»(ашық хат жасау)
8. «Оюлар сәні» (ою өрнектерді жапсыру арқылы сандықты әшекелеу)
ІІІ. Кім жылдам ? (түйме қадау). Алдарына мата мен түймелер беріледі.
Уақыт 3 минут Слайд көрсету.
ІҮ. Құпия қоржын (ішіндегі затты атау: қағаз, қайшы). Уақыт 1 минут
ҮІ. Көрермендер сыйы (жұмбақтар).