Күні: 02. 2018 Сынып: 1 «А» Мұғалімнің аты-жөні: Шиналиева Ардак Ахановна Алматы қаласы, Алатау ауданы «196 жалпы білім беретін»



Дата26.06.2018
өлшемі31,24 Kb.
#44335
түріПрезентация
Тексерілді:

Күні: 1.02.2018 Сынып: 1 «А»

Мұғалімнің аты-жөні: Шиналиева Ардак Ахановна

Алматы қаласы , Алатау ауданы  «196 жалпы білім беретін»КММ

Қатысқандар: 18
Қатыспағандар саны:


Тақырыбы

Жер ғаламшарының көрінісі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

1.4.1.1 Жердің пішінін оның жасанды моделі негізінде анықтау

1.1.1.1 қоршаған әлем құбылыстары, үдерістері мен нысандарын зерттеудің қажеттілігін түсіндіру



Бағалау критерийлері:

Тірек сөздерді есте сақтайды.

Оқушылар жер ғаламшарының шарға ұқсайтынын біледі;




Тілдік мақсаттар


Жер ғаламшары;

Глобус;


шар.

Ресурстар

Презентация

Үлкен шар. Парақтар, қарапайым қарындаш, плакаттар

видео

зымыранның суреті



Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған уақыты кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс - әрекет


Ресурстар

Сабақтың бас

1 минут


3 минут

(Ұ)Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу.

  • Балалар, мен сендерді көргеніме қуаныштымын!

  • Шаттық шеңбер

  • «Армысыз, қайырлы Күн!»

  • Армысыз, қайырлы Күн!

  • Армысыз, Аспан ата!

  • Армысыз, мейірімді Жер-Ана!

  • Армысыз, шұғылалы Алтын күн!



«Ғарышта» ойынын ойнау.

Ойын барысында оқушылар айдың, жұлдыздың және күнді бейнелеп көрсетеді.

Топқа бөлу: үстел үстіндегі суреттерді алып Ай,Жұлдыз, Күн деген топтарына бөлінеді.

(Ұ)Сабақтың тақырыбын ашу :

Балалар ай , жұлдыз, күн нелер? Аспан денелері.

Аспан дегеніміз не? Ғарыш.

- Қалай ойлайсыңдар, бүгін сабақта біз не туралы айтамыз?



/оқушылардың жауаптарын тыңдау/

Бүгінгі сабақта біз Жер ғаламшарының көрінісі туралы айтамыз.



Ай, жұлдыз, күн суреттері


Сабақтың ортасы

3 мин


2 МИН

3 мин


5мин

2мин


2 мин

10мин


5 мин

2 мин


4мин

2 мин


Мына суреттерге назар аударайық

1 слайд. Ежелгі гректер біздің ғаламшарды жауынгер қалқаны сияқты дөңес деп есептеген. Ал оның шетін Мұхит шайып тұрады деп ойлаған.

2 слайд. Ежелгі Қытайда Жерді тегіс тіктөртбұрыш ретінде қабылдаған. Оның үстінде бағандар тіреп тұрған дөңес келген дөңгелек аспан орналасқан деп ойлаған. Аласұрған айдаһар дәл ортада орналасқан бағанды бұзып тастағаннан кейін Жер шығысқа қарай қисайған деп есептеп, осыған байланысты өзендер шығысқа қарай ағады деп ойлаған.

3 слайд. Ежелгі Үндістан халқы Жерді үш піл көтеріп тұрған жартылай сфера ретінде елестеткен. Ал пілдер үлкен тасбақаның үстінде, тасбақа жыланның үстінде орналасқан деп ойлаған, ал жылан шексіз сүтті мұхитта жүзіп келе жатыр деген тұжырым болған. Жылан сақина тәріздес жерді айналып жүреді деп ойлаған.



«Өз үйнің тап» ойыны

Ұжымдық жұмыс : Өз үйінің табу.

-Балалар, әр адамда, жануарларда, құстарда, жәңдіктерде, балықтарда үйі бар.(тақтаға көрсету)


-Қалай ойлайсыңдар жердің пішіні неге ұқсайды?

-Неге олай ойлайсыңдар?

«Зерттейік!» Тәжірибе жасау.

Бізде екі тұжырым бар:

  1. тұжырым - Жер тегіс.

  2. тұжырым – Жер шар тәрізді.

Алдымен ойыншық немесе қағаздан жасалған кемені партаның(тегіс жер) үстімен жүргізіп көремін

( Оқушылардың партаның бойымен қарағаны дұрыс).

-Кеме қозғалғанда, оны тұтас көруге болады ма?» (Тұтас)

-Кеме партаның шетіне жеткенде не болады?

(оқушылардың жауабы)

Енді сол кемені доптың (жердің) үстімен жүргіземін

Оқушылар алдымен кеменің жоғары жағы (төбесі) көрінгенін айтады.

Доппен кемені жүргізе берсек шыққан жеріне қайта оралады екен.

-Бұл ненің дәлелі деп ойлайсыңдар?

Бұл Жердің шар тәрізді екенінің дәлелі.


М ««Жер ғаламшарды не қоршайды?»

О:ғаламшардарларды, жұлдыздарды білу.
- Балалар, ғаламшарларды, жұлдыздарды жер ғаламшардан тек ғарышкер көре алады.

-Балалар, ғарышққа ғарышкер немен ұшады?

-Балалар, қазыр мен жұмбақты жасырам сендер шешіңдер.
Жұмбақ.

Аспанда бір алып құс, ызғып ұшып барады.

Қарап тұрсаң ғажайып, соңыңда із қалады.

(зымыран)

-Дұрыс балалар, ғарышқа ғарышкер зымыранмен ұшады.

Ал Қазақстандық ғарышкерлер кім?

Оқушылардың жауабы: Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев , Айдын Айымбетов


- Ал бәріміздің ортақ үйіміз,-Жер, Жер-ғаламшар. (жердің картасы)

.Басқаша жер ғаламшар осындай болады.Оны глобус деп атайды.(жердің макетің –глобусты көрсетеді)

-Балалар, жер ғаламшар қандай пішінге ұқсайды?(балалардың жауабы-дөнгелек)

-Балалар,біздің жер ғаламшар айналады.

-Балалар, қарандаршы жер ғаламшарда қандай түс көп? (балалардың жауабы-көк түс ) Неге, қалай ойлайсыңдар?

-Дұрыс балалар,біздің жер ғаламшарда су көп. Су көп болса, тіршілік болады-өсімдіктер жақсы өседі,адамдар, жануарлар өмір сүреді.

-Балалар, қарандаршы, біздің жер ғаламшарды ғажайып үлкен кіші аспан денелері қоршайды.Оны ғарыш денелері деп атайды, олар ғаламшарлар , жұлдыздар.
-Балалар шаршадық, демалайық.

Сергіту сәті.

Топтық жұмыс

1- Ші топ Зымыран макетін құрастыру

2- Ші топ Жер шарының суретін салу

3- Ші топ күн жүйесіндегі планеталарды салу

(Ж) Шарға ұқсас заттарды ата.

Бұл тапсырманы жұппен орындауды ұсынамын. Ол үшін шар пішінді бірнеше дөңгелектің кескіні салынған парақтарды таратып беремін. Оқушылар жұбымен ақылдаса отырып, дөңгелектерді қандай да бір заттың немесе нысанның суретіне айналдырады, яғни суретті аяқтайды. Мысалы, ол сағат немесе доптың суреті болуы мүмкін.



Бағалау. Бірін-бірі бағалайды.

Егер 5 дөңгелек салынса онда қоямыз

4 дөңгелек салынса-

3 дөңгелек- .

«Иә», «Жоқ», «Білмеймін» ойыны

Сыныптың үш бұрышына осы сөздер жазылған парақтарды орналастырамын.

Сұрақ қойғанда, осы сөздер жазылған бұрыштарға барып тұрады.


  • Жер ғаламшары шарға ұқсайды.( Иә)

  • Жер ғаламшары теп- тегіс. (Жоқ)

  • Жердің шеті бар. (Жоқ)

  • Тоқтар Аубакиров ғарышқа ұшты.(Иә)

  • Аспан мен жердің түйіскен жері көкжиек сызығы(Иә)

Бағалау: өзін- өзі бағалау.

(МК)Жер ғаламшары жайлы видео көрсету( 1.43)

Видеоматериалды тамашалап, мазмұнын талқылау.Оқушыларға сұрақтар қою.

-Балалар, Жер ғаламшары жайлы не білдіңдер?


презентация

Кеме, парта, үлкен шар.

Парақтар, қарапайым қарындаш

ермексаз, таяқша, қолшамы, ақ бет;


кітап немесе төртбұрыш қораптың беті,доп, ұсақ адамдардың фигуралары;

ойыншықтар

( доп, кітап, қалам, өшіргіш),

үстел шамы,

ақ бет.


фотосуреттер

парақтар


видео

Сабақтың соңы

3 мин

Рефлексия

Зымыран

- Егер сабақта бәрі түсінікті болса, қызыл зымыранмен ғарышқа ұшамын.

-Егер сабақ түсініксіз болса, онда жасыл зымыранмен ғарышқа ұшамын.

-Егер сізге көмек керек болса, онда сары зымыранмен ғарышқа ұшамын



Ғарыштың суреті, зымырандар.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Балаларға қалай көмектесесіз? Қабілетті балаларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс
Денсаулық пен қауіпсіздік сақтау шаралары
АКТ
Құндылықтар


Қабілеті жоғары оқушыларға тапсырма беріледі.

Оқушылар өздігінен «Суретті боя» тапсырмасын орындайды.


Оқушылар өздері өмір сүріп жатқан ғаламшардың

атауын біледі.

Оқушы жер ғаламшарының шарға ұқсайтынын

білуі бағаланады.



Өнер. Жер ғаламшарындағы құрлық пен сулы

жерлерді көрсете отырып, суретін салады.



Математика.Шардың физикалық қасиеті

қарастырылады. Геометриялық шар






Сабақты талдау қорытындысын осында жазыңыз. Өткізген сабағыңызға байланысты сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз




Қорытынды бағалау

Сабақтың ең ұтымды кезеңдері.


1:Топпен зерттеу жұмысын жасау

2: Рефлексия

Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі сәт


1: жер ғаламшары туралы видео, презентация



2: ойындар







Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы
2018 -> Сабақтың тақырыбы Салынған циклдер. Мақсаты Қайталау операторлары туралы білімнің кеңеюі
2018 -> Сабақ тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару Мерзімі
2018 -> Даулетиярова Зауре Ермаханқызы А. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тараз қаласы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет