Сабақ: №5 Сынып: 2 «А», «Ә», «Б», «Д», «К», Тақырып: Білім -өмір шырағы Құндылық: дұрыс әрекет
бет 1/2 Дата 09.10.2019 өлшемі 138,88 Kb. #49479 түрі Сабақ
Өзін-өзі тану сабақ жоспары Бекітемін:______________
Мерзімі: ________________________ Сабақ: № 5
Сынып: 2 «А», «Ә», «Б», «Д», «К»,
Тақырып: Білім –өмір шырағы
Құндылық: дұрыс әрекет
Қасиеттер: ізденпаздық , еңбекқорлық, жауапкершілік
Мұғалім: П.Кушкумбаева
Оқушылар саны:
Сабақтың мақсаты: Білімнің адам өмірінде маңыздылығын түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Сабақтың міндеттері:
Білім алуда ізденпаз болуға баулу:
Оқушыларды жауапкершілікке тәрбиелеу.
Ресурстар: оқулық, дәптер,
(аудио, видео жазбалар, плакатқа салынған сурет, кубик)
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу. Оқу құралдарына назар аудару.5 Т ережесі
ІІ. Тыныштық сәті
"Қайырлы таң"
Біз, тағы да өзіміздің кең және жарық сыныбымызда отырмыз. бұл жерде отыруларыңның құпиясын білемін. себебі, сендерге білім алу ұнайды. білім арқылы өзіңді , адамдарды, айнала қоршаған ортаны, ғарышты, әлемді танисыңдар , өз табыстарыңды, жетістіктеріңді көрсете аласыңдар, қоғамға қызмет етесіңдер. Бүгінгі сабағымызда білім , білімнің адам өмірінде мәні туралы әңгімелесеміз.
Сабақ барысын талдау
ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау
5-сабақ, 18- бет.Ел аузынан Қазына .
Сұрақ:
Бұқар жырау неліктен «Қазына білімдінің басында»
деп айтты?
Білімді адамда қандай қасиеттер болғанда
қазынаға айналады?
Өмірде біліміңді пайдаланып дұрыс жол тапқан
кездеріңді айтып беріңдер?
ІV. Дәйек сөз
Білім- өмір шырағы.
Халық даналығы
Ұлдар 2 рет, қыздар 2 рет
Барлығы қосылып 1 рет айтады.
Дәйексөзден түсінгеніміз.
V . Мұғалімнің сыйы
«Табанды бала» (Аңыз әңгіме)
Мәтінді оқушыларға таныстырамын.
Бала өз мақсатына қалай жетті?
Баланың ғалым болуына қандай қасиеттері көмектесті?
Қазақ халқының қандай ғұлама ғалымдарын білесіңдер?
Достарыңызбен бөлісу: