Жағымсыз әсерлері
тері бөртпесі, анафилактикалық реакциялар, бронхтың түйілуі, Квинке ісінуі
диарея, жүрек айнуы, құсу, эпигастрий тұсының ауыруы, тәбеттің төмендеуі; асқазан-ішектен қан кету («кофе қоюы» типті құсу, қара «қарамай секілді» нәжіс), бауыр жеткіліксіздігі
геморрагиялық синдром (мұрыннан қан кету, қызыл иектің қанағыштығы), қан ұю уақытының ұлғаюы, тромбоцитопения, анемия, лейкопения, қан кету уақытының ұзаруы
етеккір циклінің ұзаруы
Рейе/Рея синдромы (үдемелі энцефалопатия: жүрек айну және іркілусіз құсу, тыныс алудың бұзылуы, ұйқышылдық, құрысулар; бауырдың майлы инфильтрациясы, гипераммониемия, АСТ, АЛТ деңгейінің жоғарылауы)
интерстициальді нефрит, қандағы креатининнің жоғарылауымен және гиперкальциемиясы бар преренальді азотемия, жедел бүйрек жеткіліксіздігі, нефротикалық синдром
несеп шығару жүйесі жағынан болатын бұзылыстар (оксалатты, цистинді және/немесе уратты тастардың түзілуі)
ұйқы безі инсулярлық аппаратының бәсеңдеуі, глюкозурия, гликоген синтезінің бәсеңдеуі
Қандай да бір жағымсыз әсерлер пайда болған кезде, препарат қабылдауды тоқтатып, емдеуші дәрігерге хабарлау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |