Сабақ №5. Тақырыбы: Жүректің ишемиялық ауруы, миокард инфарктының алдын алуға және емдеуге дайындық. Кардиопротекторлар



бет6/18
Дата09.12.2021
өлшемі39,91 Kb.
#78587
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Болатов Арайбек LD-21 05.09.2020 Фармакология (3)

Фармакотерапиялық тобы

Жүрек ауруларын емдеуге арналған вазодилататорлар.

Органикалық нитраттар. Нитроглицерин.

АТХ коды C01D A02.

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Шырышты қабықтар бетінен жылдам және толықтай сіңеді. Сублингвальді қолданған кезде бірден жүйелі қан ағысына түседі, биожетімділігі - 100 %, қан плазмасындағы ең жоғарғы концентрациясы 5 минут өткенде байқалады. Қан ақуыздарымен байланысуы 60 % құрайды.

Қолданылуы

- стенокардия ұстамаларын басу және ұстамалардың алдын алу үшін

Жағымсыз әсерлері

ОЖЖ тарапынан: бұлыңғырланып көру, бас ауыруы, бас айналуы және әлсіздікті сезіну, үрейлену, психоздық реакциялар, мәңгіру, бағдардан жаңылу.

Жүрек-қан тамырлар жүйесі тарапынан: рефлекторлық тахикардия, тері жабындысының гиперемиясы, ысынуды сезіну, артериялық гипотензия, оның ішінде ортостатикалық коллапс, цианоз, бозару, метгемоглобинемия.

Ас қорыту жүйесі тарапынан: жүрек айнуы, құсу, ауыздың кеберсуі, іш ауыруы, диарея болуы мүмкін.

Иммундық жүйе тарапынан: аллергиялық реакциялар, оның ішінде тері

бөртпесі, қышыну; анафилактикалық шок.

Басқалары: қозғыштық, көрудің бұзылуы, глаукоманың асқынуы, гипотермия.

Кейде артериялық қысым күрт төмендегенде стенокардия симптомдарының (парадоксальді «нитраттық» реакциялар) күшеюі байқалуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет