23-сурет. Сиыр цепенінің гермафродитті бунағы:
1-жатын, 2-жұмыртқа безі, 3-сарыуыз безі, 4-Мелисс денешігі, 5-тұқымқабылдағыш, 6-қынап, 7-жыныс клоакасы, 8-тұқым бездері, 9-тұқым шашқыш канал, 10-шағылыс мүшесі, 11-зәр шығару каналы, 12-зәр шығару жүйесінің көлденең анастомозы, 13-нерв бағанасы.
Ең алдымен алынған сақинаның алдыңғы және артқы жағын ажырату керек. Оны жұмыртқа безінің әрбір сақинаның артқы бөліміне орналасатындығын ескеру арқылы тез табуға болады. Сақиналарды бойлай орналасқан және олардың арасын қосып тұратын зәр шығару жүйесінің каналдарын, оның сыртқы жағындағы нерв жүйесінің талшықтарын ажырату керек.
Сақинадағы жыныс мүшелерінің жеке бөлімдерін ажыратуда алдымен сақинаның төменгі бөліміне орналасқан екі бөлімнен тұратын жұмыртқа безін табу оңай болады. Әрбір жұмыртқа безі көптеген ұсақ түтікшелерден тұрады. Олардың ортасына сақинаны бойлап тік созылып жатқан түтік тәрізді жатын орналасқан (23-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |