Сабақ №6 Тақырып: Біртұтас халық жасағының ұйымдастырылуы Бөлім Қазақ-жоңғар соғыстары



Дата07.02.2022
өлшемі45,35 Kb.
#86238
түріСабақ
Байланысты:
6-сабақ. 7 сынып Қазтарих 1-тоқсан Айтуғанова-53


Құрастырған:

Айтуганова Лязат Кажибаевна «№53 мектеп гимназия» КММ-нің тарих пәнінің мұғалімі. Медеу ауданы .Алматы қаласы
Алматы қаласы Білім Басқармасының ҚББЖТҒӘО қолдауымен жасалды

Пәні: Қазақстан тарихы

Сынып:7

Тоқсан: І

Сабақ №6

Тақырып:

Біртұтас халық жасағының ұйымдастырылуы

Бөлім

Қазақ-жоңғар соғыстары

Ресурстар

Оқулық № 3-4 тақырып 17-19 бет оқу.

https://youtu.be/A6VjSsGE3m0

Оқу мақсаты

7.3.1.1. Қарақұм және Ордабасы құрылтайының халықты жоңғар басқыншылығына қарсы жұмылдырудағы рөліне баға беру

Терминдермен жұмыс

«Құрылтай» , «қолбасшы»

Сабақтың барысы:
Қысқаша конспект

Сыртқы жауларға қарсы тұру үшін қазақтарға ұлт болып күш-жігерін біріктіру өте қажет болды.1710 жылы Қарақұмда қазақ халқының беделді өкілдерінің қатысуымен құрылтай өткізілді. Бөгенбай батыр бастаған бүкілқазақтық жауынгерлік жасақ құру жөнінде шешім қабылданды. Әбілқайыр хан жоңғарларға тойтарыс беруді ұйымдастырушылардың бірі болды.
1723 жылы 20 мың қолмен Еділ бойындағы қалмақтарға қарсы бірнеше жеңісті жорық ұйымдастырды.1724 жылы Қазақ хандығының сол кездегі астанасы Түркістан қаласын тікелей шабуылмен азат етті.
Әбілқайыр хан бірлескен 50 мың жауынгері бар қазақ-қарақалпақ әскеріне басшылық етті. Өзін ұйымдастырушылық таланты, ірі әскери қолбасшы ретіндегі қабілеті, жеке өз басының қаһарман ерлігін айқын таныта білді.
1726 жылы Ордабасы тауында (Қазіргі Шымкент қаласының батыс жағында) Бүкілқазақтық құрылтай өткізілді. Хандар, үш жүздің сұлтандары, билері, батырлары қатысты.
Ордабасында адалдыққа ант берілді. Бүкілқазақтық әскери жасақтың қолбасшысы болып бір ауыздан Әбілқайыр хан сайланды. Құрылтай жиналысының шешімі әрбір ру өзінің жауынгерлік жасақтарын құрып , бұкілқазақтық үлкен жасаққа қосылуды қасиетті міндетіміз деп білді.

Сабақ барысында орындалатын тапсырмалар



1 тапсырма:
1710, 1726 жылдардағы ұйымдастырылған құрылтайларға салыстырмалы талдау жасау.

Салыстыру сұрақтары

Қарақұм

Ордабасы

Орналасқан жері





Қабылдаған шешімдері





Нәтижесі







2 тапсырма:
Құрылтайлар өткізудің қажеттілігі жайлы өз ойыңды жаз:_________
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


3 тапсырма: Хронологиялық диктант
1710 жылы--
1723 жылы--
1724 жылы--
1726 жылы--



Кері байланыс

1.Қазақтар садақты қалай қолданған?
2. Далалықтар өз отандастарына жаудың қаупі жайлы қалай ескерткен?


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет