Сабақ: №7 Мектеп: Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі



Дата20.02.2020
өлшемі39,39 Kb.
#58447
түріСабақ
Байланысты:
багдаршам

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

САБАҚ: №7

Мектеп: Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Тулегенов Максат Бекжигитулы

Сынып: 5

Қатысқан оқушылар саны: 20

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

7-бөлім: Көлік және жол белгілері

Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейіік!



Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

ӘТН1 Орфографиялық норма

Қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу



Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар орындай алады:

Қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын меңгереді.




Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Орфографиялық нормаға сай жазады.



Кейбір оқушылар орындай алады:

Емлелік ерекшеліктерді ажыратып, жазуда ескерілетін орындарын түсіндіре алады.



Бағалау критерийі

Емле, тыныс белгі ережелерін талапқа сай қолдана біледі.

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ




Диалог құруға, жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Менің ойымша, .....

Маған қиын болды.........

Мен орындай алдым .......



Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану

Алдыңғы оқу

Әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру дағдылары дамытылды.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөз

дер

Сабақтың басы

5 минут
Сабақтың ортасы

5 минут
10 минут

10 минут


5 минут

Қызығушылықты ояту

1.Арқаным бар тым ұзын,

Ала-алмайсың бір үзім.

Табыңдаршы, балалар,

Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол)

2.Өзі сөйлей білмейді,

Бірақ «Тоқта, жүр !» дейді. (Бағдаршам)
Жаңа сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаты хабарланады.

Топтық жұмыс.

Қызыл, сары, жасыл түстер арқылы сынып үш топқа бөлінеді.

Үш топқа бағдаршамға байланысты мәтін таратылып беріледі.

ДЖИГСО әдісімен топтар өз мәтіндерін келесі топтарға түсіндіреді.



«Қызыл»: Алғашқы бағдаршам теміржол бойында пайда болды. Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сақталмаған. Ал оны көше қозғалысына ыңғайлап, қайта жасаған ағылшынның инженер - механигі Д. Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты. Алдымен түрлі - түсті сигналдар қайыс берілістің көмегі арқылы өзгертіліп отырды. Сосын аппарат ортасына газды шам орнатылды.

«Сары» : Бағдаршам тек 1914 жылы Американың Кливленд қаласында, сосын Нью-Йорк, тағы басқа қалаларында қайта пайда болды. Бұл жолы олар электрлі болды. Тек екі түсті ғана, қызыл және жасыл. 1918 жылдан бастап қана үш түс қолдана басталды.

«Жасыл» : Кеңес Одағы бойынша алғаш рет бағдаршам Мәскеу қаласында 1924 жылы Кузнецк көпірі мен Петровка көшелерінің қиылысынан орын алды. Бағдаршамдағы түстер бекер таңдап алынбаған. Қызыл түс қауіп ұғымын білдіреді. Сосын бұл түс күндіз де, түнде де, тұман мен жауынды күні де жақсы көрінеді. Жасыл түс қызыл түстен айқын ажыратылады. Сары сигнал – негізі қызыл мен жасыл түстердің арасындағы айырым белгісі.

Жеке жұмыс

Тапсырма.

Роль – Бағдаршам

Аудитория – Балалар

Форма - хат

Тақырып – Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейіік!
Бағалау критерийі

1.Хат құрылымын сақтау.

2.Емле,тыныс белгі ережелерін ұстану.

3.Сөз саны: 20-25 сөз

Ж/Ж

Кері байланыс. «Менің ескертуім» Оқушылар критерий бойынша бір-бірінің жұмысын тексереді, комментарий жазады.

Жұмбақ

Мәтін

https://massaget.kz/layfstayl/bilim/zharatylystanu/1623/




Сабақтың соңы

5 минут


Рефлексия «Менің көңіл күйім»



Рефлексия парағы

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)


Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бағалау критерийі арқылы жұптық бағалау жүргізіледі.

Өзін-өзі тану пәнімен байланыстырылады.

Оқушы бойында ынтымақтастық, құрмет дағдылары қалыптасады.



Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?



Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет