15сабақ 7-сынып
Сабақтың тақырыбы: Қамзолдың иық тігістерін көктеу
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Оқушыларға қамзолдың иық тігістерін көктеу туралы білім, білік дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық: Иық тігістерін көктеуге деген қабілетін ұштай отырып, іскерлікке, икемділікке, шеберлікпен жаңаша мазмұнын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушылардың теориялық білімдерін, іс-жүзінде көрсете білуге, әдемілікке, ұқыптылыққа, әсемдікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сөздік, көрнекілік, практикалық, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Тақтамен жұмыс, жұмбақтар, таратпа материалдары.
Пән аралық байланыс: Тарих, сызу, бейнелеу өнері.
Сабақтың құрылымы:
Ұйымдастыру кезеңі-2 мин.
Өткен сабақты қайталау-5мин.
Жаңа сабақ-10мин.
Сарамандық жұмыс-17 мин.
Сабақты бекіту-5 мин.
Қорытындылау-3 мин.
Үйге тапсырма, бағалау-3 мин
Сабақ барысы:
Сәлеметсіздер ме, оқушылар? Отырыңыздар. Сыныпта бүгін кім кезекші? Сабақта кім жоқ? (Оқушыларды түгендеу).
Үйге қандай тапсырма берілді? Үйге берген тапсырмаларын сұрау, тексеру.
Оқушылар, бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: «Қамзолдың иық тігістерін көктеу». Сабағымыздың мақсаты: көктеу тігісі, көктеу тігісінің жолдары туралы түсінік беру.
Кез келген бұйымды тіккен кезде біз оған сәйкес матаның тігіс технологиясын пайдаланамыз.
Қол тігістерінің терминологиясына мынадай тігіс түрін қолданамыз:
Көктеу – бұйымды уақытша біріктіріп тұратын тігіс. Тігістің бір түрі.
Көктеп тігу- қалтаны негізгі бөлшекке жапсырып тігу.
Бүгіп көктеу- бұйымның етегін, жиектерін уақытша бүгіп тігу.
Қадау- сәнді әшекейді, ілгекті, түймені қадау.
Бүгін біз сіздермен, қамзолдың иық тігістерін көктейміз.
Сергіту сәті:
Достарыңызбен бөлісу: |