Ендеше біз бүгін қазақстандық жазушы М.Зверовтың «Суықторғай» әңгімесімен танысамыз.
(дәптерге күнді жазып тақырыпты жазу)
Максим Дмитреевич Зверов (1896-1996) Барнаул қаласында туған.Басты жазатын тақырыбы- табиғат құпияларымен көріністері. Бүкіл саналы ғұмырын Қазақстанда өткізген ол «Ақ марал», «Індер мен ұяларда», «Таулы шыңның қожасы», «Жаңа қоныста» сияқты көптеген әңгіме повестері арқылы қазақ оқырмандарына кеңінен таныс.
- Ал балалар суықторғай деген не? (Құс)
- Табиғаттың бір бөлігі көркі, сәні, бақшаның әні болатын осы құстар
-Ал құстардың қандай түрлерін білесіңдер?
Айта берсек құстардың түрлері өте көп. Қазақстанда құстардың 480 түрі бар екен.
-Ал енді осы құстардың пайдасы бар ма? Болса қандай?
-Олар ағаштағы, жердегі зиянды құрттарды жейді.
Құстар табиғатқа сән береді.Олардың сазды әуені табиғатты құлпыртып адамның көңіл-күйіне әсер етеді. Құстардың жылы жаққа ұшып кететіні, қыстап қалып қоятыны болады. Соның ішіндегі Суықторғай қыстап қалатын құстарға жатады. Біз осы қалып қоятын құстарға көмек жасауымыз керек. Ол үшін не істеу керек. (оқушылар пікірін тыңдау)
Максим Зверев «Саусағымды бір нәрсе шым
еткізіп тістеп алғандай болды» дейді. Ол не нәрсе екен? Әңгімені оқып көрейік.
Оқулықпен жұмыс.түсініп, іштей, тізбектей оқу.
Таныс емес сөздердің астын сызу
Сөздік жұмыс.
Бедері – ізі, белгісі.
Сергіту сәті.
Қыс қандай, тамаша!
Ақ ұлпа қар жауды
Ағаштар, бұталар,
Ақ қарға оранды.
Ой тастау.
Мәтін қандай үлгіде жазылған деп ойлайсың
(хабарлау ма, сипаттау ма, дәлелдеу ме)?
- Суықторғайды тауып алған кісі оны қайда алып келді?
- «Аш өзегіне түсіп кетпесін» деген сөздің мән-мағынасын қалай түсінесің?
- Суықторғайдың аянышты халі суреттелген тұсты тауып оқы.
2. Сызбаны толықтыр.
көздері қорқыныш тұнып тұр.
жүрегі тулап алақанына ап-анық сезілді
денесі қызғылт түсті, ұзын құйрық, салмақсыз нәрсе сияқты.
- Баланың орнында сен болсаң не істер едің?
- Торғайдың дәнді жеп болғаннан кейінгі әрекетін
сипатта. ( Рахаттанғаны сондай, ...). (Оқушыларды тыңдай отырып әңгіменің идеясын ашу)
Әңгіменің идеясы: Табиғатты сүюге. Ондағы аң-құстарға қамқорлық жасауға үйретіп отыр.
І топ. Қырандар тобы: Әңгіменің желісі бойынша суреттейді.
ІІ топ. Сұңқарлар тобы: Қыстап қалатын құстарды топтастыру. Құстарға қамқорлық көрсету туралы мақал-мәтелайтады.
ІІІ топ Лашын тобы «Құстар біздің досымыз» эссе жазу.
|