Пәнаралық байланыс арқылы ой өрісін кеңірек дамытады, өткен тақырыптарға шолу жасай отырып білімдерін нақтылап, қорытындылайды.
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсат
7.1.1.4
теоремаларды дәлелдеу әдістерін білу: тура дәлелдеу және «кері жору» әдістері
Сабақтың мақсаттары
Барлық оқушылар:
Тақырып бойынша ойларын айқын тұжырымдайды;Диалогтік оқытудағы жоғары және төменгі мәртебелі сұрақтарды қойып үйренеді
Оқушылардың басым бөлігі:
Өткен тақырыптарды қайталау арқылы оның маңызындылығын түсіне отырып, білімін, ой-өрісін дамытуға дағдыланады ;
Кейбір оқушылар:
Өз пікірлерін ашық айтады, әрі дәлелдей алады. Аксиома мен анықтаманың айырмашылығын біледі, теореманы дәлелдей алады
Тілдік мақсат
Негізгі сөздер мен тіркестер: Теорема аксима;
Сыныптағы диалог/ жазылым үшін тілдік бірліктер:
Талдауға арналған тармақтар: Теореманы мысалдар келтіру арқылы дәлелдеу.
Жазылым бойынша ұсыныстар: Есептер шығарады,
Ресурстар
"Геометрия" оқулық, жұмыс дәптері, интербелсенді тақта, плакат, стикер, маркерлер.
Алдыңғы білім
Теореманы дәлелдеу әдістері
Уақыт
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Керекті жабдықтар
Басы 10 мин
І. Ұйымдастыру. Оқушылар тақтаға жазған сандарын топтау арқылы топтарға бірігеді.
Әр оқушыға арналған жұмыс дәптерлері таратылып сол бойынша жұмыс жасайды, әр топқа А парағы және бағалау парағы ұсынылады.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. "
1 Фигра теңдігі деген не?
2 Аксиома деген не?
Ортасы
Теореманың шарты-оның берілгені.
Қорытынды-дәлелденуге тиісті қасиеттер.
Мысалы. Егер натурал санның жазылуындағы цифрлардың қосындысы 3-ке бөлінсе, онда ол санның өзі де 3-ке бөлінеді.
Мұндағы “Егер натурал санның жазылуындағы цифрлардың қосындысы 3-ке бөлінсе” –теореманың шарты, ал “онда ол санның өзі де 3-ке бөлінеді”-теореманың қорытындысы.
Теоремаларды дэлелдегенде оқушыларды дэлелдеу адісгеріне төселдіріп, оны есеп шығарғанда, басқа пэндерді оқыганда, ойлану үрдісіне пайдалануға үйрету мақсатын коідейміз. Олай болса, мүғалім оқушьшарға теоремаларды дшіслдеуді үйретуге көңіл бөлуі керек.
Кейбір теоремалардың оқылуынан немесе оны дэлелдеу үшін сызылған сызбадан оқушыларға теоремада дәлелденетін ой айқын көрініп түрған сияқганады да, олардың "Дәлелдемей-«К бслгілі ғой, иесін дәлелдейміз жэне осы дэлелдеудің керегі ие?" дейтіні болады. Мұндай жағдайда оқушыларға логикалық долслдеусіз ешбір түжырымға сенбеуді, әрбір тұжырым тек дәлелденгеннен соң ғана күшіне еніп, ғылыми дәрежеге жеістігін түсіндіру қажет.
Теореманың ішінде шарты және қорытындысы болады. ІІІартынан не берілгенін, ал қорытындысынан не дәлелдеу ксрек екенін білуге болады. Теорема "егер" деген сөзбен басталса, "онда" деген сөзге дейінгі - оның шарты, ал онда дсген сөзден аяғына дейінгі - қорытындысы. Бірақ кейбір георемалардың шарты мен қорытындысын оқушылар айыра алмайды. Мұндай жағдайда оқушыларға мүғалім көмектесіп үйретуі керек.
Мысалы: «Сыбайлас бұрыштардың қосындысын табыңыздар».Оқушылар транспортирмен бұрыштарды өлшеп, қосындысы 180 болатыньш табады да, «Сыбайлас бұрыштардың қосындысы 180 болады» деген теореманы өздері айтады. Бұл көрнекі-белсенділік әдістің бір жақсысы оқушылар өздігінен белсенді жұмыс істейді, есептер шығаруды үйренеді.
Сөйтіп, оқушыларды теоремамен таныстырғанда неғұрлым олар саналы және белсенді қатынасатын болса, соғұрлым теорема және оның ілгерідегі дәлелденуі оларға түсінікті болады. Теореманы түсіну және дәлелдеу процесінде дұрыс салынған сызбаның маңызы өте зор. Алайда, мұғалімдердің көпшілігі теореманы дәлелдеу процесінде сызбаны пайдаланғанда геореманың шартын қанағаттандыратын көптеген сызбалардың ішінен дербес біреуін ғана қарастырады да одан өзгеріп кетсе оқушылар дағдарысқа ұшырайды. Сондықтан теореманы дәлел-дегенде тек «стандарт» сызбаны пайдаланбай, теореманың мазмұнына сәйкес келетін сызбалардың әртүрлі болатынын әрдайым айтып отыру керек.
Кейбір теоремалардың сызбаларының түрлі варианттарын қозғалмалы көрнекі құралмен көрсетуге болады. Теоремаларды дәлелдегенде, оның сызбаларының әр түрлі варианттарын көрсетуге көп уақыт кетеді, бірақ өйткені мен мұғалім алғашқыда сызбаның сондай бірнеше вариантын көрсетіп, одан кейін көрсетпегенімен ауызша айтып, оқушылардың өздеріне тапсырып отырса, кейін теорема сызбасының әр түрлі варианттарын өздері іздейтін болады және сызбаның әр түрлі варианттарында да теореманы дәлелдей алатын болады.
Теореманы логикалық жолмен дәлелдеу.
Теореманы оқушылардың бұрыннан білетін материалдарына сүйеніп, оларды негізге ала отырып логикалық жолмен дәлелдейтініміз белгілі. Дәлелдеу процесінде қарастырылып отырған теорема мен өтілген теоремалар арасындағы логикалық байланысты көрсету үшін бір-екі теорема алып, олар "бұрынғы" қандай теоремалар арқылы дәлелденетінін схема сызып түсіидірген жөн.
Теореманы қарсы жорып дәлелдеу әдісі.
Қарсы жорып дәлелдеу әдісі математикада қолданылады, сондықтан оған VI сыныптан бастап үйрету керек. Бұл әдісті қолданып теорема дәлелдегенде оқушыларға мынандай қиыншылықтар кездеседі:
а)белгілі дәлелдерді пайдалана отырып тура жолмен дәлелдеуге үйренген оқушыларға, қарсы жорып дәлелдеу түсініксіз болады.
б) көзбе-көз дұрыс емес деп (әсіресе сызба теріс сызылғанда) ұйғарудың қандай қажеттігі бар екендігі де оқушыларға түсініксіз болады. Мысалы, бір түзуге жүргізілген екі перпендикуляр туралы теореманы дәлелдегенде бір мұғалім, сызба жөнінде еш нәрсе айтпай «бір түзуге жүргізілген екі перпендикуляр бір Р нүктесінде қиылысады екен дейік»,- деп тақтаға екі перпендикулярды Р нүктесінде қиылыстырып сызған. «Р нүктесінен түзуге неше перпендикуляр түсіріледі?» дегенде кей балалар "төртеу", кейбіреулері «Р нүктесінен бір де бір перпендикуляр түсірілген жоқ» деп жауап берген. Бұл сызбаның нені кескіндейтінін оқушылардың түсінбейтіндігі.
1-2 топ 1. Мына сөйлемдердің қайсысы аксиома, қайсысы теорема болатынын анықтаңдар: 1) кез келген екі нүкте арқылы бір ғана түзу жүргізуге болады; 2) шаршының диагоналдары тең болады; 3) шеңбердің центрінен басталатын сәуле оны бір нүктеде қиып өтеді; 4) бір түзудің бойында жататын үш нүктенің біреуі ғана қалған екеуінің арасында жатады
______________________________________________________________________
2. Шеңбердің центрі арқылы өтетін түзудің оның екі нүктеде қиятынын дәлелдеңдер.
______________________________________________________________________
3. “Егер екі бұрыштың бұрыштық өлшемдері тең болса, онда олар тең болады” тұжырымына кері тұжырым жасыңдар.
______________________________________________________________________
4. Егер бұрыш тік бұрыштан кіші болса, онда ол сүйір бұрыш болады. Бұл сөйлем теорема бола ма?
______________________________________________________________________
3-4 топ 1. Келесі тұжырымдаманың ішінен дұрыс берілген тұжырымдаманы анықтаңдар:
1) “Биссектрисcа-бұрышты қақ бөлетін сәуле”
2) “Егер сәуле биссектриcса болса, онда ол бұрышты қақ бөледі”
3) “Бұрыштың төбесінен шығатын сәуле бұрыштың биссектриcсасы деп аталады”
4) “Бұрыштың төбесінен шығып, оны қақ бөлетін сәулені оның биссектрисcасы деп атайды”
2. “Жазыңқы бұрыштың биссектрисcасы оны екі тік бұрышқа бөледі” деген тұжырымдаманы дәлелдеңдер.
Соңы
1. Кез келген кесінді сызыңдар. Циркульдің көмегімен оған тең кесінді өлшеп салыңдар.
2. Қағаздан қиып алынған ABCD шаршысын АС кесіндісі бойымен бөліңдер. Пайда болған үшбұрыштардың теңдігіне көз жеткізіңдер.
3. ABCD квадраты берілген. AB, BC, CD, DA, AC, BD кесінділерінің ішінен; Өзара тең болатын; Ортақ нүктесі болатын; Ортақ нүктелері болмайтын кесінділерді анықтаңдар. Сызбада көрсетіңдер.
4. AB=20м, AC=5м, BD=7,9м кесінділері берілген. Төмендегі жағдайлар үшін CD кесіндісінің ұзындығын табыңдар:
1.C мен D нүктелері AB кесіндісінде жатады.
2.С мен D нүктелері AB кесіндісіне тиісті емес.
3.C нүктесі ғана AB кесіндісіне тиісті.
4.D нүктесі ғана AB кесіндісіне тиісті.
Қорытынды.
Жұмыс дәптерінде берілген арнайы кесте арқылы кері байланыс орнатады.
Үйге тапсырма 1) Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері 2) №68, 73, 105, 86 есептерді аяқтап шығару
Бағалау. Сабақ барысында жиналған:
"5" - 31-38 балл
"4" - 24-30 балл
"3" - 18-23 балл
Рефлексия Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?
Бүгін оқушылар нені үйренді?
Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма?
Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?
Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)
1:
2:
Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?
1:
2:
Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?
1: