№1 В.И.Ленин атындағы орта мектеп
Аттестациядан өтетін мұғалімдердің онкүндігінде өткізілген
ашық сабақ
9 «А» сыныбы
Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті
пәні мұғалімі
Аққалиева Г.Е.
Атырау, 2016 ж.
Бекітемін:
Қазақ әдебиеті
Сынып: 9 «А»
|
Күні: 22.12.2016
|
Екінші санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аққалиева Гүлзинат Ерболатқызы
|
Сабақтың тақырыбы
|
Жиембет жыраудың толғаулары
|
Жалпы мақсаты
|
Жиембет жыраудың өмірі мен шығармашылығы туралы таныстыру, өздігінен мәліметтер жинауға дағдыландыру.
|
Оқу нәтижесі:
|
Жиембет жыраудың өмірі мен шығармашылығы туралы біледі.
Өздігінен ойлауы дамиды.
Ынтымақтастықта жұмыс жасай алады.
Кері байланыс болады.
|
Сабақтың жабдығы
|
Хабар тарату құралдары, маркер, түстер, слайдтар, смайликтер, ай, күн, жұлдыз, бейне таспа, сиқырлы қорапша, А3, бетше қағаздар, АКТ
|
Сабақтың сілтемесі
|
Bilimland, Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту, Торенгс тестёё(аяқталмаған сурет)
|
I.Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
|
Мұғалімнің іс- әрекеті
|
Оқушының іс- әрекеті
|
Ынтымақтастық атмосферасы
|
1.Амандасу.
2. Оқушылар бүгінгі сабақта сіздердің жақсы көңіл-күйлерін үшін сіздерге ризамын.
|
Оқушылар шаттық шеберін бірге қайталайды.
Оқушылар мұғалімнің ризашылығын жақсы қабылдайды.
|
Топқа бөлу
|
1. Топ басшыларын сайлау.
2.«Сиқырлы қорапша» арқылы 3 топқа бөлу.
Үмбетей тобы, Шалкиіз тобы; Жиембет тобы
|
Топ басшылары келіп, өз топтарын таңдай алады.
|
Үй тапсырмасын сұрау
Крестиктер-нөлдіктер
|
1.Үмбетей жыраудың толғауынан үзінді жаттап келу.
2.Сұрақтар:
1. «Жеті жарығы»
2 Жерұйықты іздеген аңыз кейіпкері (Асан қайғы)
3. Аңыздағы Жошы ханның баласының өлімін ескерткен аспап. (қобыз)
4. Ер Тарғын жырындағы данагөй қария. (сыпырау жырау)
5. Қай кейіпкер туралы айтылған?
Бет ажарын қарасаң,
Жазғы түскен соғымдай.
Ет ажарың қарасаң,
Арпа-бидай ақ ұндай. (Ақжүніс)
6. Шешендік сөздер мазмұнына қарай нешеге бөлінеді? (3)
7. «Бөгембай өліміне» атты толғауды қай жырау шығарған? (Үмбетей)
8. Үмбетей жырау толғауларында қай батырдың ерлігі басым жырланады? (Бөгембай)
9. Қазтуған жыраудың дара жаратылысын, өмір жолының көркем бейнесін танытатын толғауы қалай аталады? (Мадақ жыры)
|
Жауап береді.
ЕРЕЖЕСІ:
1-ші команда (нөлдіктер) кестеден сан таңдайды.
2. Мұғалім сол нөмірдегі сұрақты оқиды.
3. Жауап дұрыс болған жағдайда, 1-ші команда сол квадратқа крестик қояды.
4. Жауап дұрыс болмаған жағдайда, 2-ші команда (крестиктер) сұраққа жауап беруге және сол квадратқа крестик қоюға мүмкіндік алады.
Ай - 5, күн – 4, жұлдыз – 3
Оқушылардың сұрақтарға жауап бергендері үшін смайликтермен бағаланады.
|
Мотивация
Кластерлер
|
Есім ханның тұсында өмір сүрген қандай жырауды білесіңдер? (оқушылардың жауабы тыңдалады)
-Дұрыс, оқушылар! Олай болса, бүгінгі сабақтың тақырыбын тақтаға жазу.Бүгінгі жаңа тақырыбымыды мына бейне таспадан тыңдап көрейік.
\Доспамбет, Ақтамберді Бұқар жырау, Асан қайғы, Шалкиіз, Үмбетей, Жиембет\
|
Бұл тапсырманы оқушылар кластерлер бойынша толықтырады.
Топтан бір оқушы толтырылған кластерді оқып, жаңа тақырыптың атауын табады. Дәптерге жазады.
Оқушылар Жиембет туралы Білімланд тамашалап, Есм хан тұсындағы Жиембет
туралы мағұлмат алады.
Смайликтер
|
Мағынаны тану
1-тапсырма
Білімландтан 1,2, 3 тапсырмалар
|
Ортақ тапсырмалар беріледі:
Барлық топтарға 1,2, 3 тапсырмалар беріледі.
|
Топ мүшелері ақылдаса отырып, тапсырмаларды орындайды, ортаға шығып моноблок арқылы интербелсенді тақтадан орындап өздерін тексеріп отырады.
Жарайсыңдар!
Смайликтер
|
Операциялық кезең
«Телеграмма»
2-тапсырма
|
Қане, балалар! Сіздерге бір
жаңалығым бар. ХVII ғасыр облысы Жиембет ауылынан телеграммасынан сіздерге хат келді. Қане, балалар қарап көреміз бе?
Иә, бұл конвертте сіздерге
тапсырмалар берілген екен.
Ол үшін топ басшылары келіп
алуларыңыз керек.
Шалкиіз тобы
Үмбетей жырау мен Жиембет жырларындағы себепті фактілерді жазу. (Балық қаңқасы). Жиембет тобы
«Жиембет» сөзіне бес жолды өлең (синкуэйн) жазыңдар.
Үмбетей тобы
Р- Жиембет
А- ұрпақтары
Ф- хат (болашаққа аманат хат)
Т- «Аманатқа қылма қиянат»
|
Оқушылар телеграммада жазылған хатпен танысады. Әр топ өздеріне берілген тапсырмаларын орындап, бөлісіп, топтан спиктер қорғайды.
Шапалақ!
Ай - 5, күн – 4, жұлдыз - 3
|
Ой ұшқыры
|
«Білімланд» тест беріледі.
|
Әр топтағы оқушылар интербелсенді тақтадан көрсетілген тестлерге жауап беріп, өздері тексеріп отырады.
Смайликтер
|
Кері байланыс
|
Торенгс. Қисынды аяқталмаған суреттерді құрастыру. Бүгінгі сабақтан алған түйінді ой айтады.
|
Бұл әдіске әр оқушылар жеке қатысады. Өз қиялдарымен суреттер салып, суретке айт қойып, бүгінгі сабақтан алған әсерлері мен идеясын айтады.
|
Бағалау
|
Бағалау бетшелері арқылы топ мүшелері бір- бірін бағалау. Мұғалімнің жиынтық бағалауы.
|
Бағалауға қатысады.
|
Үйге тапсырма
|
Жиембеттің кез - келген толғауларынан үзінді жаттау.
|
Тапсырманы жазып алады
|
Неге қол жеткіздім?
|
|
|
Жиембет жырау 9-сынып рефлексивтік есебі
Әдебиет пәнінен 9 сыныпқа байланысты орта мерзімді жоспар құрдым. Орта мерзімді жоспар – бір тарауда қамтылған тізбектелген сабақтар топтамасынан тұрады. Орта мерзімді жоспардың тиімділігі бір тарауда қамтылған тақырыптарға алдын – ала мақсат – міндеттерді қоя отырып, сол мақсаттарға жету барысында бағдарламаның жеті модулін ықпалдастырғанда қандай нәтижеге жетуге болатынын жоспарлай аласың. Орта мерзімді жоспарға оқу бағдарламасына сәйкес то5ызыншы сыныптың әдебиет пәнінен «Жыраулар поэзиясындаы жыраудың бірі Жиембет жырау» тарауын таңдап алдым. Бұл тарауда тізбектелген сабақтар қамтылған. Сол тақырыптардың күнтізбелік жоспар бойынша сол уақыттағы төрт тақырыбын алдым. Атап айтсам, олар: «Шалкиіз жырау», «Ақтанберді жырау», «Үмбетей жырау» және «Жиембет жырау» тақырыптары болатын. Орта мерзімді жоспарымның мақсаты: Жырдың қаһармандық сипатта қамту, елжандылық мәндә ұғындыру, батфырларын адамгершілік тұлғасын үйрету, батырлардың адал жары мен жансерігі тұлпарлардың жырда алатын орны олардың суреттелу шеберлігін ұғындыру,терең меңгерту болды. Міндеті: тізбектелген сабақтар топтамасында жеті модульді ықпалдастара отырып, Жырдың мазмұнын ұғындыру, өз ойын еркін жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру, сөйлеу мәдениетін дамыту, оқушының тіл байлығын дамыту арқылы жыр мазмұнын өз бетінше талдап меңгере білу,іс-әрекет,ізденімпаздық дағдыларын қалыптастыру, ой мен тілді дамыту,сөздік қорын молайту болатын. Осы орта мерзімді жоспарда көрсетілген тізбектелген сабақтар топтамасында бағдарламаның жеті модулін ықпалдастыра отырып, оқушылардан күтетін нәтиже:жырдың негізгі тақырыбы мен идеясын толық меңгерген, өз ойын еркін жеткізе алатын, өзіне сенімді, пікір айта алатын жеке тұлға қалыптастыру болып табылады.
Орта мерзімді жоспарымды қайтадан пысықтай отырып, қысқа мерзімді сабақтар жоспарын құра алдым. Орта мерзімді жоспарымды алдын – ала құрып алуымның нәтижесінде қысқа мерзімді сабақтарымды еш қиындықсыз жоспарлай алдым. Себебі, орта мерзімді жоспарымда қысқа мерзімді төрт сабағымның мақсаты, міндеті, сол мақсатқа жетуде қолданылатын модульдер айқын көрініп тұрады. Осы арқылы орта мерзімді жоспарлаудың тиімді екеніне көзім жетті. Жалпы жеткізгенім «Bilimland» cайтымен жұмыс жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |