Сабақтың тақырыбы : Нысанбай жыраудың «Кенесары Наурызбай»



Дата12.11.2019
өлшемі22,55 Kb.
#51635
түріСабақ
Байланысты:
docx1539338218

Сабақтың тақырыбы: Нысанбай жыраудың «Кенесары – Наурызбай» дастаны

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: ұлт-азаттық қозғалыс жыршысы Нысанбай жыраудың дастанымен таныстыра отырып, дастандағы және тарихтағы Кенесары бейнесін түрлі көзқараста с арқылылыстыра отырып, сабақ мақсатына жету.

  2. Дамытушылық: ізденіс арқылы логикалық ойлау қабілетін, танымдық белсенділігін шыңдау, шешен сөйлеу дағдысын қалыптастыру, ғылыми еңбектер мен дерек көздерін зерделей отырып өз пікірлерін ортаға салуға үйрету.

  3. Тәрбиелік: Дастандағы батырлар бейнесі арқылы ұлтжандылық сезімін дамыту.



Сабақ жабдығы: интерактивті тақта, қосымша материалдар, сызба, слайд, бейнефильм.
Алдын ала берілген тапсырмалар:

1 - топ:

Тапсырмасы: «Кенесары –Наурызбай көтерілісі,Кенесарының тарихи бейнесі

2 – топ:

Тапсырмасы: Нысанбай кім? Қандай шығармалары бар?


Сабақтың барысы:

Ι. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Ой қозғау

Ұлт азаттық көтеріліс дегеніміз не? Тарихта қандай маңызы бар?

ІІ Үй тапсырмасы

Алдын ала берілген тапсырмалар:



І топ «Ізденушілер» («Кенесары –Наурызбай көтерілісі,Кенесарының тарихи бейнесі)

ІІ топ «Әдебиетшілер» (Жыраудың шығармашылығы)

ІІІ Жаңа сабақ.

Сабақтың айдары:

Бұқардан кейінгі аса ірі жорық жыршысы – Нысанбай жырау

(М.Әуезов)

Мұғалім сөзі:

Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов Нысанбай жырауды «Бұқардан кейінгі аса ірі жорық жыршысы» деп атаған. «Қайғылы оқиғаның қызығы мен қайғысының ортасында болған ақын дастанды шындыққа ғана құрып, кестелі тілмен суреттей жазған. Кенесары- Наурызбай жорығы туралы кейінгі талай ақын түрлі өлең шығарса да, дәл Нысанбай жеткен өріске жеткен емес», - деген болатын. (Мұхтар Әуезов «Әдебиет тарихы», 1927 жыл).

Өзінің талантымен Кенесарыны тәнті еткен Нысанбай жырау көтеріліске бастан-аяқ қатысып, көтеріліс 1847 жылы жеңіліс тапқанға дейін онымен бірге болды. Нысанбай – өзінің жырымен жауынгерлердің рухын көтерсе, ұрыс негізінде қолына найза алып, ұрысқа қатысқан жауынгер – жыршы.

Сұрақтар:


  1. Кенесары мен Наурызбайдың қазақ тарихындағы орны.

  2. Дастан неліктен «Кенесары - Наурызбай» деп аталды?

  3. Дастанның негізігі идеясы қандай?

  4. Басқа да қандай батырлар бейнесін көруге болады?

  5. Нысанбай жыраудың басқа туындылары халқымен қайта табысуы мүмкін бе?

Бұқар жырау Ортақ қасиеттерНысанбай






Оқулықпен жұмыс (Дастаннан алынған үзіндіге талдау)

І топ

Шығарманың компазициялық құрылысы. (Үзінді бойынша)



ІІ топ

Батырлар жырына ұқсастығын табу


ІV. Қорытындылау

«Нысанбай жырында оқушының көз алдында ағып отырған қандай қызулы, жанды шындық бар. Барлық сөзінде сол жорықтың қуанышы мен қайғысы кеше ғана көз алдынан өткізген, көзі көргеннің жаңалығы бар. Көп қолмен бірге кешегі тарыққан қайғы, мұң, арманы бар. Өзі – сол оқиғаның адамы.»

МұхтарӘуезов «Әдебиеттарихы», 1927 жыл.



Тапсырма: Осы сөздерді шығарманың оқиға желісімен дәлелдеп көр

V.Бағалау

VІ. Үйге тапсырма. «Бұл поэмамен Нысанбай XIX ғасырдағы қазақ ақындарының арасында төрден орын алады.».СәбитМұқанов «Кенесары, Наурызбай туралы» ,1991 жыл. Осы ойды негізге ала отырып,ойтолғау жаз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет