Сабақ. Адам ағзасы және оның денсаулығын сақтау 3 4



бет5/26
Дата08.02.2022
өлшемі2,17 Mb.
#118368
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
экология
Остеомиелит КЗ, «Браузер. Браузермен жұмыс істеу.», Тапсырма 1, Тапсырма 3
мұрын

құлақ

ті л

көз




12



Жұмбақтарды оқып, шешуін жаз.

  1. Көреді бәрін өзгенің,

Көрмейді бірақ өздерін. ( көз )


  1. Сырты орман,

Алды жазық құрлықты.
Араласаң,
Табасың жеті құдықты. ( бас )


  1. Таппайтын тағат,

Тығулы сағат. ( жүрек )


  1. Үңгір түбінде жалбырап,

Өсіп тұр жалғыз жапырақ. ( тіл )


  1. Отыз екі батыр,

Екіге бөлініп қамалып жатыр. ( тіс )



  1. Көрмеген ешкім дәмін татып,

Қара орман асты ұйыған қатық. ( адамның миы )

Заттың өзін емес, түсін айтып көр.

Нешінші рет қайталап айтқанда дұрыс орындай алдың?
С



уреттің дәл ортасындағы қара нүктеден көзіңді алмай басыңды алға және артқа қозғалт .

Нүктенің жан – жағындағы шеңбер айналып, қозғала бастайды.



13

8 – сабақ.


Тапқыр болсаң тауып көр.
Сабақтың түрі - сайыс сабағы.
Мақсаты: оқушылардың алған білімдерін тиянақтау, тексеру, танымдық қабілеттерін дамыту.
Сабақтың өтілу барысы: сабақтың сайыс түрінде өтетіндігін хабарлап айту.
Сайыстың шарты: сайыс 6 бөлімнен тұрады.
1 – бөлім. «Жылдамдат, бірақ қателеспе»
( барлық оқушыларға бір сұрақтан беріледі )

  1. Дененің тірегі.

  2. Ағзадағы қажетті, зиянды заттарды шығаратын мүше.

  3. Қанайналым мүшелерін ата.

  4. Адам денесін қандай сүйектер қозғалысқа келтіреді?

  5. Қай ағзада таза ауа қан құрамына өтеді?

  6. Иіс сезу мүшесін ата.

  7. Адам ағзасының әрекетін реттеп басқарып отыратын мүше.

  8. Денсаулықты сақтау және нығайтуды реттейтін ғылым.

  9. Адамға тамақ не үшін қажет?

  10. Ағзада неше сезім мүшесі бар?

2 – бөлім. Тест әдісі.

  1. Теріні тазартатын заттар қатарын көрсет:

А) тіс щеткасы, тіс пастасы, сағыз.
Ә) жөке, сабын, сүлгі, крем
Б) аяқ киім майы, аяқ киім щетка, желім


  1. Терінің екінші қабаты қалай аталады?

А) сыртқы қабат
Ә) негізгі тері
Б) тері асты майы


  1. Қай ағзада таза ауа қан құрамына өтеді?

А) мұрында
Ә) қолқада
Б) өкпеде


14



  1. Адамға тамақ не үшін қажет?

А) адам тамақпен қоректік заттар алады
Ә) адам тамақпен ағзаға қажетті оттегін алады
Б) адам тамақпен су және дәрумендер алады


  1. Денені қозғалысқа келтіретін мүше:

А) қаңқа
Ә) бұлшық ет
Б) дене сымбаты


  1. Терінің түсі неге байланысты болады?

А) пигментке ( бояуға )
Ә) күнге күю арқылы
Б) тұрып жатқан жеріңе байланысты


  1. Адам ағзаларының әрекетін реттеп, басқарып отыратын мүше:

А) қаңқа
Ә) жүрек
Б) ми


  1. Қай ағзада таза ауа қан құрамына өтеді?

А) мұрында
Ә) қолқада
Б) өкпеде


  1. Иіс сезу мүшесін ата.

А) тері
Ә) тіл
Б) мұрын
3-бөлім. Адам ағзасы және оның денсаулығын сақтау туралы эссе жазу.
4 – бөлім. «Кім көп ұпай жинайды?» пәндер бойынша ұпай жинау.
5-бөлім. Жұмбақтар шешейік!

  1. Екі ағайынды
    Екеуі де бір үйде,
    Бірін-бірі көрмейді. ( көз )



  1. Қос көмекшім – жарғақ,
    Бірге өзіммен әр уақ. ( құлақ )



15




  1. Сан түрлі дәмге мән беріп,
    Сөз сөйлеткен әнге еріп.
    Бір жапырақ қызыл ет,
    Атқарады үлкен қызмет. ( тіл )

6-бөлім. «Ақтық мәре»
1 минутта неше сұраққа жауап беретінін анықтау.

  1. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім?

  2. Қасиетті тағам.

  3. Үш кемеңгер би.

  4. Ұлттық аспап.

  5. Еңбек етсең ерінбей .................

  6. 1 ғасырда неше жыл бар?

  7. Қайың неше жыл өмір сүреді?

  8. Екі кісінің сөйлесуі.

  9. Мәтіннің түрлері.

  10. Құстың негізгі мекені.

  11. Киіз үй неше бөліктен тұрады?

  12. Қай құста мүлде ұя болмайды?

  13. Зергер деген кім?

  14. Ең құрметті, қасиетті адам.

  15. Ұлыстың ұлы күні жасалатын тағам.

Қорытынды. Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігіне қарай мадақтау.

9 – сабақ.


Қазақстан географиялық картада
Ғаламшар - жердің моделі. Ғаламшарда көгілдір бояумен суды, сарғыш. Жасыл, қоңыр бояулармен құрлықты кескіндейді. Ал жер бетін қағазға өте кішірейтіп салынған бейнесін географиялық карта дейді. Әрбір картаның өз масштабы болады. Картада көкжиек тұстарын оның сызықтарына қарап анықтауға болады.

К


16
арталар алуан түрлі болып келеді. Табиғат аймақтарын, пайдалы қазбаларын және климатын анықтауға болады. Арнаулы шартты белгілер арқылы картаны оқуға болады. Өте үлкен су кеңістігін мұхиттар дейміз. Жан- жағынан су қоршап жатқан құрлықтың үлкен бөлігін материктер деп атайды. Михиттың құрлыққа етене етене еніп жатқан бөлігін теңіз дейміз. Мұхит теңіздің тереңдігі артқан сайын соғұрлым бояуы қоюлана түседі. Мұхит пен теңіздің деңгейінен сәл жоғары жер бөлігін ойпаттар дейміз. Оларды физикалық картада жасыл түспен береді.
Есіңе сақта!

  • Картада ойпаттар мен жазықтарды жасыл бояумен бояйды.

  • Қыраттар - сарғыш түспен бояйды.

  • Тауларды - қоңыр түспен бояйды.

  • Шекара - жеке мемлекеттердің аумақтарын анықтайтын сызықтар.


Картамен жұмыс .
Қазақстан қай мемлекеттермен шектесетінін картаға қарап анықта.
( Ресей, Қытай, Түркменстан, Қырғызстан, Өзбекстан )

Сен білесің бе?
Мемлекеттердің астаналарын тауып белгіле.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет