1 - сурет – Жазықтық конустың табанын хорда бойымен, ал бүйір бетін екі жасаушы бойымен қиып өтеді. Қима – тең бүйірлі үшбұрыш
2 - сурет – Жазықтық конустың осі арқылы өтсе, онда қимада пайда болған үшбұрыш конустың осьтік қимасы деп аталады. Қима - үшбұрыш
3 - сурет – Конусыты оның осіне перендикуляр жазықтықпен қиюға болады. Бұл жағдайда қиюшы жазықтық табан жазықтығына параллель, ал конустың қимасы – дөңгелек
4 - сурет – Конустың жасаушысы арқылы өтетін, конуспен ортақ нүктелері жоқ жазықтық конусқа жанама жазықтық деп аталады.
Негізгі формулалар
Конустың бүйір бетінің ауданы оның табан шеңберінің ұзындығы мен жасаушысының көбейтіндісінің жартысына тең:
Анықтама: Тіктөртбұрышты оның бір қабырғасынан айналдырғанда алынған геометриялық денені тік цилиндр дейміз.
Егер цилиндрдің жасаушылары табандарына перпендикуляр, яғни цилиндрдің биіктігіне тең болса, онда цилиндр тік дөңгелек цилиндр деп аталады.
Егер цилиндрдің жасаушылары табандарына қандай да бір а бұрыш жасап көлбеген болса, онда цилиндрді көлбеу цилиндр деп аталады.
Негізгі формулалар
Анықтама: Жарты дөңгелекті оның диаметрінен айналдырғанда шыққан геометриялық дене шар деп аталады.
Негізгі формулалар
ІV. Жаңа сабақты бекіту
Есептер шығарту
№1 есеп
Конус__12______5'>Конустың жасаушысы 12 дм және табан жазықтығына 300 бұрышпен көлбеген. Конустың биіктігін табыңыз.
Sin300=H/L, 1/2= H/12 , H=6 , Жауабы: 6 (дм)
№2 есеп
Конустың биіктігі 20 см, табанының радиусы 15 см. Бүйір бетінің ауданын табыңыз.
Sк.б.б. =ПRL
L2= H2 + R2 = 400 + 225 = 625, L= 25см
Sк.б.б. =П* 15* 25 = 375 П см2, Жауабы: 375 П см2
№3 есеп
Конустың жасаушысы 5 см, табанының радиусы 4 см. Толық бетінің ауданын табыңыз.
Sк.тол.беті =ПRL + ПR2
Sк.б.б. =П * 4 *5 = 20 П,
Sтаб =П * 42= 16П
Sк.тол.беті = 20П + 16П = 36П Жауабы: 36П (см2)
№4 есеп
D=12 см Шешуі: Sт.б= 2ПRH + 2П R2
H= 3,5 см R = D/2 = 12/2 = 6см
т/к: Sт.б=? Sц.бб= 2ПRH=2П*6*3,5=42П (см2)
Sт=2П R2= 2П*62= 72П (см2)
Sт.б= 2ПRH + 2П R2= 42П + 72П = 114П см2
Жауабы: 114П см2
V. Бос ұяшықты толтыр
-
Фигура
|
R
|
Sтаб
|
L
|
h
|
Sб.б
|
Sт.б.
|
Конус
|
12
|
|
|
5
|
|
|
Цилиндр
|
|
225п
|
---
|
20
|
|
|
Шар(сфера)
|
5
|
----
|
---
|
----
|
----
|
|
-
Фигура
|
R
|
Sтаб
|
L
|
h
|
Sб.б
|
Sт.б.
|
Конус
|
12
|
144 п
|
13
|
5
|
60 п
|
204 п
|
Цилиндр
|
15
|
225 п
|
---
|
20
|
600 п
|
825 п
|
Шар(сфера)
|
5
|
-----
|
----
|
----
|
----
|
100п
|
VІ. Жаңа сабақты қорытындылау
Конус жыры
Клоунға бола аласың бас киім
Тіп – тік болып тұра аласың тас түйін
Бір катеттен айналғанда үшбұрыш
Конус болып қаланады басты үйің
VІІ. Үйге тапсырма.
1. §18 Айналу денелері: конус, шар, цилиндр
2. Оқулық бойынша №281, №282 114 бет
VІІІ. Бағалау.
ІХ. Сабақты қорыту.
Достарыңызбен бөлісу: |