Ашық сабақ
Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаев, Алатау өлеңі.
Сабақтың мақсаты :1)Өлең мазмұнын дұрыс түсіндіріп оқу, жүйелі
сөйлесе, өз ойларынан
қорытынды жасай білуге дағдыландыру.
2)Оқу мен жазу арқылы ойлау қабілеттерін, тіл белсенділігін,
Сөйлеу, жазу мәдениетін, логикалық ойлау дағдысын түйіндей,
сараптай білуге дамыту.
3)Ақынның ұлылығын, кемеңгерлілігін дәріптеп, елім,жерім деп
табиғатын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Слайд, суреттер, мақал-мәтел, топтастыру, сөзжұмбақ.
Сабақтың әдісі: Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясы, әңгімелеу, сұрақ-жауап.
I.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
II. Қонақтармен сәлемдесу.
Бүгін бізде ерекше сабақ өтпек, өйткені біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр. Ендеше бәріміз бірге қонақтармен сәлемдесейік.
Күлімдеп бүгін сіздермен,
Сәлемдесіп алайық.
Қош келіпсіз бүгін сіз,
Әдеппен сізге қарайық.
Жылы, жылы жүзбенен,
Жүрегімді сыйлайын.
Ыстық алақаныммен,
Көршіммен амандасайын. (отырады)
Ал енді балалар, өз сыныптас достарыңызға әдеттегідей қандай ортақ тілектер айтар едіндер?
Бірлік, ұйымшылдық, сәттілік, ынтымақтастық.
«Ынтымақсыз – іс бітпес»
Олай болса дос болып, татулықпен, бір-бірімізге бірлесе,көмектесіп сабағымызды бастаймыз.
Үй тапсырмасын тексеру:( сурет салу)
Балаларды түгендеу.
Жаңа сабақ
Ой толғау. Топтастыру стратегиясы.
- Сөзжұмбақ шешу
1
2
3
4
5
6
7
1. Үлкен- үлкен түйені, 2. Өсіп тұрған бұл не?
Тастапты атам шөгеріп. Жаз болса жайнап,
Өркеші бұлтқа тиеді, Саясында ән салып,
Бауыры жатыр көгеріп, құстар жүрген сайрап.
3.Сылдыр қағып, 4. Үлкен балық суда жүзген,
Таудан құлап, Таба алмас тұрақ жерден.
Жатыр ағып, 5.Жарқ етсе сабау қамшы,
Мөлдір .... Нөсерлетіп жауар тамшы.
6. Төгіліп жерге ақ моншақ, 7.Қанаты бар тышқан,
Ғайып болды сол шақта-ақ Жасырынып күндіз,
Қараңғыда ұшқан.
Ал енді табиғат тарауында табиғатқа не жататынын атап көрейін.
бұршақ
тау ағаш
бұлақ найзағай
кит жарғанат
Осы табиғаттың әсемдігін, көркем етіп суреттеген ұлы ақын жазушымыз Жамбыл Жабаев атамыз. (слайд Жамбыл Жабаев (1846-1945))
Жамбыл Жабаев
Қазіргі Жамбыл облысында халық ақыны «Ленинградтық өренім» т.б
туған өлеңдері бар
Оқушылардың Жамбыл Жабаев жөнінде жинаған мәліметтері: кезектесіп оқиды.
1) Екі ғасырдың куәсі атанған Ж.Жабаев 1846 жылы ақпанның 28-де Жамбыл тауының етегінде дүниеге келген.
2) Әкесі Жапа қарапайым мал бағатын кедей шопан болған.
3)12-13 жасынан бастап әкесінің інісінен домбыра үйренген. Кішкентай кезінен бастап ән айтып, домбыра тартуға құмар болған. Ұстазы Сүйінбайдан бата алған.
Енді осы ақын атамыздың бізге Алатау жайында жақсы өлеңімен сабағымызды ары қарай жалғастрыамыз.
(слайд «Алатау» -тауы)
Оқулықпен жұмыс.(мұғалім мәнерлеп оқу)
АЛАТАУ. Ж.Жабаев
Тізілген таулары бар Жетісудың,
Ішінде орман, тоғай біткен нудың.
Дариядай сол таулардан тулап тасып,
Көресің тамашасын аққан судың.
Есепсіз тау суреті көз жетпейтін,
Жырлауға қазынасы көп тіл жетпейтін.
Өрік пен алма, алмұрт, жемістер көп,
Бір татсаң, ауызыңнан дәм кетпейтін.
Қарлы тау басы биік мұнар кетпес,
Сырласып, бұлттарменен болған кептес.
Тұрлі аңдар мекен етіп, өніп- өсіп,
Жұреді бір-бірімен боп тілектес.
Арыстан, аю, қасқыр, түлкі, борсық,
Сілеусін, жолбарыстар түнде жортып.
Тулаған аққан бұлақ тасқынында
Асаудай ойнақ салар балық шоршып.
Өлеңнің мағнасын ашу.
(Оқушылармен дабдырлап оқыту әдісі)
Дәптермен жұмыс.
Ну - қалың
Мұнар - бұлыңғыр
Кептес - тілдесу, сөйлесу
Кесте толтыру: өлеңдегі ақын ойын және сөзін пайдаланып, толтыру.
Берілген сөз
|
Осы сөзге қатысты көркем сөз
|
Таудан аққан су
Таудағы жемістер:
Өрік,алма,алмұрт
Таудағы аңдар:
Арыстан, аю, қасқыр, түлкі, борсық,
Сілеусін, жолбарыстар
Тау суындағы жәндік:
балық
|
Дыбысы, қимылы:Дариядай тулап тасып.
Олардың дәмі
Ауызыңнан дәм кетпейді
Олардың қимыл-қозғалысы
мекен етіп, өніп- өсіп, түнде жортып
Оның қимылы: Асаудай ойнақ салар
|
Суретпен жұмыс:
- Суреттен не көріп тұрсыңдар?
- Тауда су қалай ағады?
- Тау етегінде қандай жеміс ағаштары өскен?
- Жемістің дәмі қандай?
- Таудан аққан бұлақта не кездеседі?
- Оның қимылы туралы не айтар едің?
Егер де табиат көрікті болса, онда біздің көңіл-күйіміз қандай болады? Осы көңіл-күйімен сабағымызды ары қарай табиға туралы мақал мәтелдермен жалғастырамыз.
-Жерге еккен жақслық жерде қалмайды.
-Құс қонбаған көл жетім,
Ел қонбаған жер жетім.
-Алтын тағынң болғанша,
Алақандай жерің болсын.
- Көктем гүлмен көркем.
-Көлдің көркі –құрақ,
Таудың көркі- бұлақ.
- Бүгінгі қар – ертеңгі нәр.
Сұрақ – жауап әдісі:
Тірі табиатқа не жатады?(өсімдік, жануар, адам)
Өлі табиғатқа не жатады?(жер,су,күн,жүлдыз,ауа)
Табиғат құбылытарына не жатады?(жел,жауын,қар,қырау, боран)
Сабақты қорыту:
Жамбыл Жабаев Алатауды қала суреттеді?
«Алатау» өлеңі не жайлы?
Табиғат адамға не береді?
Табиғатты қалай қорғаймыз?
-Сабағымды былай аяқтағым келеді. «Құс ұшуға, балық суда тіршілік етуге жаратылған, ал адам осы табиғат ортасында өмір сүріп, мәңгілік қарым-қатынас жасауға жаралған».
Үйге тапсырма: Берілген суретке тақырып ойлап, сурет бойынша әңгіме құрастыр.234бет және «Алатау» өлеңін жаттау.
Бағалау.
1. Шаттық шеңбері:
Оқушылар дөңгеленіп тұрады. Ортада ұстаз.
Иіліп сәлем бердік, Атқан күнге!
Иіліп сәлем бердік, Қонақтарға!
Иіліп сәлем бердік, Ұстаз сізге!
Иіліп сәлем бердік, Достар бірге!
-оқушыларды сабаққа педагогикалық-психологиялық тұрғыда дайындау жұмысы. Сабақтың мақсатын хабарлау.
2. Армандайық:
- Қанеки,барлығымыз дөңгеленіп отырайықшы, көзімізді жұмып, мұғалімнің мәтінін тыңдай отырып армандайықшы... Өзімізді табиғат қойнауында жүргендей елестетейікші...Музыка.
Мұғалім: Міне арайлап таң атты. Жарқырап күн нұрын шашып тұр. Күннің алтын шапағы бетімнен сүйіп алғандай болды. Жүгіріп барып терезені аштым. Үйде таудан соққан самал желдің иісі аңқиды. Көз ұшында мұнартқан, қар мен мұздың қоймасы іспеттес бұлттармен таласқан алып таудың, аспан таудың бейнесі көрінеді. Мен таза ауаны кеудемді толтыра жұтып, таудың етегінде аққан тау суына көз салдым. Тамылжыта сайраған құстар, тауды жаңғырықтырған жануарлар үні де ерекше естіліп тұр. Табиғат ана бар сыйын осы тауға сыйлағандай. Табиғат- тіршіліктің бесігі болса, Мына Аспантау сол тіршіліктің қоймасы тәрізді. Мен болсам сол табиғаттың ақылды перзентімін. Аспан тау болса, менің ардағым, осы тау етегіндегі мекен- менің мақтанышым дегім келеді.
3.Сабақтың кілтін табайық.
-Балалар, осы мәтінді тыңдап отырып, өздеріңді қайда жүрмін деп елестеттіңдер?
-Мына балаға ат қойыңдар.
-Самат терезені неге ашты?
-Күннің шапағы қандай болды?
Ол нені көрді ?
-Тауды неге теңейді?
-Неге Аспантау деп атайды?
-Таудың етегінен нені көрді?
-Нелердің үнін естіді?
-Адам табиғаттың кімі?
-Табиғат ненің бесігі?
Аспантау деп қай тауды айтып отыр?
-Алатаудың басында нелер жатыр?
-Алатаудың етегінде қандай қала орналасқан?
-Алатау Саматтың несі?
-Алматы ше?
-Алматы қай жылдан қай жылға дейін астанамыз болды?
- «Алатау–ардағым» деп сабақтың тақырыбын-кілтін шығарып аламыз да тақтаға ілеміз.
5.Топта жұмыс жасаймыз. -Оқушылар топ бойынша отырады. Топ жетекшілері сайланады.
6. Барлық білім – кітапта. Оқулықпен жұмыс. Жамбыл Жабаев.
- Балалар, біз бүгін Жамбыл атамыздың өлеңімен танысамыз.
Өлең « Алатау» деп аталады.
Мұғалімді тыңдаймыз.
1) Мұғалімнің автор туралы мәліметтер оқуынан басталады. Жамбыл Жабаев 1845 жылы туылған, 1945 жылы қайтыс болды. Ж.Жабаев ірі халық ақыны, айтыскер ақын , оны жыр алыбы Жамбыл ата атап кеткен. Жамбыл ата Қазіргі Жамбыл облысының Жамбыл тауының етегінде дүниеге келген.
Кестені де құрамыз.Мұғалімнің оқығаны б-ша әр топ кестені толтырып шығады және өздерінің қосымша ақпараттарын да қосады.
2) Хронологиялық кесте
Автор
|
Туған жылы
|
Туған жері
|
Қызметі
|
|
|
|
|
Жамбыл-жыр алыбы. Атақты Сүйінбай Аронұлынан бата алған айтыскер ақын екні ереше атап өтіледі.
Әр топ жұмысын тақтада салыстырады.
3) Өлеңді оқу
-Өлеңді мұғалімнің жатқа оқуы.
-Оқушылардың тізбектеп оқуы.
-Өлеңнің ұйқасын табу. Егіз ұйқас, шалыс ұйқас түрлері анықталады.
1-топ ө.1-шумағын талдайды
2-топ ө. 2-шумағын т-ды
3-топ ө. 3-шумағын т-ды
4-топ өлеңнің 4-шумағын талдайды
«Әсем сөз әлемі» Өлең құрастыру.
Алатау ---------р
Алатау ----------қ
Алатау ---------м
Алатау ---------- м
–шашылып жатқан сөздерден өлең құрайды. Тақтада 1-топ, 2-топ, 3-топ , 3-топ
мүшелері жұмыс жасайды. Орындарында барлық топ мүшелері 4-шумақты талдайды. Жұмыс бағаланып өтеді. Әр топ өз қалауы б-ша өлең құрауына да болады.
4) Өлеңнің мазмұнын ашу: Тақтада 3 оқушы жұмыс істейді.
Әр оқушы осы өлеңде кесдесетін,аңдар,өзен-көлдер, өсімдіктер
Атауын теріп алып кестелерді толтырады.
А)
Аңдар: Жетісу: Өсімдіктер:
топтар жұмыс істейді. Әр топ өз жұмысын қорғайды.
Ә) «Қазақстан таулары» деген тапсырманы орындау арқылы топ мүшелері Бектауата тауы туралы сөз қозғайды
5) Слайдшоу:
Бектауата тауы Балқаш қаласынан 60 км жерде орналасқан. Оны Әулиетау деп атайды. Оның табиғаты ерекше. Онда Сарықұлжа, Тасбақа, Үштіс сияқты қыраттар бар. Бектауата - мемлекеттік мақтанышымыз. Ол шағын қорық іспеттес. Онда «тау қойы-сарықұлжа» атанған арқар мекен етеді. Тау қыраны бүркітті де кездестіруге болады.
6) 1.Бектауата
2.Бүркіт
3.Сарықұлжа
4.Алатау
–шағын мәтін –акростих құрау тапсырылады.Алғашқы әріптер арқылы шығарма жазу.
Әр топ тапсырма таңдайды. Өз тапсырмасын орындайды. Топ спикерлері топ
мүшелерінің жарыс шығармасын тексеріп бағалап өтеді, әр оқушының сөйлеуіне мүмкіндік жасалады.
в) «Таразы»
Алатау –Қазағымның мақтанышы.;Бектауата-Балқаштың мақтанышы
Осы дәйек сөздің мағынасын ашуды, әр топ пікірталас түрінде өткізеді.
Үйден дайындап келген ақппаратты пайдалану көзделеді, осы таулардың ұқсастығын тақтаға жазу, айырмашылығын жазу, қорытындыны таразылау.
Ұқсастығы: Мақтанышы, жануарлары, құстары, өсімдіктері
Айырмашылығы: Биіктігінде, 1213м, 4000м
7) «Балғын суретші»
Сурет конкурсы. Музыкамен сурет салу , оны мәтінмен қорғау.
Алатау баурайында. Әр топ суретін 1-2 мин ішінде салып, көркем сөз түрінде қорғауы тиіс .
Диагностика жасайық
8. Қорытынды. Диагностикалық карта .
Ой тұжырым беріледі. Иә, жоқ деген пікір білдіреді.(- +)
1. Алатаудың басында үнемі қар жатады.
2. Сарықұлжа-арқардың бір түрі.
3. Алатаудың қары көктемде ериді.
4. Әулиетау – қасиетті жер.
5. Бүркіт тек қана тау құсы.
6. Алатаудың етегінде Алматы орналасқан
7. Алматы 1928 жылы астана болды.
8. Жамбыл ата-Жыр алыбы.
9. Биыл Балқашқа 73 жыл толады.
10. Іле – Балқаш көліне құймайды.
11Үштіс, Сарықұлжа –Алатау қыраттары
12. Жетісу жеті бұлақ ағатын жер.
13. Жетісу таулары-Талас Алатауы,Іле Алатауы, Жоңғар Алатауы.
14.Арыстан,аю,қасқыр,түлкі,борсық,сілеусін,жолбарыстар тауда да өмір сүреді.
15.Алатау бөктерінде жеміс ағаштары өспейді.
16.Таулар өзендер,аңдар ,құстар, адамдар тірі табиғатқа жатады.-деп қорытынды жасалады.
17. Жамбыл ата 1845 жылы туды.
18. Жамбыл - таудың атауы.
19. Жамбыл ата -1 ғасыр өмір сүрген дана ақын.
Диагностика қорытындысы б-ша «Жамбыл ата кім?» деген сұраққа жауапты оқушылар өз сөздерімен айтып өтеді.
8.Жүректен жүрекке шеңберін құру.
А) Табиғатты қорғау туралы пікірлерін білдіру.
Табиғат - ол алтын бесік
.
1 – топ “Алғырлар”. Таудан аққан су
дыбысы,қимылы
2 – топ “Тапқырлар”. Таудағы жемістер:олардың дәмі
3 – топ “Дарындылар”. Таудағы
аңдар:даусы,қимыл-қозғалысы
4 – топ “Жігерлілер”. Тау суындағы жәндік:
қимылы
Достарыңызбен бөлісу: |