Сабақ Қаныққан көмірсутектер. Алкандар. Циклоалкандар Күні



бет1/17
Дата26.12.2021
өлшемі210 Kb.
#105699
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
11 сынып Қмж Қоғ


Бекітемін: _________________________Кемалиева Б

Мектеп директорының оқу ісі меңгерушісі



Тақырыбы

8 сабақ

§6. Қаныққан көмірсутектер.Алкандар. Циклоалкандар  

Күні: 24.10.2018

Мусагалиева Д



Білімділік мақсаты:

дамытушылық:

 

 

 



тәрбиелік:

Оқушыларға алкандардың,  циклоалкандардың гомологтық қатары, изомериясы және номенклатурасы   туралы білімді толықтырып қалыптастыру; 

Изомерлердің формуласын құрастыру, алкандардың гомологтарын, қосылыстың құрылыс формуласы бойынша атын атау,аты бойынша құрылыс формуласын құрастыру,есеп шығара білу біліктілігі мен дағдыларын жетілдіру, көңіл аудару ,еске сақтау қабілеттерін дамыту;

сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.


Сабақ типі:

Аралас сабақ

Сабақ өткізілу түрі:

мұғалімнің түсіндіруі,жаттығулар орындау,фронталды сұрақтар; кесте құрастыру, есептер шығару 11-ЕТЖ-1 , 

Құралдар мен реактивтер:

Кітап,  дәптер, интерактивті тақта  11-ЕТЖ-1 ,  11-ТҚ-

Ұйымдастыру

кезеңі:


(Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)

  -сабақта  қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;

  -оқушыларды психологиялық дайындау.

Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың  жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету.



Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: 

Сабақтың  білімділік мақсаты:

-үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру ;

-білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді,тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау ;

-кеткен кемшіліктерді жою.

Айналым бойынша жаттығу тексеру.

2.Нашар үлгерушілермен жұмыс:  карточкамен  11-ТҚ-



Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:

1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын  айқындау.

Жаңа материалды оқып үйренудің  практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.Білімді жаңғырту.  (Актуализация )

Білімділік міндеттері: .

-оқушылардың  білім алуға деген    ынта-ықыласын жұмылдыру.

 -оқушыларды  білім алудың мақсаттарын анықтауға;

- оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі.

 2.Оқыту проблемалары

Алкандар.Гомологтық қатары.Изомериясы, номенклатурасы  

3.Білімді жаңғырту

1. Фронталды әңгімелесу: 

ОҚХҚТ негізгі қағидалары қандай?

Негізгі қағидаларын дәлелдеңдер.

Көміртек атомының электрондық құрылысы.

Көміртек атомының ядро заряды қандай?  Көміртек атомының ядро заряды 6 –ға тең



Жаңа сабақты түсіндіру кезеңдері:

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Білімділік міндеттері: 

Берілген материалды оқушылардың қабылдауын есте сақтауын қамтамасыз ету; 

- оқушылардың білімді қабылдауына,алған білімнен қорытынды шығаруға,жүйелеуге қажетті  түрлі әдіс –тәсілдерді үйрету;

- оқушылардың білімді қайта жаңғырту әдістерін қабылдауы;берілген оқу материалын өз бетінше ұғынуға ,түсініктерді ,заңдарды, анықтамаларды философиялық тұрғыдан түсінуге көмек жасау.                                               

1.Мұғалімнің түсіндіруі:

           Қарапайым қаныққан көмірсутек-метан адамдарға өте ерте кезден белгілі.Оны кен немесе батпақ газы деп атаған.Көміртек атомы гибридтелген күйде болады.Көміртекте бұрышы 109 28 минутқа тең , тетраэдр төбесіне бағытталған, 4 теңдей гибридтелген орбиталі бар. Метан молекуласының кеңістікте орналасуын көміртек атомының электрондық құрылысы анықтайды. С-Н  барлық   4 ковалентті байланыстары көміртек атомының орбиталі мен сутек атомы орбиталінің қаптасуы арқылы түзіледі.Барлық байланыс сигма –түріне жатады. Сутек атомының ядросының центрі тетраэдр төбесінде жатады

         Молекуладағы барлық  байланыс бірдей.Егер молекуладағы бір байланысты үзсе әрбір атом жұптаспаған электроны бар екі бөлшекке айналады:сутек атомы ,метил радикалы.Бұл гомолиттік айырылу. Ендіекі метил радикалын қосамыз.Метан гомологы –этан алынады.Бірақ құрамдары бірдей құрылыстары әртүлі заттар болады.Бұлар изомерлер Бутан изомері молекуласындағы атомдардың байланысу тәртібі әртүрлі Бұл құрылымдық изомерия.  «Біріншілік»,  «екіншілік»,  «үшіншілік»,  «төртіншілік»:

1       2       3     4       5

СН3-СН2-СН2-СН2-СН3

 

1,5 – Біріншілік атомдар, бір көміртек атомымен байланысқан;   2,3,4 – екіншілік көміртек атомы, көміртектің екі атомымен байланысқан, үшіншілік үш атомымен байланысқан, төртіншілік төрт атомымен байланысқан.



 

                    CH3          CH3         Біріншілік-1,6 радикалдардағы (барлығы-5)

    6     5      4     3        2      1        екіншілік-5,3

H3C- CH2-CH-CH2     C   CH3     үшіншілік- 4                    

                                                      төртіншілік-2

                                    CH3                                                                                                         

2. Алкандардың алынуы:

 Алкандарды алу әдістері:

 

өнеркәсіптік

лабораториялық

изомерлену

гидрлеу

Мұнай өнімде-рін

крекинг


Табиғи шикізат көздерінен бөлу

Вюрц реакциясы

алюминий  карбидін  гидролиз-деу

пиролиз

 

 

 

 

 

 

 

А). Мұнай мен серік газдардан,мұнайда сұйық алкандар,қатты алкандар мұнай және озекеритте болады.

 Б). Жай заттарды синтездеу - көміртекті гидрлеу.

 В). Лабораторияда натрий  ацетататынан    :

         СН3 СООNа +  NаОН--------СН4 +Nа2 СО3

 Г). Қаныққан көмірсутектердің галогентуындыларын металл натриймен әрекетестіру.Вюрц реакциясы

   2СН3 I  + 2 Nа-----------С2Н6+ 2NaI

      С Н4  + О2  -----СО2  +Н2О   +  880 кДж/ моль

Бұл реакция қай типке жатады? (экзотермиялық жарық, жылу бөле жүретін , алкандар жанғанда көп мөлшерде жылу бөлінеді,сондықтан отын ретінде қолданылады)

Б)  Химиялық тұрақты, қышқылдармен,сілтілермен,тотықтырғыштармен әрекеттеспейді.

В) Термиялық айырылу реакциясы,  температура 1000 С дейін.

    СН4   ------------ С+ 2Н2;

Егер температура 1000 С тан жоғары болса, онда мына  реакция жүреді:

    2СН4 ------------Н3С—СН3  +3Н2   (дегидрлеу реакциясы)

Изомерлену реакция: көмірсутектердегі байланыс үзіліп тізбекті көмірсутектер тармақталған көмірсутектерге айналады.

                                   400 С, AlCl3

СН3-СН2-СН2-СН2-СН3------------СН3-СН-СН2-СН3

                                                                СН3

Ашық тізбекті алкандардан басқа тұйық тізбекті алкандар да болады. Қаныққан көмірсутектердің тағы бір тобына циклоалкандар жатады Оларды циклоалкандар  немесе  циклопарафиндер деп атайды.

Циклобутан                                    циклопентан                        циклогексан   

 Жалпы формуласы:   Сn Н2n . n>3   Оларда қаныққан көмірсутектерден екі сутек атомы кем болады. Неге? Бес және алты мүшелі циклоалкандарды мұнайдан алғаш ашқан МосковаУниверситетінің профессоры В.В.Марковников. Сондықтан оларды  -нафтендер деп атайды. Циклоалкан  молекуласында көп жағдайда бүйір тізбегі болады.    

Метилциклопентан                                     этилциклогексан

 ==2) Циклопарафиндердің молекуласының құрылысы қаныққан көмірсутектерге ұқсас.   Әрбір көміртек атомы sp3гибридтелген күйде болады  С-С  және  С-Н атомдар арасында 4σ   -байланыс түзеді. Бұрышы неге байланысты болады?  Жай молекулада бұрыш тетраэдрліктен айырмашылығы болады,молекулада жоғары реакцияға қабілеттілік туғызады.Тұйықталған тізбекте С-С арасындағы байланыс еркін айналу мүмкін емес.   

==3)  Изомериясы және номенклатурасы.  Циклоалкандарға изомерленудің екі түрі тән. π

Құрылымдық

Кеңістіктік

А) Бұл изомерлену көміртек қаңқасына байланысты. Мысалы  :    циклдегі көміртек атомының санына байланысты. 

Б)  көмірсутек молекулаларындағы орынбасарлардың түрі мен олардың орнына байланысты:Мысалы: 1, 1-диметилциклобутан и  1,2 –циклобутан

В) Алкендермен класаралық изомериясы

циклобутан         бутен-1                  



А) Кейбір циклоалкандарда С-С   байланыстағы көміртек атомдары айнала алмайды.

Например:  молекула

1,2-диметилциклопропан,  екі  СН3   тобы тұйық тізбектің бір немесе екі жағында жатуы мүмкін:

 

Цис-изомер         транс-изомер



 

===5.Алынуы:

  А)  мұнайдан;

  Б) алкандардың дигалогентуындыларына металдармен әсер ету:

  В) циклогексан қатарындағы қосылыстарды көбінесе бензол қосылыстарын гидрлеу арқылы алады.

            Циклоалкандар – құрамындағы көміртек атомдары өзара дара байланыстар арқылы байланысқан, жалпы формуласы СnН2n болатын циклді қаныққан көмірсутектер.   Циклоалкандарды циклопарафиндер немесе нафтендер деп те атайды. Физикалық қасиеттері. Циклоалкандардың алғашқы екі мүшесі циклопропан мен циклобутан газдар, кейінгілері – сұйық заттар, жоғары циклоалкандар – қатты заттар. Циклоалкандардың қайнау және балқу температуралары сәйкес алкандар мен алкендерден жоғары. Алкандар сияқты бұларда суда ерімейді.

Химиялық қасиеттері. Циклоалкандардың тұрақтылығы мен химиялық қасиеттері көбінесе циклдегі көмірсутек атомдарының санына байланысты болады. Бұл көмірсутектердің ішіндегі химиялық ең тұрақтылары – құрамында бес және алты көміртек атомы бар циклоалкандар. Циклоалкандардың көміртек атомдары sp3гибридтенген күйде болады. 

Алкандардан айырмашылығы – циклоалкандар қосылу реакцияларына түсе алады.

Цикл ашылу арқылы жүретін реакциялар (қосылу реакциялары). Циклдегі көміртек атомдарының арасындағы байланыстар үзілген жерге басқа элемент атомдары (галогендер, сутек, т.б.) қосылады:

Циклоалкандардың жануы. Құрамы алкандар сияқты көміртек пен сутек атомдарынан тұратындықтан, циклоалкандар да жанады. Оттек жеткілікті болса, нәтижесінде, көміртек (IV) оксиді мен су түзіледі. Мысалы:

                   С6Н12 + О2  –>  6СО2 + 6Н2О + Q

Оттек жетіспесе, реакция нәтижесінде көміртек (II) оксиді немесе күйе түзіледі.


Жаңа сабақты қалай қабылдағанын

алғашқы тексеру кезеңі:



Білімділік мақсаты:

1.  - оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;

    -алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

    - кеткен кемшілікті жою жұмыстары; - 

  11-ЕТЖ-1жұмыс істеу. 88 бет.  №2.12,  2.14


Білімді қорытындылау және жүйелеу:   

-тапсырмаларды оқушылар өз бетінше орындайтындай дәрежеге жеткізу;

-оқушылар білімі мен сыныптың ерекшелігіне қарай отырып тапсырманың күрделілігін анықтау;

Жаттығуды тексеру.


Білімді тексеру және өз бетінше тексеру кезеңі: 

-оқушылардың өтілген материалды қаншалықты дұрыс  меңгергенін анықтау;

Оқушылардыңіс-әрекеті мен біліміндегі олқылықтарды анықтау.Кеткен олқылықтардың   себебін анықтау.

-оқушылардың өзін –өзі бағалау қабілеттерін дамытуға жағдай жасау.

Дәптерге жазғандарын тексеру



Үй тапсырмасын беру кезеңі:

 

 



 

Білімділік міндеттері:

-оқушыларға  үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету

1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар.

  параграф 6;  оқу;  № 3-6 жазбаша(36бет)

2.Дәптерге жазғандарын тексеру .


Сабақ қорытындысын шығару кезеңі.

- жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою.  

  Рефлексия кезеңі:

Білімділік міндеттері:

-оқушы мен мұғалім арасындағы дұрыс қарым қатынасты тудыру.

-оқушылардыңөзін өзі басқару және басқа адамдармен дұрыс қарым –қатынас принципін үйрету.

Бекітемін: _______________________________Кемалиева Б

Мектеп басшысының оқу ісі жөніндегі орынбасары



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет