5-тапсырма. Берілген бұрынғы өткен шақта тұрған сөйлемді болымсыз, сұраулы түрде жазыңыз. Үлгі: - Сенің досың екі жыл бұрын үйленген.
- Сенің досың екі жыл бұрын үйленбеген.
- Сенің досың екі жыл бұрын үйленген бе?
1. Мен биыл Алматыға келгенмін. 2. Сен жеті жасыңда бата бергенсің. Сіз қонаққа
дастарқан жайғансыз. 3. Алмастың бір жасында тұсауын кескен. 4. Сендер жеті жаста атқа
мінгенсіңдер. 5. Қазақтың кейбір дәстүрлерін ұмытқанмын. 6. Үлкен кішіге сәлем берген.
7. Балаға азан шақырып ат қойған. 8. Сіздер былтыр той жасағансыздар. 9. Олар сахнада
қазақ биін билеген. 10. Сәуле кеше көршісіне қонаққа барған.