Сабақ апта Лексикалық тақырып



Pdf көрінісі
бет7/11
Дата06.02.2022
өлшемі0,67 Mb.
#80506
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
1-АПТА (ӘУЛЕТ ДӘСТҮРІ)

 
8-тапсырма
Мәтінді түсініп оқыңыз.
 
 
 
ӘУЛЕТ ДӘСТҮРІ: ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ 
 
Әулет – отбасы ұрпақтарының жиынтығы. Әулет мүшелері 
өзінің жеті атасын білу 
арқылы туыстық қарым-қатынасты, әулет үлкендері бекітіп берген әулет дәстүрін қатаң 
сақтаған.
Қазақ халқының арнайы бала тәрбиесімен айналысатын қоғамдық орындары 
болмаған. Халқымыз әлімсақтан «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның 
тәрбиесімен тәрбиеле» деп айтып кеткен. Әулеттегі әрбір отбасы өз ұрпағын бесікте жатқан 
кезінен бастап-ақ, бесік жыры, батырлар жыры, ертегілер мен аңыздар, мақал-мәтелдер, 
нақыл сөздер, ырым-тиымдар тақпақ, санамақ арқылы тәрбиелеп отырған. Мұндағы ұрпақ 
тәрбиесінің негізгі түйіні - адамгершілік, имандылық, ақыл-ой, мінез-құлық, еңбек, дене, 
отбасы тәрбиесін дұрыс қалыптастыруды көздейді. 
Отбасы – әр адамның алтын ұясы. Отбасы ұлттық дәстүр, ұлттық тәрбие 
қалыптастыруда маңызды орын алады. «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» 
деген мақал бар. Сондықтан қазақ отбасында ұл-қыз тәрбиелеуге үлкен мән берген. 
Отбасында ұлға үйдің күрделі, ірі жұмыстарын үйреткен, ал қызға тамақ істеу, үйді таза 
ұстау дағдыларын қалыптастырған. Қазақта отбасы мүшелерінің әрқайсысының өз орны 
бар. Үлкен кісі және қыз бала төрде отырады. Үлкен кісі бата береді. Келін сәлем салады, 
төрге отырмайды, шәй құяды.
Бала кішкентай кезінен бастап отбасында салт-дәстүрді көріп өседі. Осы қасиетті 
бойына сіңіреді. Ең негізгісі, қазақ халқы жас ұрпақты сөйлеу мәдениетімен, өнегелі 
істерімен, табиғи болмысымен үлгі бола отырып тәрбиелеген. «Әкеге қарап, ұл өсер, 
Шешеге қарап, қыз өсер» деген мақал осыдан шыққан. 

Қазақ отбасында «Бір күн ұрыстың, Қырық күн қырсығы бар» деп үйде ұрыспаған, 


«Қарты бар үйдің – қазынасы бар» деп қарияларын құрметтеген, «Қыз – қонақ» деп қызды 
төрге отырғызған, «Қызым саған айтамын, келінім сен тыңда» деп келінге қатты 
сөйлемеген, «Балаңды бес жасқа дейін патшаңдай күт, Он бес жасқа дейін құлыңдай жұмса, 
Он бес жастан асқан соң досыңдай сырлас» деп бала тәрбиесіне аса мән берген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет